Күн тәртібі «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен үш тілде кіріктірілген сабақ



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі345,26 Kb.
#125820
түріСеминар
  1   2   3

«Талдыбұлақ» негізгі орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жаңартылған білім мазмұны – мектеп өмірінде» тақырыбы бойынша аймақтық әдіс алмасу семинарының хаттамасы
06.12.2017ж
Талдыбұлақ елді мекені Қатысқандар: 18
Күн тәртібі

  1. «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен үш тілде кіріктірілген сабақ.

  2. «Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы» тақырыбында мұғалімдермен коучинг сабақ.

  3. Жаңартылған білім мазмұнына сай іс-құжаттарды жүргізу жолдары.


Тыңдалды: Мектеп директоры Артықбаева Фарида сөз алып, келген қонақтарға семинарды ашып берді. Өз сөзінде мектебіміздегі болып отырған әдістемелік семинардың мақсатын айта келіп, әдіс алмасудың мұғалімдерге берері көп екенін атап өтті. Яғни, қазіргі мұғалім оқытудың жаңартылған мазмұнын жан-жақты меңгеріп, оқыту әдістерін оқып үйреніп, оларды өз жұмысында орынды қолдана білуі керек. Елбасымыз Н.А.Назарбаев айтқандай “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”. Сондықтан біз-ұстаздар ХХІ ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып, үздіксіз білімімізді көтеріп отыруымыз қажет.
«Адам байлығының ең тамашасы – білім
Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді» -деген Әбу-р-Райхан әл-Бирунидің сөзімен қорытындылай келе, бұл үрдіс осы әкімшілік мектептерінің арасында жалғасын тапса екен деген ұсынысын тастады.
Тыңдалды: мектеп директорының орынбасары Майлаш Гүлістан Жақсыбайқызы өз сөзінде әдіс алмасуға келген қонақтарға семинар мақсаты мен міндеттерін айта келе, халықаралық білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне енгізілген жаңартылған бағдарламаның нұсқаулығымен білім беру жүйесін жаңарту бойынша қолға алынып отырғандығын атап өтті. Осы нұсқаулық негізінде мектеп мұғалімдерінің жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануда атқарып жатқан жұмыстарын көруге шақырды.
Семинар барысында 7-сынып оқушыларымен қазақ тілі пәні мұғалімі Бейсебаева Гүлбахира мен орыс тілі және ағылшын тілдері пәні мұғалімі Саттарова Гүлбала үш тілде «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында кіріктірілген сабақ өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет