Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша: «салық органына», «салық органдарына»


-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет14/38
Дата06.03.2017
өлшемі0.97 Mb.
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

17-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
      289-бап. Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің
                нормативтік мәндерін сақтамау және энергия
                тұтынудың нормативтерін асыру
      1. Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ескерту жасауға, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. 
 асыру – 
Энергия тұтынудың нормативтерін
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ескерту жасауға, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – құқық
бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден астам 
пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он бес пайызы
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын 
кезеңде бекітілген нормативтерден астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының бес, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз пайызы мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған кездегі нарықтық 
баға негізінде айқындалады.
      290-бап. Энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және
                беруді жүзеге асыру кезінде олардың тікелей
                ысырабына жол бермеу жөніндегі міндетті
                орындамау

      1. Энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және беруді жүзеге асыру кезінде жабдықтың, 
арматураның ақауы болуына, құбыржолдарды жылу сақтағышсыз пайдалануға немесе энергия тұтыну 
жабдығының жұмыс режимін сақтамауға байланысты олардың тікелей ысырабына жол бермеу жөніндегі 
міндетті орындамау –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      291-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алатын тиісті
                аспаптармен және жылу тұтынуды реттеудің
                автоматтандырылған жүйелерімен
                жарақтандырылмаған, энергетикалық ресурстарды
                тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау
      1. Энергетикалық ресурстарды есепке алатын тиісті аспаптармен және жылу тұтынуды 
реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған, энергетикалық ресурстарды тұтынатын
жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау –
      лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпелер.
      1. Осы бапта лауазымды адамдар деп объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған 
адамдарды түсіну керек. 
      2. Лауазымды адамдар жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен 
жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағат бойынша орташа тұтынуы кемінде 50 кВт-ты құрайтын
(жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен жабдықтау шығыстарын қоса 
алғанда) жаңа объектілерді пайдалануға беру жағдайларында, осы баптың бірінші және екінші 
бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға 
жатпайды.
      292-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
                субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық
                тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі
                міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды
                тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар
                мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия
                аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға
                дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы
                талапты бұзуы
      Ескерту. 292-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2015 
 Заңымен (алғашқы 
№ 279-V
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық тізілімге 
енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну 
көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті 
қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы 
талапты энергия аудитінен өткеннен кейін бес жыл ішінде бұзуы –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      
Ескерту. 292-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015 
№ 279-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      293-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
                субъектілерінің міндетті энергия аудитінен
                өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі
                келтіруі
      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден 
жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      294-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
                арттыру саласында өнімді сату және пайдалану
                жөніндегі шектеулерді бұзу
      Ескерту. 294-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2015 
 Заңымен (алғашқы 
№ 279-V
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және
одан да жоғары электр қыздыру шамдарын сату және пайдалану –
      жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және 
одан жоғары электр қыздыру шамдары тәркілене отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма,
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 
      жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және 
одан жоғары электр қыздыру шамдары тәркілене отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, 
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық 

есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамасында және 
этикеткаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамалары туралы ақпарат қамтылмаған 
энергия тұтынатын құрылғыларды сату және (немесе) пайдалану –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      
Ескерту. 294-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 
№ 279-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 
№ 376
-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
      295-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
                субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін
                құру, енгізу және оның жұмысын ұйымдастыру
                жөніндегі міндетті орындамауы
      Ескерту. 295-бап алып тасталды - ҚР 14.01.2015 
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
№ 279-V
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және
                энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында
                белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін,
                оқу орталықтарының қызмет тәртібін сақтамау
      Ескерту. 296-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2015 
 Заңымен (алғашқы 
№ 279-V
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы 
заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, оқу орталықтарының қызмет тәртібін 
сақтамау –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – 
      аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 
– он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2015 
№ 279-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
18-тарау. ӨНЕРКӘСІП, ЖЫЛУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

      297-бап. Жарылғыш материалдармен, радиоактивтi және өзге
                де экологиялық қауiптi заттармен жұмыс істеу
                кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу
      1. Осы Кодекстің 
 көзделген жағдайларды қоспағанда, 

