Күні: Сыныбы: Оқушы: 11 сынып. Геометрия (жмб) ІІІ тоқсанбойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Дата11.04.2023
өлшемі15,8 Kb.
#81435
Байланысты:
11-геом-тжб-3т


Күні: Сыныбы: Оқушы:
11 сынып. Геометрия (ЖМБ)
ІІІ тоқсанбойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

  1. нұсқа

1. Гипотенузасы 12,5 см және 6 см болатын биіктік осы гипотенузаға түсірілген тікбұрышты үшбұрыш гипотенузаны айналдыра айналу денесі шығады. (4)
a) есептің шарты бойынша сызбасын салыңдар.
b) айналу денесінің бетінің ауданын табыңдар.
2. Конус биіктігі 20, ал табанының радиусы 25-ке тең. Есептің шарты бойынша сызбасын салыңдар және конус төбесі арқылы өтетін және табанының центрінен 12-ге тең қашықтықта орналасқан қиманың ауданын табыңдар. (4)
3. Ромб диагональдары 15 см және 20 см. Шардың беті оның барлық қабырғаларын жанап өтеді. Шардың радиусы 10 см. (4)
a) Есептің шарты бойынша сызбасын салыңдар.
b) Шардың центрінен ромб жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңдар.
4.Қиық конустың табандарының радиустары 3 м және 6 м, биіктігі 4 м.
a) Есептің шарты бойынша сызбасын салыңдар
b) Жасаушысын табыңдар. (3)
5. Цилиндрдің биіктігі 6 см, табан радиусы 5 см. Есептің шарты бойынша сызбасын салыңдар және цилиндр осінен 4 см қашықтықта болатын параллель жүргізілген қиманың ауданын табыңдар. (5)

Күні: Сыныбы: Оқушы:


11 сынып. Геометрия (ЖМБ)
ІІІ тоқсанбойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

  1. нұсқа

1. Гипотенузасы 50 см және 24 см болатын биіктік осы гипотенузаға түсірілген тікбұрышты үшбұрыш гипотенузаны айналдыра айналу денесі шығады. (4)
a) есептің шарты бойынша сызбасын салыңдар.
b) айналу денесінің бетінің ауданын табыңдар.
2. Конус биіктігі 10, ал табанының радиусы 12,5-ке тең. Есептің шарты бойынша сызбасын салыңдар және конус төбесі арқылы өтетін және табанының центрінен 6-ға тең қашықтықта орналасқан қиманың ауданын табыңдар. (4)
3. Ромб диагональдары 30 см және 40 см. Шардың беті оның барлық қабырғаларын жанап өтеді. Шардың радиусы 20 см. (4)
a) Есептің шарты бойынша сызбасын салыңдар.
b) Шардың центрінен ромб жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңдар.
4.Қиық конустың табандарының радиустары 6 м және 12 м, биіктігі 8 м.
a) Есептің шарты бойынша сызбасын салыңдар
b) Жасаушысын табыңдар. (3)
5. Цилиндрдің биіктігі 8 см, табан радиусы 5 см. Цилиндрді жазықтықпен қиғанда пайда болған қима шаршы. Есептің шарты бойынша сызбасын салыңдар және қимадан оське дейінгі қашықтықты табыңдар. (5)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет