Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



бет38/136
Дата07.01.2023
өлшемі305,85 Kb.
#60581
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   136
176 бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау
Салық органдары тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу, сақтау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде;
2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде жүргізіледі.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме мынадай мерзімдерде туындайды:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, сақтау, өткізу және (немесе) тиеп – жөнелту кезінде-тауарларды өткізу, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірмей;;
2) Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан-кедендік тазарту жүргізілген тауарларды өткізу, өткізу басталғаннан кешіктірмей;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде-тауарларды өткізу, өткізу және (немесе) тиеп – жөнелту басталғаннан кешіктірмей жүзеге асырады;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде автомобиль өткізу пунктінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет