509-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне арналған салықтық мөлшерлемелер
…
4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша осы Кодекстің 505, 506 және 507-баптарында және осы бапта белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері, 24-жолдарда көрсетілген мөлшерлемелерден басқа – Осы Кодекстің 505-бабы кестесінің 27-тармағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелері меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы қол қоюды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның ведомствосы берген күннен бастап он есеге ұлғаяды.
6. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мәліметтерді салық органдарына ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша жер салығын салық төлеушіге жер салығының есептелген сомасы туралы хабарлама жібере отырып, жер салығының белгіленген мөлшерлемелерін және жер учаскесінің алаңын негізге ала отырып, салық органдары есептейді.
Нақтылаушы түзету
Нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бабының 36-1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау функциясын беру және уәкілетті органның атауын тиісінше өзгерту бөлігінде.