Көбіков Хамит Қожабергенұлы



бет1/6
Дата05.05.2023
өлшемі31,91 Kb.
#90186
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6

Колледж залындағы Тарихи экспозицияны таныстыру сценарийі
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бабалардан мирас болған киелі Жетісу жерінің Шығыс пен Батысын байланыстырған, Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан, жазиралы Жаркент өңірінің қасиетті білім ордасына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Колледж мерейтойы – бұл оқытушылар, қызметкерлер ұжымы, студенттер мен түлектер үшін ғана емес, аймақ жұртшылығы үшін де айтулы мереке. Қазақ әдебиетінің асқар шыңы М.Әуезов мерейтойға қатысты былай деген екен: «Олар халықтың рухын көтереді, халықты топтастырады, ұрпақтар байланысының үзілуіне мүмкіндік бермейді.» Патриоттық және рухани тәрбие беруді басшылыққа ала отырып студент жастарды ғасырға жуық тарихы бар білім ордасында қызмет атқарған ұстаздардың өмір тарихымен, осында білім алған танымал тұлғалармен таныстыру, жастардың бойында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеттерін қалыптастыру мақсатында Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласында айтылған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың еңбегімен тарихи экспозиция жұмысы жинақталды.

Көбіков Хамит Қожабергенұлы


1916 жылы 9 мамырда Алматы облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылында дүниеге келген. 1932 жылы Ленин комсомолының қатарына өтіп, педагогикалық училищенің алғашқы түлегі болған. Оқуын бітірген соң, Басқұншы ауылы округтық мектепте ұстаздық қызмет атқарған. 1942 жылдан бастап, соғыс аяқталғанға дейін майданда болған. Ол бастаған зеңбірекшілер тобы фашисттерді Сталинград түбінде, Днепр мен Одер жағалауларында, Берлин мен Прага көшелерінде талқандады.
Хамит Қожабергенұлы – ІІ-дәрежелі Отан соғысы және «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің кавалері. Сонымен қатар, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
1948-1949 жылдары Талдықорған облысы партия комитетінің нұсқаушысы, кейіннен Қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары, Қазақ КСР Мәдениет қызметкерлері республикалық кәсіподақ комитетінің хатшысы және төрағасы болып қызмет атқарған.
1973 жылдың 8 қаңтарында дүниеден озды. Батыр атамыздың құрметіне 1985 жылы туған ауылы – Сарыбелдегі орта мектепке есімі берілді. Қаламыздың көрікті бір көшесі Хамит Көбіковтың атымен аталады. Ержүрек бабамыздың ерлігіне бас иеміз!
Ендігі кезекте колледжіміздің тарихи экспозициясына назар аударайық!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет