3)Қоғамдардың жіктелуі Ад қоғамының пайда болуы дамуы ұзақ та күрделі процесс.Ғалымдардың пікірінше алғашқы қоғамдар бұдан 50-40 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді.Бұл – құрылым жағынан бір текті, яғни адамдар арасында әлі жікке,тапқа бөліну бола қоймаған коғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын.
Қоғамның бұл аталған даму сатысын «алғашқы қауымдық қарапайым қоғам» деп атайды.
Келе-келе адамдардың шеберліктері артып, еңбек құралдары жетіле түсті.Адамдар енді тек дайын өніммен күнелпей өздері өңім өңдіре бастады. Мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу - қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуына ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен отырықшылыққа көшеды,осылардың нәтижесінде басы артық өнім пайда болып қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігінің орнауына алып келді.Ал,мұның өзі қоғамда бір-біріне қарама-қарсы таптардың, шығуына басты себеп болды.Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамды басқарудың қажеттілігі,яғни мемлекетке деген қажеттілік келе шықты
Қоғам дамуының бұл сатысы таптық күрделі қоғам деп жіктеуге болады.
Ғылыми әдебиет беттеріңде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі.Мәселен,жазба өнерінің пайда болуымен байланысты а)жазбаға дейінгі және б) жазба бар қоғам деп жіктеу кездеседі.
Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық қатынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; -діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиелік, католиктік, т.б. қоғамдар деп жіктейді.
Әлеуметтану ғылымы қоғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік-экономик белгілерге аударады.
Біз бұл турасында маркстік, формациялық тұрғыдан жіктеудің мәніне көшейік.Маркстік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда негізгі өлшемге өңдіріс кұрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады.Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктейді.Оларды: - басқаша 5 экономикалық формациялар деп атайды.Олар мыналар:
а) алғашқы қауымдық қоғам; б)құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формация; в)феодалды қоғамдық-экономикалық формация; г)капиталисттік қоғамдық-экономикалық формация, д)коммунисттік қоғамдық-экономикалық формация;
Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар - таптың антагонистік, қанауға негізделген,еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамерекше маңыз береді.Бұл әділетті еркіндікпен кеңдікке негізделген,материалдық игіліктердің молшылығы, қамтамасыз етілетін, тапсыз қоғам дейді.
Алайда ХХ ғасырдың “барысындағы әлемдік дамудын тәжірибесінде коммунистік қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.
Кеңес одағы мен социалистік лагерь елдерінің халықтары (олар әлем халқын 3/1 бөлігі бөлігі) әкімшіл-әміршіл, тоталитарлық саяси тәртіптің үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алады.Социалистік экономиканың! Тиімсіздігі дәлелденді.Ал, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи даму тәжірйбесі капиталистік өңдіріс тәсілінің артықшылдығын дәлелдеп отыр.Бұл жеке меншікке,еркін кәсіпкерлікке негізделген қоғам. Мәселен, Германия мен Швеция мемлекеттерінің экономикалық даму дәрежесі,халқының әл ауқаты,бостандық пен құқықтың кеңдігі білімнің,ғылымның,денсаулық сақтаудың дәрежесі осының дәлелі болып табылады.
Алайда капитализм мен нарықтық экономика жолындағы барлық қоғамдардың дамуы дәрежесі осындай дец қиын.Ғалымдар капитализмның өзің -Бастапқы капитализм
- Бюрократиалық капитализм;
- Олигархиялық капитализм;
-Демократиялық капитализм
Бұл ретте ХХ ғ. 50-60. жилдарында американдық әлеуметтанушылар
Даниелл Белл,Уолл Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон
ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор.Бұл
рын дүниежүзлік тарихқа салыстырмалы талдау жасау негізінде қорытындылаған.