4. Сұ рақ тар ға жұп та сып жау ап бе рің дер.
1. Қа зақ стан би дай да қы лын қан дай ел дер ге экс порт тай ды?
2. Би дай да қы лы нан қан дай өнім дер шы ға ры ла ды?
5. Мә тінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қаты-
на сын ескере отырып, сұрақтар құрастырың дар.
Жібек жолын қайта жандандырып, қалпына келтіру
Қы тай мен Қазақстан үшін, сондай-ақ Орталық Азия мен
Шы ғыс Еу ро паның басқа елдері үшін де маңызды.
2008 жылы Женевада 19 елдің, оның ішінде Қазақстан,
Қытай, Ресей, Түркия мен Иранның министрлері Жібек
жо лының бір бөлігін қалпына келтіру бойынша көлемді
жоба қабылдады. Шамамен 7000 км-ге созылған Жаңа Жі бек
жолының жаһандық перспективасы тек ежелгі бағыттар ды
ғана емес, жаңа бағыттарды да қамтыған автокөлік жолы нан
және теміржолдан тұрады. Келешекте Қытайдан Еуропаға
дейінгі, Ресейден Оңтүстік Азия мен Түркияға дейінгі кон ти-
нент аралық жолды ашу жоспарланып отыр.
Жаңа Жібек жолын қалыптастыру Орталық Азия елдері
үшін ерекше маңызды. Географиялық тұрғыдан қарасақ,
Ор та лық Азия елдері материктің ортасында орналасқан,
мұ хит қа дейінгі ең жақын арақашықтық – 1700 км, бұл –
ха лықара лық сауда үшін негізгі табиғи тос қауыл. Жаңа
Жі бек жолы материк ортасындағы елдерді бір ша ма дамыған
Қытай және Еуропамен жан-жақты ық пал дас тық қа, сау-
да ның дамуына мүмкіндік туғызып, ай мақ тағы ке дей лік,
жұ мыс сыздық мәсе леле рін ше шу ге септігін тигі зе тін дігі
сөзсіз.
(А.Нұржановтың «Жібек жолы» мақаласынан)