Қазақ тілі мен мәдениетінің концептеріне талдау жасаған зерттеулер.
«Концепт» термині орыс тіл білімінде XX ғасырдың 20-30 жылдары қоршаған орта құбылыстарының тіл әлемінде бейнеленуін зерттеумен байланысты пайда болды. С.А. Аскольдов-Алексеевтің 1928 жылғы «Рус- ская речь» жинағында жарық көрген «Концепт и слово» деген еңбегінде концептілерді танымдық (познавательные) және көркемдік (художествен- ные) түрлеріне жіктейді, бірақ олардың аралық шегінің өзгеріп, кейде бір-бірімен астасып оты- ратынын да жоққа шығармайды.«Концепт» терминінің теориялық негіздері Д.С. Лихачев, П.Д. Арутюнова, Е.С. Кубрякова, А.Н. Мороховский, Н.К. Рябцева, В.А. Маслова, А.Я. Гуревич, А. Вежбицкаяның еңбектерінде әртүрлі қырынан қарастырылды.