Күні:04/04/2022ж
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Құрастыру (конструктормен)
Тақырыбы: «Көпір» (қорытынды)
Мақсаты: Балаларға көліктер құрастыру арқылы қол-моторикаларын дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, әдемі және көркем құрастыруға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекілік:құрылыс материалдар, конструктор.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, жұмбақ жасыру.
Жаңа сөздер: «құрылыс»
I-Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру кезеңі.
Арайлап таң атты
Қайырлы таң балалар,
Алтын шапақ таратты
Қайырлы таң балалар.
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң балалар.
Балалар шаттық
шеңберіңде турып бір-бірімен күлімдеп амандасады, жылы тілектерін білдіреді. Жарты шеңберге отырып оқу іс-әрекеттке бейімдеулері. Тәрбиешіне мұқият тыңдаулары.