Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2022-2023 ОҚу жылы


"Музыка" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады



бет3/25
Дата05.12.2022
өлшемі167,15 Kb.
#54910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Б отырысында аралды Мектеп гимназия

"Музыка" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:

  1. "Музыка тыңдау, талдау және орындау": музыкалық сауаттылық. Ұғымдар: ән, би, күй, марш, тыңдаушы, орындаушы, әнші, ақын, күйші, музыкант, композитор, оркестр, дирижер, халық музыкасы, композиторлық музыкасы, нота, нота сызызықтары, скрипка кілті, такт, такт сызығы, төрттік, сегіздік, әуен, жоғары, төмен, бір биіктіктегі әуен, ырғақ, екпін, регистр, динамика, аккомпанемент, әннің құрылымы: шұмақ, шұмақ-қайырма; музыканы тыңдау ережесі. Дирижерлық негізгі қимылдар: зейін, тыныс алу, әндетудің аяқталуы. Аспаптардың атаулары: фортепиано, скрипка, домбыра, асатаяқ, қоңырау, тұяқтас, дауылпаз, балаларға арналған шулы аспаптар: ксилофон, металлофон, барабан, үшбұрыш, маракастар, бубен; музыканы тыңдау және талқылау. Қоршаған ортадағы дыбыстарды тыңдау және тану (шулы және музыкалық). Музыканың сипатын талқылау: көңілді, мұңды, қуанышты, қайғылы. Музыкалық көркем құралдарды анықтау: регистр, екпін, динамика, әуеннің бағыты; аспаптарда ойнау және ән айту. Ән айту ережелері, ән салу тәсілдері: дұрыс тыныс алу, дикция, таза орындау. Әнді ән айту ережелеріне сәйкес орындау. Балаларға арналаған, тақырыптық, қазақ халық және әдет-ғұрып әндерін орындау. Әнді дирижерлық қимылдардың көмегімен, бір дауыста орындау. Ре, ля ноталары аралығындагы дыбыс көлеміне қарай карапайым әуендерді таза орындау. Қазақ ұлттық және балаларға арналған шулы музыкалық аспаптарда ойнау;

  2. "Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру": музыкалық шығарманың сипатын түрлі музыкалық-шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету: ән, би, сахналанған ән. Қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару: белгілі мәтінге, тыңдалған музыкаға ырғақтық суреттер;

  3. "Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау": меңгерілген білімдері мен дағдыларды музыкалық-шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету.

1–сыныпта «Музыка» оқу пәнінің базалық оқытуда білім алушылардың жеке және жалпы музыкалық қабілетіне және сабақ барысында үйренетін әннің мәтінінде кездесетін күрделі сөздердің дұрыс дыбысталуын қадағалау, әуенімен қосылып орындай білуі дағдысын қалыптастыру ұсынылады. Әсіресе, «қ, ғ, р, ұ, ү, ң, ө, ш, с» дыбыстарын дұрыс айтқызу ана тілінде таза, анық сөйлеуге, әнді дұрыс орындауға бағытталады. Қызықты ырғақтық жаттығулар жасату арқылы музыканың көңіл-күйін сезіндіру, нота сауаттылығының алғашқы сатысы до мажор гаммасын айтқызып, үйрету ұсынылады; жалпы музыкалық терминдер тереңдетіліп оқытылу талап етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет