Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша: «салық органына», «салық органдарына»


-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата13.02.2017
өлшемі0,98 Mb.
#4009
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

      385-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу
      1. Аңшылық шаруашылығын жүргізу 
:
қағидаларын
      1) аңшылық алқаптарда болуды заңсыз шектеу;
      2) аң аулаудың тыйым салынған түрлерін, тәсілдерін және мерзімдерін қолдану;
      3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығының су айдындарында 
жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде 
жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – 

      жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде үш және одан да көп рет қайталап жасалған әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық 
жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аңшылық шаруашылық жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады
.
      386-бап. Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау
                қағидаларын бұзу
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары 
белгiлейтін жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      387-бап. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш
                қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман
                соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес
                аумақтарды қоқыстау
      1. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары
мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      388-бап. Кеспеағаш аймағын әзірлеу тәртібі мен
                мерзімдерін бұзу
      1. Кеспеағаш аймағын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін бұзу -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      389-бап. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін,
                олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз

                иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау
                (ұстау)
      1. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын 
заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) –
      жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып, жеке 
тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу
, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып, жеке 
тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 
– бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру
                және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін
                бұзу
      1. Жануарлар дүниесін пайдалануға 
 тәртібін бұзу –
рұқсат беру
      лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Жыныс-жас құрамын (көрсетілген жағдайда) заңсыз алудан көрінген, жануарлар дүниесін 
пайдалануға берілген рұқсаттарды, жануарлар дүниесін мекендеу ортасынан алу мерзімдерін, 
болжамды алу учаскесінің аумағын және шекарасын, алу тәсілдерін (аулау, атып алу, жинау) бұзу, 
егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      391-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту,
                сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын
                жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу
      Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын 
жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      392-бап. Теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға кедергі
                жасайтын және зиян келтіретін етіп теңізде мұнай
                операцияларын жүзеге асыру
      1. Теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға кедергі жасайтын және зиян келтіретін етіп 
теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 

соғады.
      2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында пайдалы қазбалар кен орындарының 
бүлiнуiне әкеп соғуы, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруі мүмкiн, жанды 
ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруi не қызметтiң басқа да заңды түрлерiне 
кедергi жасауы мүмкiн, суасты кәбілдерiн немесе құбыржолдарын Қазақстан Республикасының 
аумағына өз бетімен шығару немесе оларды Қазақстан Республикасының континенттік қайраңына өз 
бетімен төсеу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары тәркiлене отырып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      393-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
                қайраңында теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу
                қағидаларын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi 
жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатында немесе халықаралық 
шарттарында көзделген теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын бұзу не Қазақстан 
Республикасының континенттiк қайраңында теңiзде ғылыми зерттеулердің бағдарламасын заңсыз 
өзгерту –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      394-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
                қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды
                көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және
                бөлшектеу қағидаларын бұзу
      1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген, Қазақстан 
Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де жүзетін құралдарды, ұшу 
аппараттарын, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да 
материалдарды көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және бөлшектеу қағидаларын пайдалы 
қазбалар кен орындарының бүлiнуiне әкеп соғуы, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян 
келтiруі, биологиялық ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруі немесе қызметтiң 
басқа да заңды түрлерiне кедергi жасауы мүмкiн бұзу –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – тоқсан, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      395-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын
                қорғау органдары лауазымды адамдарының заңды
                талаптарын орындамау
      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының
кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ осы лауазымды адамдардың өздерiне 
жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, оның iшiнде кеменi қарап-тексеруiне кедергi келтіру –
      жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 
      құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi 
тәркiлене отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      396-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
                қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі)
                және ішкі суларындағы минералдық және
                биологиялық ресурстарды заңсыз беру
      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі)
және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды шетелдіктерге, басқа мемлекеттің 
заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру –
      жеке тұлғаларға – заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының он, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi 
тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – заңсыз берiлген минералдық және биологиялық 
ресурстар құнының он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
      397-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу
      1. Мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы 
 талаптарын орындамау –
заңнаманың
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрiнеу анық емес 
экологиялық аудиторлық есеп жасауы –
      жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз алпыс, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Экологиялық аудит жүргiзу барысында тексерiлетін тұлғаның анық емес экологиялық 
аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан көрiнеу анық емес немесе толық емес ақпарат беруi –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығы лицензиясынан айыра отырып, жеке 
тұлғаларға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      398-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін
                бұза отырып таңбаланған уылдырығын не
                таңбаланбаған уылдырығын өткізу
      1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырығын не 
таңбаланбаған уылдырығын өткізу –
      таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін уылдырық 
тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – отыз бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін уылдырық 
тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз он бес, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз жиырма 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      399-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды
                орындайтын және қызметтер көрсететін жеке және
                заңды тұлғалардың анық емес деректерді ұсынуы
      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететін 
жеке және заңды тұлғалардың эмиссиялар нормативтерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 
іс-шараларды, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен олар бойынша есептерді әзірлеу 
кезінде анық емес деректерді ұсынуы –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс 
бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір 
жүз алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға ірі залал 
келтіруге әкеп соққан не үш реттен артық жасалған әрекеттерді жасау, егер бұл әрекеттерде 
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
      лицензиядан айыра отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз алпыс, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      
РҚАО-ның ескертпесі!
      22-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.11.2015 
№ 424-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
22-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ МЕН ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ, АСТЫҚ
НАРЫҒЫ МЕН АСТЫҚТЫ САҚТАУ, МАҚТА САЛАСЫ, ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ
МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ
ЖӘНЕ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК
ТАУАРЛАРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
      400-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині
                 саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарды 
және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді:
      1) карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарға 
сәйкес келмейтін, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
      2) экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатынсыз, 
карантинге жатқызылған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім партиясын Қазақстан 
Республикасының аумағына әкелу;
      3) қайта экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің қайта экспорттау 
фитосанитариялық сертификатынсыз, карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім 
партиясын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
      4) Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарын бұза отырып, Қазақстан 
Республикасының аумағы арқылы импорттық карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды жүзеге асыру;
      5) карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбау;
      6) карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма 
үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізбеу;
      7) отырғызылатын немесе тұқымдық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға 
дейін пайдалану;
      8) отырғызылатын немесе тұқымдық импорттық материалды зертханалық сараптама нәтижелері 
алынғанға дейін сақтау шарттарын сақтамау;
      9) Қазақстан Республикасының аумағына азық-түлік, жемшөп және техникалық мақсаттарда 
пайдалану үшін әкелінген дәндi, дәндi-бұршақтық, майлы дақылдарды тұқымдық мақсатта пайдалану;
      10) қалдықтарды міндетті түрде жоя отырып, карантинге жатқызылған импорттық өнімді, 
сондай-ақ карантиндік аймақтардан әкелінген карантинге жатқызылған өнімді тасымалдағаннан кейін 
көлік құралдарына тазартуды жүргізбеу;
      11) карантинге жатқызылған өнiмдi алып келе жатқан жолында немесе межелі пунктiнде 
уәкілетті органның рұқсатынсыз басқа мекенжайға жіберу;
      12) карантинге жатқызылған әкелінетін өнiмдi межелі пунктiнде қайталап карантиндік жете 
тексеру үшін ұсынбау;
      13) карантиндік арамшөптермен қоқысталған тұқымдық немесе отырғызылатын материалды егу 
үшін пайдалану;
      14) карантиндік объектілерден бос аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмнен 
карантиндік объектілер таралатын аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмдi сақтауды 
немесе тазартуды жүзеге асыру;
      15) қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, сақтауға, 
тасымалдауға және өткізуге байланысты егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды жүйелі түрде 
зерттеуді қамтамасыз етпеу; 
      16) карантинге жатқызылған өнімді карантиндік сертификатсыз облысаралық тасымалдауды 

жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық –
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын карантинге 
жатқызылған өнімді әкелу, мемлекетішілік тасымалдау кезінде және өткізу кезінде:
      1) Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ 
 залалданған көлік құралдарын әкелу;
карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен
      2) Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салуларды немесе 
оған шектеулерді бұзу;
      3) карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді өткізу;
      4) Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан шығарылған карантинге жатқызылған 
өнімді алып бара жатқан жолда басқа мекенжайға жіберу;
      5) ғылыми-зерттеу мақсатында әкелінетін кенелерді, нематодтарды және тірі жәндіктерді 
дәндi, дәндi-бұршақтық, жемшөп, майлы, техникалық дақылдармен және оларды қайта өңдеу 
өнімдерімен, мәуелермен, көкөністермен, жемістермен және картоппен, отырғызылатын немесе 
тұқымдық материалмен, тірі гүлдердің және құмырада өсетін өсімдіктердің кесінділерімен, сүрек, 
буып-түю және бекіту материалдарымен бір мезгілде тасымалдау;
      6) карантиндік объектілермен залалданған, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік 
фитосанитариялық аймақтан әкетуге тыйым салуларды немесе шектеулерді бұзу түрінде жасалған 
бұзушылық –
      карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, 
оны тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
      3. Карантиндік объектілердің таралуын есепке алуды уақтылы немесе тиісінше жүргізбеу не 
өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде өсімдіктер 
карантині бойынша шараларды уақтылы немесе тиісінше ұйымдастырмау –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
Ескерту. 400-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      401-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын
                бұзу
      1. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті 
 
паспорттарынсыз
өткізу -
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
 
 
 
Ескерту. 2-бөлік алып тасталды - ҚР 04.12.2015
№ 435-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
 
қолданысқа
енгізіледі).
      3. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық 

есебін жүргізу
астық 
 беру, олардың айналысы мен өтелуі қағидаларын:
қолхаттарын
      1) астық қабылдау кәсіпорындарына түсетін астықты тиісінше ресімдемеу;
      2) астықты тазартуды, кептіруді тиісінше ресімдемеу;
      3) астықты тиеп-жөнелтуді тиісінше ресімдемеу;
      4) астықтың сандық-сапалық есебі кітабын тиісінше жүргізбеу;
      5) астықтың есепке алынатын физикалық салмағын дұрыс айқындамау;

      6) астық қолхатын беру мерзімдерін сақтамау;
      7) астық қолхаты тізілімін дұрыс жүргізбеу;
      8) қойма куәлігі бойынша құқықтарды беру тәртібін бұзу;
      9) астық қолхатын өтеу мерзімін сақтамау;
      10) астық қолхаттарын сақтау мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылық –
      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Астық қабылдау кәсіпорнының, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 
 рұқсат 
Заңында
етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер 
көрсетуге қатысы жоқ қызметті жүзеге асыруы, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша 
кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      5. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сан мен сапа көрсеткіштері құжаттамамен 
расталған жағдайда оларды ұдайы (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет)
бұрмалауы -
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      6. Негізгі құралдарсыз астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер 
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмай қалатын не едәуір нашарлап кететін 
негізгі құралдарды астық қабылдау кәсіпорынының иеліктен шығаруы –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың төртінші, 
бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан 
бұзушылықтарды жоймау –
      лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
 
 
 
Ескерту. 8-бөлік алып тасталды - ҚР 04.12.2015
№ 435-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
 
қолданысқа
енгізіледі).
      
 
 
 
Ескерту. 9-бөлік алып тасталды - ҚР 04.12.2015
№ 435-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
 
қолданысқа
енгізіледі).
      10. Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару кезеңінде уақытша басқару жөніндегі 
комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының астық туралы 
 бұзуы –
заңнамасын
      жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 
– бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      11. Астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың сандық және 
сапалық жағынан сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтамауы, астық иесінің астық 
сынамасын белгіленген тәртіппен іріктеп алуды қамтамасыз етпеуі –
      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
      
 
 
 
Ескерту. 401-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.12.2015
№ 435-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
 
қолданысқа
енгізіледі).
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      402-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.11.2015 
№ 424-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).

      402-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк
                қызметтi жүзеге асыру және қызметтер көрсету
                кезiндегi бұзушылықтар
      1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы 
 бұза отырып, 
заңнамасын
тұқымдарды өндiру, өткiзу, сақтау, тасымалдау және пайдалану жөнiндегi қызметтi:
      1) карантиндік объектілермен залалданған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын егу (
отырғызу) үшін пайдалану;
      2) егер тұқым мемлекеттік сорттық сынаудан өтпеген сортқа жататын болса, ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің тұқымдарын егу (отырғызу) үшін пайдалану;
      3) егер тұқым Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген, Селекциялық 
жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлмеген немесе Қазақстан Республикасында 
перспективасы жоқ деп танылған сортқа жататын болса, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын
егу (отырғызу) үшін пайдалану;
      4) аттестатталған элиталық тұқым өсiру және тұқым өсiру шаруашылықтарында сорттық және 
егу сапалары бойынша сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін пайдалану;
      5) тұқымдардың егу сапасы бойынша сараптамадан өтпеген тұқымдарды егу (отырғызу) үшін 
пайдалану;
      6) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін
өткізу және пайдалану;
      7) сорт жаңартуды және сорт ауыстыруды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
      8) элиталық тұқымдарды одан әрі өткізу мақсатында олардың өндірісін қамтамасыз ету үшін 
сорттардың бірегей тұқымдарын және будандардың аталық нысандарын сатып алмау;
      9) өз мұқтаждарына өткізілген және пайдаланылған тұқымдарды сандық, шығу тегі бойынша 
есепке алуды, олардың сорттық және егу сапасын есепке алуды жүргізбеу;
      10) өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сақтандыру және өтпелі
қорларын жасау түрінде жүзеге асыру –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін сынамалауды жүргізу жөнінде 
қызметтер көрсететін сынамалаушылардың, тұқым сарапшыларының және аттестатталған заңды 
тұлғалардың тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын сараптауды бұзуы –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ сынамалаушылар мен тұқым 
сарапшыларының тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бұзуы –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз 
бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға, аттестатталған 
тұлғаларға субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын 
куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.
      5. Тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттауды, қайта аттестаттауды уақтылы жүргізбеу –
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
Ескерту. 402-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).

      403-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау
                туралы заңнамасын бұзу
      1. 
 ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау –
Фитосанитариялық есептiлiктi
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен 
фитосанитариялық iс-шараларды зиянды организмдердің саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен 
жоғары болатындай олардың дамуы мен таралуына әкеп соққан жүргiзбеу – 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Мынадай:
      1) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру үшін арнаулы 
сақтау орындарының (көмінділердің) болмауы;
      2) пестицидтерді (улы химикаттарды) берушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) 
әзірлеген және ұсынатын, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың 
ыдыстарын залалсыздандыру әдістері мен технологияларының болмауы;
      3) қауіптілігі бірінші сыныпты, мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз болып 
қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) герметикалығын қамтамасыз етпейтін және қоршаған 
ортаның пестицидтермен (улы химикаттармен) ластану мүмкіндігін жоққа шығармайтын ыдыстарда 
сақтау;
      4) қауіптілігі екінші сыныпты пестицидтерді (улы химикаттарды) қажет болған кезде полимер
материалдардан жасалған арнайы қалташалары жоқ көп қабатты ыдысқа (пестицидтің (улы химикаттың)
ерекшелігіне қарай) буып-түю;
      5) бүтіндігі бұзылған қаптамадағы пестицидтерді (улы химикаттарды) қайта буып-түю;
      6) пестицидтердің (улы химикаттардың) қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағып жіберу жолымен 
экологиялық бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жөніндегі 
мемлекеттік органдар заңнамаға сәйкес айқындаған орындарда жағылатын қоспаларды жою үшін уытты 
емес (қауіпті емес) заттарға айналғанға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін жоғары температуралық 
қондырғылардың болмауы;
      7) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың 
ыдыстарын тиеуге, тасымалдауға және түсіруге арналған механикаландыру құралдарының болмауы 
түрінде жасалған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргізбеу және арнаулы 
сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi емес жай-күйде ұстау –
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Арнаулы сақтау қоймаларын (көмiндiлердi) салу бойынша шаралар қабылдамау –
      лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк 
жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
Ескерту. 403-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      404-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту
                туралы заңнамасын бұзу

      1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтаға қатысты жасалған операцияларды көрсететін құжаттарды 
есепке алу мен сақтаудың 
 тәртібін бұзуы –
белгіленген
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      2. Сарапшы ұйымға қойылатын 
, мақта талшығы, шитті мақта сапасына 
біліктілік талаптарын
сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын, шитті мақтаның сапасы туралы куәлік 
беру қағидаларын:
      1) өрт және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін, мақта 
талшығын классерлік бағалау үшін меншік құқығындағы не мүліктік жалдаудағы тиісті үй-жайлардың 
болмауы;
      2) тиісті арнайы білімі және өнімділігі жоғары мақта талшығын сынайтын автоматтандырылған
өлшеу жүйесіне (HVI типтегі) қызмет көрсету бойынша бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, 
өнімділігі жоғары мақта талшығын сынайтын автоматтандырылған өлшеу жүйесіне (HVI типтегі) 
функционалдық және техникалық қызмет көрсететін білікті мамандардың болмауы;
      3) тиісті арнайы білімі және мақта талшығының сапасын классерлік бағалау бойынша екі 
жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, мақта жөніндегі білікті сарапшылардың (классерлердің) 
болмауы;
      4) стандарттау жөніндегі техникалық регламенттердің және нормативтік құжаттардың болмауы;
      5) мақта талшығының сынамаларын мақта тазалау зауыттарынан уақтылы жеткізуге арналған 
мамандандырылған автокөліктің болмауы;
      6) мақта талшығының сынамаларын сақтауға арналған үй-жайлардың талаптарға сай келмеуі;
      7) түстің керамикалық үлгілері жиынтығының, калибрлік эталондардың және микронейр 
көрсеткішін анықтауға арналған аспаптың, мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық 
үлгілерінің бекітілген немесе Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген жиынтығының 
болмауы немесе олармен толық жарақтандырылмауы;
      8) мақта талшығының сынамаларын іріктеу актісін және оларды тіркеу журналын дұрыс 
ресімдемеу;
      9) мақта талшығының сынамаларын іріктеуді жүргізу тәртібін бұзу;
      10) мақта талшығы сынақтарын жүргізу тәртібін бұзу;
      11) мақта талшығы сапасының паспортын дұрыс ресімдемеу және уақтылы бермеу;
      12) мақта талшығы сапасының паспортын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дұрыс 
ресімдемеу;
      13) мақта талшығының сынақтардан кейін мақта талшығының иесі партияны тиеп жөнелткенге 
дейін сарапшылық ұйымның зертханасында сақталу мерзімін бұзу;
      14) мақта талшығы сынамаларын іріктеу актісін және сынамаларын тіркеу журналын дұрыс және
толық ресімдемеу;
      15) шитті мақта сынамаларын іріктеуді жүргізу тәртібін бұзу;
      16) шитті мақта сынақтарын жүргізу тәртібін бұзу;
      17) шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті дұрыс ресімдемеу және уақтылы бермеу;
      18) шитті мақта сынамаларын сақтауға арналған үй-жайлардың талаптарға сай келмеуі түрінде
жасалған бұзушылық –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Мақта қолхаттары бойынша 
 кепілдік беру жүйесіне қатысудан
міндеттемелердің орындалуына
жалтару –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы 
органдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы 
 анықталған 
заңнамасын
бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгiленген мерзiмдерде орындамау не 
тиiсiнше орындамау –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Мақта өңдеу ұйымының «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
талаптарын бұзып, кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін үшінші тұлғалардың міндеттемелері 
бойынша кепілге қоюы, сондай-ақ негізгі құралдарсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі
бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмайтын не едәуір 
нашарлап кететін негізгі құралдарды иеліктен шығаруы –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Мақта қолхаттарын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының 
көрсеткіштерін олар құжаттамамен расталған жағдайда жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай
ішінде екі және одан да көп) бұрмалау –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Лицензиаттың лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат  беруі –
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару кезеңінде уақытша басқару жөніндегі комиссия 
мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы 
 бұзуы –
заңын
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың бесінші, 
алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп 
соққан бұзушылықтарды жоймау –
      лицензиядан айыруға әкеп соғады.
      