416-бабында
жарылғыш материалдарды
пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және өзге де экологиялық 
қауiптi заттар мен өнеркәсiп салаларындағы және қадағалау органдарының бақылауындағы 
объектiлердегi қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге жарату, тасымалдау 
немесе өзге де жұмыстар істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу, егер осы әрекеттерде 
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға
– отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы Кодекстің 
 көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық материалдарды, 
416-бабында
радиоактивті заттарды, ядролық емес арнаулы материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қос 
мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, пайдаланудың, кәдеге жаратудың, 
тасымалдаудың немесе өзге де жұмыс істеудің белгiленген қағидаларын бұзу –
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      18-тарауды 297-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 14.01.2016 
№ 445-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
      298-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi
                қағидаларды бұзу
      1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не азаматтық қорғау саласындағы 
уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бақылауындағы 
объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi белгiленген талаптарды бұзу, егер бұл 
абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқпаса, –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға
– отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жүз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын 
әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу –
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қауіпті өндірістік объектідегі авария, оқыс оқиға фактісін жасыру –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      299-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердiң
                қауiпсiздiгi саласындағы аттестатталатын жұмыс
                түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан
                Республикасының заңнамасын бұзу
      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердiң қауiпсiздiгi саласындағы аттестатталатын 
жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша 
сараптама объектісінің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес 
ақпаратты қамтитын сараптама қорытындысын, оның ішінде жарылыс жұмыстары саласында беру;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қауіпті өндірістік объектілердің
өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу;
      3) қауіпті өндірістік объектілердің мамандарын, қызметкерлерін даярлаудың, қайта 
даярлаудың Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 
келмеуі;
      4) газ тұтыну жүйелерінің жарамды күйін қамтамасыз етпей оларға техникалық қызмет 
көрсетуді жүргізу;
      5) Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi (сәйкес 
еместiгi) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындыларын
беру, бөгеттердiң қауiпсiздiгi декларацияларын әзiрлеу түрінде жасалған бұзушылық – 
      аттестаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, 
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген 
бұзушылықтарды жоймау –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      300-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық
                пайдаланудың, электр станциялары мен жылу
                желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану
                кезіндегі қауіпсіздік техникасының,
                тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық
                пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу,
                сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген
                режимдерін бұзу
      Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін немесе қызмет көрсетушi персоналдың 
өмiрiне қауiп төндіретін жай-күйге әкеп соққан, электр станциялары мен желілерін техникалық 
пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану 
кезіндегі 
, тұтынушылардың электр қондырғыларын 
 
қауіпсіздік техникасының
техникалық пайдаланудың
бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) 
одан ажыратуға әкеп соққан энергия тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      301-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу

      1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік 
паспортын алу мерзімін бұзуы –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      302-бап. Электр желiлерiн бүлдiру
      1. Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және
суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi шағын станцияларды, бөлiп таратқыш 
құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру -
      жеке тұлғаларға – сегіз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Кернеуі 1000 вольттан асатын электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және
суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi шағын станцияларды, бөлiп таратқыш 
құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс 
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз 
етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет
-
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз 
етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет

      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      303-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия
                көздерін пайдалануды қолдау саласындағы
                заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы 
 актісінде белгіленген, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші 
заңнамалық
ұйымдар өндіретін электр, жылу энергиясын сатып алу міндетін орындамау және (немесе) тиісінше 
орындамау –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу желілеріне 
қосудың ең жақын нүктесін анықтаудың және оларды қосудың тәртібі мен мерзімдерін бұзу түрінде 

жасалған Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы 
 бұзу –
заңнамасын
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік шара қолданылғаннан 
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз 
елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
      304-бап. Жылу желілерін бүлдiру
      Жылу желілерін (құбыржолдар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу камераларын, 
сорғы станцияларын) бүлдiру, егер бұл іс-әрекет адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға 
зиян келтiрудiң нақты қатерiне әкеп соқпаса, –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      305-бап. Электр және жылу желілері жолдарының, газбен
                жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет
                аймақтарында жұмыстар жүргiзу
      Қарамағында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар 
ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр және жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері 
объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, 
ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль 
көлiгi алаңшаларын, тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды жинап қою, 
қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын 
шығарып тастау және төгу –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      306-бап. Газ пайдалану, газбен жабдықтау жүйелерінің
                объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі
                талаптарды бұзу
      1. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы 
 белгіленген, 
заңнамасында
тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын 
пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу –
      жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше қайта 
қосу -
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы 
 белгіленген, 
заңнамасында
тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын 
қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі 
талаптарды бұзу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет – 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      307-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын
                қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
      Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшiн көзделген резервтiк 
отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуге шаралар қолданбау немесе өнеркәсіптік 
және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерінің белгіленген резервтік
отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы -
      ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      308-бап. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын
                бүлдіру
      1. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау немесе аспаптарды заңсыз орнату, 
ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларын аварияға себеп болуы мүмкін өзге 
де бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу бес айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      309-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде
                аумақтарды бүлдiру
      Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп
тастау, қазылған жерлердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн 
ретке келтiруге шаралар қолданбау –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, 

орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет