Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Апталық жүктеме 1 сағат, жылдық жүктеме 34 сағат. 2018-2019 оқу жылына арналған



бет11/33
Дата27.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#129720
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Байланысты:
phpaP4piR enbek-3-s-kmzh.docx

Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.
1. Жағымды сезім неден көрінеді?
(Қандай қасиеттерді жақсы деп айтасың?)
2. Не нәрседен жиренесің?
3. Кітап жасау барысында қандай әсерлегіш құралдарды пайдалануға болады?
4. Суретшілер қарама-қарсылық заңын не үшін қолданады?
5. Мәтіннің мазмұнын ашатын суреттер қалай аталады?
6. Суретші-иллюстратор дегеніміз кім, ол не істейді?
7. Кітапқа не үшін сурет салатынын айта аласыңдар ма?
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
Қызықты сегізаяқтар
(Т) Су асты әлемін мекендеушілер туралы бейнематериал немесе суреттерді топта көруді ұсыныңыз.
• Су асты әлемін мекендейтіндердің пішінін сипаттап беріңіз;
• Су асты әлемін мекендейтіндер қалай қимылдайды және қандай дене бөліктері көмектеседі?
Оқушыларға су астын мекендейтіндердің моделін жасау туралы идеяларын талқылауды ұсыныңыз:
• көркемөнер/қолда бар материалдар;
• көлемді пішіндерді жасау тәсілдері;
• түстік шамманы таңдау;
• бөлек бөлшектердің біріктіру әдістері.
Оқушылар өз бетінше модельін орындайтын су астын мекендейтіндерді таңдап алады.
(К) (Ө) Жұмыс алдында оқушыларды түрлі материалдардан бөліктерді біріктірудің тәсілдерімен таныстырыңыз, күрделірек техника мен тәсілді таңдауды ұсыныңыз.
Қағаздарды бүгу, бөлшектерді желімдеу мен біріктіру. Қалай белгілеу, өлшеу, қию керектігін көрсетіңіз. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға назарларын аудартыңыз.
(Ж) (Қ)Сегізаяқтың қарапайым пішінін қалай жасау керектігін көрсетіңіз. Мысалы:
1. Қағаздан 12х10 см көлемде тікбұрыш қиып алыңыз.
2. Оны бүктеу сызығымен екіге бөліңіз.
3. Қағаздың төменгі жиек сызығымен сызғышпен 1 см белгі қойыңыз.
4. Осы белгіден бүктеу сызығына дейін сызғышпен жіңішке сызық сызыңызжәне жиек сызығының бойымен қайшымен бүктеу сызыққа дейін қиыңыз.
5. Қиып алған әр жолақты қарындаштың көмегімен түтікше етіп барлық жолақ қағаздан ширатыңыз.
6. Желімді қағаздың екі шетіне жағып, өзара біріктіріңіз.
7. Дайын пішіндіәсемдеңіз, қажетті бөліктермен толықтырыңыз.
Деңгейлеуретінде сегізаяқты жасаудың тағы бір тәсілін түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет