Көңілінде, халықтың жүрегінде


–  Сарысу  ауданындағы  басты



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата02.01.2017
өлшемі35,99 Mb.
#1016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

–  Сарысу  ауданындағы  басты 

проблемалардың 

бірі 

қылмыстық 

ахуал  мен  мал  ұрлығының  жиі  орын 

алуы.  Бұл  туралы  республикалық 

телеарналар  біраз  шулап,  жарыса 

айтты.  Одан  беріде  бір  жылға  жуық 

уақыт  болыпты.  Құқықбұзушылықтың 

алдын  алуға  барынша  көңіл  бөліп 

жатқан боларсыздар?..   

– 

Иə, 



ауданымызда 

қылмыстық 

ахуалдың өсіп келе жатқаны рас. Бұл – халық 

жағдайы  тұрақталып,  адам  саны  көбейген 

сайын орын алатын табиғи құбылыс. Одан 

бөлек,  бұл  көрсеткіштің  өсуіне  сырттан 

келген  мердігер  компаниялармен  бірге 

келген  жұмысшылардың  да  əсері  болып 

отыр.  Соңғы  мəлімет  бойынша,  аудан 

бойынша 433 қылмыс  фактісі  тіркелген. 

Бұл  былтырғы  жылдың  осы  мезгіліндегі 

көрсеткішпен салыстырғанда 62 қылмысқа 

артық  екен.  Ішкі  істер  органдары  бұлай 

көрсеткіштің  өсуін  қабылданған  барлық 

арыздардың 

тіркелуін 

міндеттейтін 

талаптардың 

енгізілуімен 

түсіндіреді. 

Түсінікті  болу  үшін  бір  мысал  келтірейін. 

Мысалға, қала ішінде таксиге мініп, үйіңізге 

келген соң қалтаңызда ұялы телефоныңыз 

жоқ  болып  шығады.  Дереу  полицияға 

хабарласып,  затыңыздың  жоғалғандығын 

айтып,  шағымданасыз.  Бірақ,  арада 

екі  сағат  өткен  соң  телефоныңыз  өзіңіз 

мінген  таксиде  қалған  болып  шығады. 

Міне,  бұл  уақытта  сіздің  арызыңыз 

тіркеліп, қылмыстық іс ашылады. Осындай 

мəселелер 

де 


қылмыстылық 

санын 


көбейтіп тұр. 

Дегенмен,  қылмыстың  аты  қылмыс. 

Сондықтан, 

олардың 


алдын 

алуға 


байланысты тиісті шаралар біздің тараптан 

əр  кез  жасалып  отырады.  Атап  айтқанда, 

учаскелік 

полиция 


қызметкерлерінің 

кеңселерін  аудандық  бюджет  есебінен 

жөндеуден 

өткізіп, 

автокөліктермен 

қамтып  жатырмыз.  Сондай-ақ,  ауылдық 

жерлердегі 

учаскелік 

полицейлерге 

көмекші  азаматтарды  ақылы  қоғамдық 

жұмыс негізінде жұмысқа алдық.  Дегенмен

бұрынғы 


жылдармен 

салыстырғанда 

мал  ұрлығының  біршама  төмендегені 

байқалады. 

Бірнеше 

ұйымдасқан 

қылмыстық 

топтар 


ұсталып, 

оларға 


байланысты  қозғалған  істер  жалғасуда. 

Ал, жалпы мал ұрлығының көбеюіне кейде 

мал  иелерінің  салғырттығы  да  себеп 

болуда.  Көбіне  жайылымдағы  малын 

уақтылы  қадағаламайтын  азаматтардың 

бейқамдығы  осындай  жайттарға  əкеліп 

соғады.  Осыған  байланысты  облыстық 

ішкі істер департаментінің тапсырмасымен 

тұрғындармен 

кездесулер 

өтті. 

Учаскелік  полицейлер  де  кесте  бойынша 



тұрғындармен жүздесіп тұрады. 

– 

Өзіңіз 

білесіз, 

соңғы 

он 

жылдың 

көлемінде 

облысымызға 

қарасты 

 

аудандарда 

жастар 

орталықтары  жұмыс  жасауда.  Бірақ, 

осы  орталықтардың  дені  алаулатып-

жалаулатып  іс-шара  ұйымдастырып,  

бес-алты 

жастың 

басын 

қосып 

«дөңгелек 

үстел» 

отырыстарын 

өткізуден əрі аспайтын секілді. Турасын 

айтқанда, жаттанды дүниелер жастарды 

əбден жалықтырып жіберген сыңайлы. 

Осы орайда Сарысу аудандық «Жастар 

орталығының»  жылдық  жоспарына 

тың,  жастарға  тиімді  əрі  қызықты 

жобалар  енгізуге    сарысулық  жастар 

тарапынан ұсыныстар болды ма?

– 

Жалпы, 



жастардың 

жүрген 


жері 

мереке 


ғой. 

Сондықтан, 

болашақтарымыздың  жасап  жатқан  əрбір 

іс-шарасы  қажетті  де  керек  дүниелер  деп 

ойлаймын.  Біздің  ауданның    «Жастар 

орталығы»,  олардың  ауылдық  жерлердегі 

нұсқаушылары,  жастар  ұйымдары  мен 

қоғамдық  бірлестіктер  жоспарға  сай 

жұмыс  істеуде.  Олардың  негізгі  мақсаты 

үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  

жастар 

арасындағы 



проблемалардың 

алдын  алу  болып  табылады.  Сондай-ақ, 

жастарды  жасампаздыққа,  жақсылыққа, 

кəсіпке,  тазалыққа  шақырып,  пайдалы 

кеңес  беруде  осы  жастар  орталықтары 

қолдарынан келгенше жұмыс жасап келеді.  

Бір  ғана  мысал  айтайын,  осы  аудандық 

жастар орталығының бастамасымен қолға 

алынған  жас  отбасыларды  тұрғын  үймен 

қамту  бастамасы  аясында  өте  үлкен 

шаруалар  жасалды.  Осы  бағытта  құжат 

өткізіп  қойған  жастардың  алды  қайта 

қалпына  келтірілген  үйлерден  «Тұрғын 

үй  жинақ  банкі»  арқылы  пəтерлерін  алып 

та  үлгерді.  Міне,  осы  бастама  жастар  бас 

қосқан арнайы бір жиында мəселе ретінде 

көтеріліп, іске асты. Бұл жастардың идеясы 

негізінде  туындаған  бастама.  Сондықтан, 

еліміздің 

болашағы 

осы 

жастардың 



қолында деп білемін. Оларға қолдау жасау, 

демеп отыру аға буын өкілдерінің парызы.



–  Жастарға  арналған  «Дипломмен 

ауылға»  бағдарламасының  аудандағы 

аяқ алысы жаман емес секілді. Əсіресе, 

жоғары білімді жас дəрігерлердің аудан 

көлемінде  жұмыс  жасауы  қиын  дүние. 

Дегенмен,  бұл  тығырықтан  шығудың 

жолын тапқан көрінесіздер... 

–  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

бастамасымен қолға алынған «Дипломмен 

ауылға»  бағдарламасының  шарапаты 

өңірімізге  септігін  молынан  тигізуде. 

Бұлай дейтін себебім, ауданымызға оқуын 

жаңадан  тəмамдаған  жас  мамандар 

жылдан жылға көптеп келуде. Ал, жоғары 

білімді жас дəрігерлердің келуі аудандағы 

жас  отбасылардың  есебінен  өсу  үстінде. 

Нақтысы,  ауылға  келін  болып  түсуі.  Осы 

тұрғыдан  келгенде  былтыр  екі  жоғары 

білімді  жас  дəрігер  ауылға  келін  болып 

түсті.  Биыл  тағы  сегіз  жас  дəрігер  келді. 

Сондай-ақ, былтыр ауданға 4 мал дəрігері 

келсе, биылдыққа тағы 2 ветеринар оқудан 

оралды. Олардың алтауына жаңа қызметтік 

пəтерлер  кілті  табысталуға  дайындалып 

жатыр.  Алғашқы  көмек  ретінде  берілетін 

126  мың  теңге  көлеміндегі  көтермелі 

жəрдемақыларын  да  алды.  Ал,  ауылдық 

жерде  тұратын  жас  мамандар  несиеге  үй 

алуға  құжат  тапсырса,  қолдау  көрсетуге 

əрқашан  дайынбыз.  Одан  бөлек,  ауданда 

өндірісте жұмыс істейтін техникалық білімі 

бар  мамандардың,  құрылысшылардың, 

агрономдардың  да  қажеттілігі  сезіліп 

жатыр. Осы тапшылықтың орнын толтыру 

мақсатында  облыстық  əкімдік  есебінен 

жыл  сайын 3 мектеп  түлегін  жоғары 

медициналық  оқу  орнына  білім  алуға 

жібереміз.  Ал,  биылдан  бастап  аудандық 

бюджеттен  келісім-шартпен  мал  дəрігері 

мамандығында  оқитын 2 студенттің  оқу 

ақысын  төлеп  отырмыз.  Сонымен  қатар, 

Т.Рысқұлов  ауданындағы  Құлан  ауыл 

шаруашылық  колледжіне 4 жасты  оқуға 

аттандырдық.  Одан  бөлек,  Саудакент 

ауылындағы 

колледжде 

былтырдан 

бастап  веттехник  мамандар  даярлауға 

кірістік. 

– 

Жақында 

ғана 

мал 

шаруашылығымен 

айналысатын 

шаруаларға 

заманауи 

жылжымалы 

тұрғын 

үйлер 

алып 

беріпсіздер. 

Ешбір 

ауданда 

жоқ 

мұндай 

жылжымалы  тұрғын-жайларды  қандай 

бағдарламаның 

көмегіне 

сүйеніп 

алудасыздар?

– Қазір адам жанына қажетті дүниенің 

барлығы  бар  ғой.  Сіз  айтып  отырған 

жылжымалы 

тұрғын-үйлер 

қызметін   

«Жұмыспен  қамту-2020»  бағдарламасы 

аясында 3 млн.  теңгеге  дейін  несие 

алған  азаматтар  пайдалануда.  Сондай-

ақ,  бағдарлама  аясында  тек  жылжымалы 

тұрғын-жайлар ғана емес, олар мемлекет 

есебінен 

шаруашылығы 

орналасқан 

аумаққа инфрақұрылым тарттыру құқығын 

пайдалана отырып, кейбірі электр желісін 

тартқызып,  жол  салдырса,  енді  бірі    күн 

мен  желден  қуат  жинайтын  автономды 

стансалар  алдырды.  Биылғы  жылы 

9  шаруа  қожалығы  осындай  тұрғын-

жаймен 

қамтылады 



деп 

күтудеміз. 

Шаруаға  қолайлы  дүние  болғандықтан 

қызығушылардың да саны күн санап артып 

келеді.  

–  Халықты  таза  ауыз  сумен 

қамту 

бүгінгі 

күні 

күйіп 

тұрған 

мəселелердің  бірі.  Ауданда  «Ақбұлақ» 

бағдарламасының аяқ алысы қалай?

–  Биылғы  жылы  аталған  бағдарлама 

бойынша  тек  Жаңатас  қаласында  ғана 

жұмыстар  жасалды.  Су  қоры  зерттеуден 

өткеннен  соң  ғана  жобалық-сметалық 

құжаттарын 

жасауға 

рұқсат 


беретін 

талаптардың 

енгізілуіне 

байланысты 

ауданның  басқа  елді  мекендеріндегі 

жобалар  тоқтатылды.  Осы  мақсатта 

аудан  бойынша  су  қорлары  зерттелу 

үстінде. 

Бұрын 

жасалған 



жұмыстар 

бойынша, 24 елді  мекеннің 13-інде  ауыз 

су  тарату  жүйесі  тұрақты  жұмыс  істеп 

тұр.  Алдағы  уақытта  Өндіріс  пен  Игілік 

ауылдарын  топтастырылған  су  жүйесіне 

қосу  мақсатында  құжаттары  дайындалу 

үстінде. 

Бұйыртса, 

аталған 

ауыл 


тұрғындарына  таза  ауыз  су  жеткізілетін 

болады.  Сондай-ақ,  Саудакент,  Ақтоғай 

мен Жайлаукөл ауылдарының да ауыз су 

жүйелерін  «Ақбұлақ»  бағдарламасының 

талаптарына сəйкес қайта жаңғыртылатын 

болады.  Одан  бөлек,  Жаңаталап,  Қызыл 

диқан жəне Арыстанды елді мекендерінде 

ауыз  су  қорын  зерттеу  жұмыстары  жүріп 

жатыр.  Оларды  ауыз  сумен  қамтамасыз 

ету  үшін  облыстық  бюджеттен  қаржы 

сұрастырып  та  қойдық.  Бір  сөзбен 

айтқанда,  ауданымыз  таза  ауыз  судан 

таршылық көрмейтін болады.

– Дүниежүзінде жер көлемі жағынан 

тоғызыншы  орынды  алғанымызбен 

көршіміз  өзбек  ағайындардан  екі  есе 

аз  екенбіз.  Осы  орайда,  жастардың 

отбасын құрып, демографияны көтеруі 

үшін не кедергі болуда? 

– 

Сұрағыңның 



түпкі 

астарын 


түсінгендеймін.  Иə,  Алланың  берген  жеті 

перзентінің  əкесімін.  Бірақ,  көпбалалы 

отбасынан  шыққандықтан,  балалардың 

көп  болғаны  мен  үшін  қалыпты  жағдай 

сияқты  болып  көрінеді.  Қазақта  «Бір  қой 

егіз  туса,  бір  түп  жусан  артық  шығады», 

–  деп  бекер  айтпаған  ғой,  сондықтан, 

жастарға  айтарым – алдыдан  шығар 

қиындықтардан 

қорықпай, 

батылдық 

танытқан  дұрыс  шығар.  Əйтпесе,  үй 

болып,  отау  тігу  қиындап  кетеді.  Анам 

үнемі  «Əр  бала  өз  несібесімен  туады», 

–  деп  айтып  отырушы  еді. «Сабақты  ине 

–  сəтімен»,  əр  бала  өзінің  маңдайына 

жазылған  ризығымен,  өз  ретімен,  сəтімен 

дүниеге  келеді.  Оның  үстіне  ағайынның, 

туыс-бауырдың  көп  болғаны  кез  келген 

қиындықты  жеңіп  шығуға  өз  септігін 

тигізеді.  Осы  тұрғыдан  менің  асығым 

алшысынан түсіп тұрған шығар... Сол үшін  

Аллаға мың алғыс айтамын. 

Ал,  демографиямыздың  көтерілуіне 

мемлекет  тарапынан  беріліп  жатқан  

көмектер  жетерлік.  Қазір  төрт  балаға 

дейінгі  берілетін  жəрдемақы, 18 жасқа 

толмаған    төрт  баласы  бар  отбасыға 

кезекпен  тегін  үй  алу  мүмкіндіктері  де 

қарастырылған.  Төртеуден  көп  баласы 

бар  аналарға 53 жастан  зейнетке  шығу 

мүмкіндігі  де  бар,  айта  берсек  жасалып 

жатқан  жеңілдіктер  өте  көп.  Осыны 

ретімен  пайдалансақ,  ел  мен  жердің 

қамын  күйттесек,  демографиямыз  дұрыс 

жолға түседі деген ойым бар. Сондықтан, 

қазақтың  көбейгені,  парасатты,  патриот 

ұрпақтың  дүниеге  келуі  мемлекет  үшін 

маңызды. 

– Əңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Дəулет ТӨЛЕНДІ. 

Қанатбек МƏДІБЕК, Сарысу ауданының əкімі

«ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНДА ЖАҢАША ІСТЕР ЖЕТЕРЛІК»

«ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНДА ЖАҢАША ІСТЕР ЖЕТЕРЛІК»

Арнайы сұхбат



ТІРШІЛІК

«ЕвроХим» компаниясының жұмысы ширақ.

«ЕвроХим» компаниясының жұмысы ширақ.

«Убайділда – 2001» ШҚ-ның түйе шаруашылығы.

«Убайділда – 2001» ШҚ-ның түйе шаруашылығы.

Лизингке алынған техникалар.

Лизингке алынған техникалар.


23 қазан,

№43 (471)

8

ХИМИЯ САЛАСЫ ӨҢІРДІ ДЕ, ХАЛЫҚТЫ ДА КӨТЕРДІ

Дәуір және адам

 1935 жылдары  геолог  И.И.  Машкара 

Жамбыл  өңіріндегі  Қаратаудан  əлемдегі  ең  ірі 

фосфор  кен  орнын  анықтаған  болатын.  Химия 

өндірісінсіз  өнеркəсіпті,  ауыл  шаруашылығын, 

тағы  да  басқа  салаларды  дамыту  мүмкін  емес 

екенін  билік түсінген, білген. Сондықтан, химия 

өнеркəсібі  деп  аталатын  министрлік  құрылды. 

П.Л.  Безруков  басқарған  геологиялық  барлау 

партиясының Қаратау жоталарының 45 жерінен 

қоры 1,5 миллиард тонна болатын фосфор кенін 

анықтап, толық қорытындысын ұсынғаннан кейін 

байлықты  игеру  туралы  шешім  қабылданған. 

Бұл    істің  тез  əрі  мақсатты  жүзеге  ашуы  үшін  

басқаруды  химия өндірісіне жақындату міндетін 

шешу үшін облыс құрылды. 

Химия  кен  орындары  негізінен  Жамбыл 

жəне  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының 

аумағында  орналасқан.  Сол  кезде  Жамбыл 

фосфоры  одақта  қоры  жағынан  екінші  орында 

болды.  Шолақтау,  Ақсай,  Жаңатас,  Көкжон, 

Көксу,  Тесіктас  деп  аталатын  кен  орындары 

өте  құнарлылығымен  ерекшеленді.  Көкжон 

кен  орнында 171 миллион  тонна  фосфор  кені 

болса, Ақсай кен орнынан жылына екі миллион 

тонна, Жаңатастан 900 мың тонна, Шолақтаудан 

800  мың  тонна  кен  өндіруге  болатындығы 

дəлелденді.

1947  жылдың 6 ақпанында  «Қаратау»  кен-

химия комбинатының бірінші кезегі пайдалануға 

берілгені  жөніндегі  қабылдау  актысына  СССР 

Химия  өнеркəсібінің  министрі  Л.Первухин  қол 

қойды. Міне, осы сəттен бастап, Жамбыл өңірі 

шын  мəнінде  ірі  химия  өндірісінің  орталығына 

айналды.  Кен  орнының  қуаты  жылдан  жылға 

артты. Алайда, өндіріс қуатының артуы көптеген 

түйінді  мəселелерді  туындатты.  Нақтырақ 

айтсақ,  Шолақтау  кен  орнында  салынуға 

тиісті  жер  асты  шахтасының  құрылысының 

ұзаққа  созылуы  ашық  əдіспен  кен  өндірілетін 

кеніште  жұмыс  істейтін  арнаулы  техниканың 

жетіспеушілігін  туындатты.  Мұның  өзі  химия 

өндірісін  жедел  дамытуға  қиындықтар  əкелді. 

Сондықтан, 

жергілікті 

басшылық 

СССР 


Химия 

өнеркəсібі 

министрлігінен 

Ақсай 


кеніш  құрылысын  жеделдетуді  сұрады. 25 

тонналық  автомашиналар  тұратын  гараждың 

құрылысын  жеделдету,  көліктерді  жөндеуді 

жақсартатындығы  да  айтылды.  Ең  бастысы, 

комбинатта  тау  жынысын  тасымалдайтын 

арнаулы  автокөліктер  жетіспейді.  Сондықтан, 

комбинаттың материалдық қорын жақсарту үшін 

1955  жылы 5 миллион  сом  бөлу  аса  маңызды 

екендігі  дəлелденді.  Министрге  жолданған 

хатта  өндіріс  қуатының  артуы,  атап  айтқанда, 

комбинаттың  бірінші  жəне  екінші  кезеңінің 

құрылысын жоспарлағанда əлеуметтік, мəдени-

тұрмыстық  маңызы  бар  нысандарды  салу 

қарастырылмаған.  Сондықтан,  комбинаттың 

үшінші  кезегін  салуда  осы  салаға 13 миллион 

сом  бөлу  қажет  екендігі  жеткізілді.  Сонымен 

бірге, 

мектептің, 



моншаның 

балалар 


бақшасының  да  жетіспейтіндігі  айтылды. (282-

қор 2-тізімдеме 136-бума, 490-іс). 

 1962 жылы  Ақсай  кеніші  игеріле  бастады. 

Ал, 1963 жылы  фосфор  кенін  өңдейтін 

Қаратау  кен  байыту  фабрикасы  іске  қосылды.  

Жаңатаста  да  жылына 9 миллион  тонна  тау 

жынысын  өндіретін,  оның 2 миллион  тоннасын 

байытатын кеніш пен фабрика салынды.

Химия өнеркəсіп орындарында ғылым мен 

техниканың  соңғы  жетістіктері  қолданылды. 

Жамбыл 

қаласында 



əлемдегі 

аса 


ірі 

«Химпром», «Суперфосфат», «Жаңа  Жамбыл 

фосфор  зауыттары»  салынды.  1964 жылы 6 

маусымда  құрылысы  басталған 1968 жылдың 

29 желтоқсанында Ленин комсомолы атындағы  

Қос суперфосфат зауыты пайдалануға берілсе,  

1969  жылдың 15 мамырында  зауыт  алғашқы 

өнімін  шығарды.  Бұдан  он  жылдан  кейін 1978 

жылы 28 желтоқсанда  Жаңа  Жамбыл  фосфор 

зауытын  пайдалануға  беру  туралы  актіге 

мемлекеттік  комиссия  қол  қойды.  Əлемде 

тұңғыш  рет    агломераттан  сары  фосфор 

алынды.  Осының  нəтижесінде  Жамбыл  ірі 

химия  алыптарының  орталығына  айналды.  

Жаңа  Жамбыл  фосфор  зауытының  құрылысы 

кезінде  бүкілодақтық  екпінді  құрылыс  болып 

жарияланды.  Одақтың  түкпір-түкпірінен  жастар 

келіп,  осында  еңбек  етті.  Жамбыл  қаласында 

химия  өндірісінде  еңбек  ететіндер  тұратын 

он  шағын  тұрғын  үй  ауданы  салынды.  Соның 

нəтижесінде білім беру, денсаулық, əлеуметтік-

тұрмыстық  мекемелер  бой  көтерді.  Мəдениет 

үйлері  мен  стадиондар,  кітапханалар  мен 

клубтар  тұрғындардың  рухани  байлығын 

молайтуға үлес қосты. 

Өндіріс  орындарының  қуаттылығы  жылдан 

жылға артты. Мəселен, 1966 жылы Қаратау кен 

байыту  комбинатының  кеніштерінде  тəулігіне 

52  мың  тонна  тау  жынысы  өндірілсе,  бұл 

көрсеткіш 1973 жылы 208 мың тоннаға жетті. 10 

жылда  комбинаттың өндіріс көлемі алты есеге 

өсті.  Жылына 12 миллион  тонна  кен  жынысын 

өндіруге  қол  жеткізілді.  Тəулігіне 31 мың 

тонна  тауарлы  өнім  өндірілді.  Сол  жылдары 

комбинаттың  өнімдерін  одақтың  он  өнеркəсіп 

орнымен  бірге  ондаған  шетел  компаниялары 

тұтынды.  Бір  сөзбен  айтқанда,  сол  жылдары 

СССР-да  өндірілген  фосфордың  əрбір 3-5 

тоннасы Жамбыл жерінде өндірілді. 

Өндіріс орындарымен бірге оның адамдары 

да, қаласы да, даласы да өсті, жайқалды. 1963 

жылы 24 тамызда  Шолақтау  поселкесіне, 1969 

жылдың 25 маусымында  Жаңатас  поселкесіне 

қала  мəртебесі  берілді.  Ал 1963 жылдың 29 

қарашасында Шолақтау қаласы Қаратау қаласы 

болып өзгертілді. 

Химия  өнеркəсібінің  облыста  дамуына  екі 

ірі кəсіпорын ықпал жасады. Біріншісі – Қаратау 

кен-химия  комбинаты,  екіншісі – суперфосфат 

зауыттары.  Шын  мəнінде, 1,5 миллиард 

тоннадан аса фосфор кенінің қоры бар кен химия 

комбинаты  Орталық  Азия  мен  Қазақстандағы 

кəсіпорындарды  фосфор  шикізатымен  жəне 

минералды  тыңайтқыштармен  қамтамасыз 

етті. 1946 жылдан  бастап  Шолақтау  фосфорит 

кен  орны  игерілді.  Өткен  ғасырдың  елуінші 

жылдары  комбинаттың  жобалық  қуаты  еселеп  

артты.  Мұны  əр  жылдардың  көрсеткіштерін 

салыстыра отырып аңғаруға болады. Мəселен, 

1955 жылы 27 314 мың сомның 262 621 тонна 

фосфор  ұнын  шығарса,  бұл  көрсеткіш 1958 

жылы  тиісінше – 42911,465259 тоннаға  жетті.   

Сол кезеңнің үш жылда  өнім өндіру бір жарым 

есеге  өссе, 1950 жылмен  салыстырғанда  үш 

есеге  көбейді.  Ал, 1959-1965 жылдары  жеті 

жылдық  жоспар  бойынша  Қаратау  комбинаты 

жылына 3 миллион 300 тонна  кен  өндіретін 

болады.  Сонымен  бірге, 1400 мың  тонна 

байытылған фосфор ұнын өндірді. Жеті жылдық 

жоспар  бойынша  комбинаттың  жалпы  өнім 

өндіру  көлемі 1959 жылы 42400 мың  сомның 

өнімін өндірсе, бұл көрсеткіш 1965 жылы 205,500 

мың  сомға  жетті.  Бұл  көрсеткішке  жету  үшін 

Шолақтауда  жер  асты  шахтасы,  Ақсай  кеніші 

игеріліп, байыту фабрикасы салынды. Сонымен 

бірге,  Жаңатаста  алғашқы  жылдары  жылына 

400  мың  тонна  кен  өндіретін  кеніш  құрылысы 

басталды.  Пайдалануға  берілген  Ақсай  кен 

орнының  қоры  нақтыланып, 85 миллион  тонна 

деп белгіленді. Оның 38 миллион тоннасы ашық 

əдіспен  өндірілді.  Ал  Жаңатас  кен  орнының 

қоры  да  нақтыланды.  Жобалық  қуаты 700 мың 

тонна  кен  байытатын  фабрикасының  бірінші 

кезеңі 1962 жылы пайдалануға берілді. 

Жеті  жылдық  жоспар  бойынша  химия 

өндірісін  дамытуға  ерекше  назар  аударылды. 

Мəселен,  Жамбыл  суперфосфат  зауытына 

1959-1965  жылдары 156 миллион  сом  бөлу 

қарастырылды.  Оның 118 миллион  сомы 

кəсіпорынның 

қуаттылығын 

арттыруға 

бағытталған  жұмысқа  жұмсалды.  Жеті  жылдық 

жоспар  бойынша  зауытта  жалпы  өнім  өндіру 

көлемін 1,6 есеге  өсіру  қарастырылды. 

Сонымен  бірге,  күкірт  қышқылын 1,3 есеге, 

тыңайтқыш шығаруды 1,7 есеге өсіру белгіленді. 

Жылына 63 мың тонна амофос шығаратын жаңа 

цех  салу  қарастырылды. 1960-1961 жылдары 

жемазықтық  фосфат  шығару  жоспарланды. 

Зауыт  бұл  цех  іске  қосылғаннан  кейін 

жылына 40 мың  тонна  жемазықтық  фосфат 

шығаратын  болады.  КПСС  Орталық  Комитеті 

мен  СССР  Министрлер  Советінің 1959 жылғы 

26  наурызда  қабылдаған  химия  өнеркəсібі 

өнімдерін шығаруда ішкі резервтерді пайдалану 

жөніндегі  қаулысын  басшылыққа  ала  отырып, 

зауыттың  барлық  саласында  өнім  шығару 

көлемі  артып,  жаңа  цехтар  іске  қосылды. 1958 

жылмен  салыстырғанда 1965 жылы  еңбек 

өнімділігі 46 пайызға  өсті.  Зауыттардағы 

пештердің  қуаттылығын  арттыра  отырып 

электр  энергиясын  үнемдеу  бағытында  да  тың 

шешімдер  қабылданады.  Осы  жылы  химия 

өндірісін  дамытудың  басқа  да  іс-шаралары 

белгіленді. (282-қор,2-тізімдеме,179-бума, 1054-

іс).

Қаратау 


кен-химия 

комбинаты 

бесжылдықтың  төрт  жылының  жоспарын 

мерзімінен  бұрын  орындап  шықты. 1969 

жылдың  өнім  шығару  жоспарын 15 қарашада, 

фосфор  түйіршігін  дайындай  жоспарын 20 

қарашада, фосфор ұнын шығару 1 қыркүйекте, 

тауарлы  кен  жоспарын 18 қазанда  орындады. 

(282-қор,7 -тізімдеме, 523-бума, 14-іс)    

Химия 


өндірісінің 

Жамбыл 


жерінде 

дамуымен  бірге,  облыста  көптеген  қосалқы 

өндіріс орындары бой көтерді. Облыс құрылған 

жылдары  өңірде  химия  өндірісін  дамыту 

жөніндегі  іс-шара  шын  мəнінде 1976 жылдары 

шарықтау  шегіне  жетті.  Міне,  осы  жылдардан 

бастап  химия  өндірісінің  басқа  салаларын 

жетілдіру,  атап  айтқанда,  өнеркəсіптік  химия 

өнімдерін  өндіру  қолға  алына  бастады.  Яғни, 

халық  тұтынатын  тауарлар  алып  химия 

зауытында  шығарылды.  Сонымен  бірге,  сол 

жылдары  химия  өндірісін  дамытудың  жаңа 

сатысына  көтерілу  міндеттері  қойылды.  Осы 

міндеттерді  орындауды  жеделдетуге  Қазақстан 

Компартиясы  Орталық  Комитетінің  бірінші 

хатшысы  Дінмұхамед  Қонаевтың  Қаратау 

мен  Жаңатасқа  келіп,  жағдаймен  жан-жақты 

танысуы зор ықпал жасады. