Педагогикалық іс тәжірибе өткізу жағдайы және ұйымдастырылуы
Мен Абатов Темирлан, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің
1-курс, 115-топ студенті 2022 жылдың 14 ақпан мен 5 наурыз аралығында Алматы қаласындағы 167 жалпы орта білім беретін мектепте педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Педагогикалық іс тәжірибеден өту үшін маған 3 және 6 сыныптар бөлінді. Мен тәжірибе барысында көптеген кәсіби тәжірибе жинадым. Нақтырақ айтқанда, мінезі әртүрлі балаларментіл табысып, сабырлы болуды үйрендім. Әртүрлі әдістердіколданып,сабақ өту барысында қосымша тәжірибе алдым.
Аталған педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімімді практика жүзінде тиімді әрі ұтымды колдануды жақсы меңгердім. Оқушылармен және мектеп ұжымындағы мұғалімдермен жұмыс менің
болашақ педагог ретіндегі тәжірибемді арттырды. Оқушылар алдында тәжірибе жүзінде мектеп бағдарламасы және сабақ кестесі бойынша сабак өту менің өз мамандығымадеген үлкен қызығушылықты одан әрі арттыра түсті.
Педагогикалық іс-тәжірибеден өтбестен бұрын «Жаңа типті орта мектептердегі шетел тілін оқыту әдістемесі» типтік бағдарламасымен таныс болдым.
Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, оларға талдау жасап, барлықоқу жоспар түрлерімен таныстым. Бекітілген сыныптар бойынша
оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыратын дидактикалық материалдар мен көрнекті инновациялық құралдар дайындау менің ізденісімді арта түсті.
Тәжірибе барысында ағылшын тілі пәнінен мұғалім бола алатыныма және балалармен жұмысжасай алатынымакөзімжетті.
Күні:
Қолы:
Достарыңызбен бөлісу: |