Kодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus –«Қыпшақ тілінің сөздігі») — қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба.
Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.
Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з. д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар [1, 158-166-бб.] тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден – көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады. Себебі Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі мың жылға жуық тарихы бар қазақ әдебиетінің бүкіл елімізге ортақ дәуірлеу мәселесі қолға алынбаған еді. Бұл проблемаларға байланысты тоталитарлық жүйенің өзге ұлттардың тарихының даму процесін кеңестік тарихпен ғана байланыстырған біржақты ұстанымдарына қазіргі тәуелсіздік талаптары тұрғысынан батыл тойтарыс бере отырып, қазақ әдебиетінің көне заманнан бүгінгі күнге дейін дамуының өзіндік ерекшеліктерін есепке алу негізінде әдебиет дамуының кезеңдерін халықтың жалпы тарихи даму процесін дәуірлеуден бөлек алып қарауға болмайды. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет кезеңі VІ ғасырдан басталып, ХХ ғасырға дейін созылған ұзақ мерзімді қамтыды. Қазақ әдебиеті тарихының өткен дәуірлері де осы қоғамдық құрылыстың негізгі даму кезеңдері – қалыптасуы мен нығаюы, дамып өркендеуі, дағдарысы мен тоқырауы, қайта дамып күшеюі, ең соңында, құлап ыдырауы сияқты тарихи жолдарына сәйкес келеді және де осы қоғамдық даму процесінің ерекшеліктеріне толыққанды сипаттама жасайды. Түйін сөздер: тарих, ғасыр, қазақ, әдебиет, армян, мұра, қыпшақ, тіл, ескерткіш, шығарма, нұсқа, жәдігер, хикая.
Түркі тілдері тарихындағы ең алғашқы жазу сыртқы нұсқасына қарай «руникалық» немесе табылған жеріне қарай «Орхон-Енисей жазуы» деп аталатын жазу. Бұдан өзге көне түрік тайпалары соғды, ұйғыр, манихей, брахми, эстрангело, тохар жазуларын да білген.
Руна бұл дыбыстық жазу, оның курсиві жоқ, жеке таңбалар бір-бірімен байланыспай жазылады. Фонетикалық жағынан алғанда руна жазуы түркі тайпаларының тілінебарынша бейімделген,әрі оның дыбыстық ерекшелігін дәл бере алады. Руна әліпбиінде, аймақтық және хронологиялық нұсқаларын ескере алғанда, 40-тан аса таңба бар. Оқылуы оңнан солға қарай.
Түркі руна жазуының таралу аймағы – Сібірдегі Енисей, Лена өзендері аңғарлары, Монғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы. Руна тектес жазуы бар ескерткіштер хазар мемлекетінің территориясы Еділ, Дон өзендері бойы және Солтүстік Кавказдан да табылған. Алайда руна жазуының бұл батыстық нұсқасы ірі текстердің табылмауынан сыры ашылмай, құпия күйінде қалып келеді.
Руникалық жазу ескерткіштерінің таралу аумағының көлемі көне түріктердің сауаттылығы жайынан сөз қозғауға мүмкіндік береді. Зерттеушілер руникалық ескерткіштердің графикалық қорларына шолу жасай отырып, көне түріктер мекендеген аймақтарда жазу-сызу қолданылған (Д.Д.Васильев), Орхон-енисейлік түріктердің арасында сауаттылық кең жайылған (В.В.Бартольд), және еш бір «қоңғабыс, кезбе сауаттылардың» көмегінсіз жергілікті тұрғындар өздері жазған (С.Е.Малов), сондай-ақ руникалық эпиграфиялар тек ақсүйектерге ғана емес, қалың оқырманға арналған (С.В.Киселев), тіпті күнделі тұрмыстық бұйымдардың өзінде жазудың болуы тұрғындардың жоғары сауаттылығын айқындйды (А.Н.Бернштам) және көне түріктерде қоғамдық пікір өмір сүргендігін паш етеді (Л.Н.Гумилев) деген тұжырымға келіп отыр. Бұл ойды сол дәуірдегі құжаттық материалдарда дәлелдей түседі. Мысалы,ҮІ ғ. өмір сүрген византиялық тарихшы Менандр император Юстиниан ІІ-ге түрік елшілігін басқарып келген соғдылық Манах өз қоғамының атынан скиф жазуымен жазылған жолдау хат тапсырғанын баяндаса, ал ҮІІ ғ. Басында тағы бір византиялық автор феофилакт Симокатта император Маврикийге үзінді келтірді. Қытай жылнамаларыныда түріктердің кісі, жылқы және өзге де мал есебін алғанда алғаш тақтайларға жазып отырғандығы айтылады. Жазудың, жазба мәдениетінің көне түріктерге дейін де болғандығын б.з.д. 176 ж. Ғұндардың билеушісі Мөденің Қытай елінехат жолдағаны жайлы мәлімдейтін құжаттар және «Есік» қорғанынан табылған күміс тостағандағы жазу да көрсетіліп отыр. Б.з.дҮ ғ. жазылған сақ дәуірінен қалған күміс тостағандағы жазба мұра төңірегінде көп талас-тартыс жүргені рас. Дегенмен, осы сақ жазуының негізінде, әрі оның көне түрік руникалық таңбаларына ұқсастығына қарап, белгілі түріктанушы ғалым А.Аманжолов мынадай қорытынды жасады:
1.Түркі тілдес тайпалар бұдан 2500 жыл бұрын әліпбиі бар жазуды білген және кеңінен пайдаланылған:
Көне түрік руникалық жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы, яғни б.з.б. Ү ғ. Бастап б.з. Х ғ. дейін қолданылған төл жазуы.