Ескерту. 404-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2015 
№ 336-V
 (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      405-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру
                қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде
                Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын
                бұзу
      1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын нысаналы пайдаланбау, егін жинау
кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімі бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ 
азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану 
 
қағидаларын
сақтамау –
      лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу 
және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде тіркелген 
бағаларды сақтамау –
      заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.

      406-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
                заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы 
:
заңнамасын
      1) карантин және шектеу іс-шараларының шарттары мен талаптарын сақтамау;
      2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, талаптарды және 
ветеринариялық нормативтерді:
      мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны 
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтіп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, 
дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты мемлекеттiк 
ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, 
реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде;
      зообақтардағы, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, 
жануарларды асырау, өсiру және пайдалану кезінде; 
      ішкі сауда объектілерінде; жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім 
мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілерінде; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және 
өткізу жөніндегі ұйымдарда қызметті жүзеге асыру кезінде;
      мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны 
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (
орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде сақтамау;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және 
экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау туралы 
 
 
нормативтiк құқықтық актiлердiң
талаптарын сақтамау;
      4) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен талаптарын
сақтамау;
      5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының тіркеу сынақтарын жүргізу үшін 
қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеусіз 
өндіруді, әкелуді (импортын), өткізуді және қолдануды (пайдалануды) жүзеге асыру түрінде 
жасалған бұзушылық –
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – 
      жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      3. Ветеринариялық іс-шараларды өткізбеу немесе тиісінше өткізбеу, сондай-ақ оларды өткізу
мерзімдерін бұзу –
      жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі 
жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      5. Ауыл шаруашылығы жануарларын 
 қамтамасыз етпеу –
бірдейлендіруді
      лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 

соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне Қазақстан Республикасының ветеринария 
саласындағы 
 жүктелген функцияларды орындамауы –
заңнамасымен
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.
      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын 
бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, 
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
      1) жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және 
өткізілгені;
      2) жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез 
көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде ветеринария 
саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн 
жануарларды оқшаулап ұстау бойынша шаралар қолданбау –
      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл 
салуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі 
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. 
 беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын 
Ветеринариялық құжаттарды
талаптарды бұзу –
      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша 
қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетпеу – 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      14. Жануарларды карантиндеу қағидаларын бұзу –
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      15. Эпизоотияға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, 
сондай-ақ ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi эпизоотияның таралуына
немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқпаған бұзу –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 

коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады. 
      16. Осы баптың он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік 
жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      407-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.11.2015 
№ 424-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
      407-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
                шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 
:
заңнамасын
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл 
тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл 
 бермей 
тұқымдық куәлік
асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректерді есепке алуды 
жүргізуден бас тартуы және есептілікті ұсынбауы;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды мал шаруашылығы 
жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл
тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген асыл тұқымды 
малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;
      6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл 
тұқымды малды өз төлiнен өсiру мақсатында пайдалануы;
      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды малды бағалау 
нәтижелерін бұрмалауы;
      8) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары 
шеңберінде бюджет қаражаттары есебінен сатып алынған асыл тұқымды мал туралы деректерді асыл 
тұқымды малдың мемлекеттік тіркеліміне оларды тіркеу үшін беруден бас тартуы;
      9) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары 
шеңберінде бюджет қаражаты есебінен өсіру мақсатында сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану
тәртібін бұзуы түрінде жасалған бұзушылық –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы, хабарлама жасауға жататын қызметті жүзеге 
асыратын жеке және заңды тұлғалардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан 
Республикасының 
 белгіленген міндеттерді сақтамауы –
Заңында
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не онсыз, 
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 
– елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан 
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi 

және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды 
жоймау –
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.
      408-бап. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету
                қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
                және жою қағидаларын бұзу
      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi 
органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттер мен мысықтарды асырау және 
серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу –
      ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан дәл сол 
әрекеттер –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      22-тарауды 408-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 27.11.2015 
№ 424-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет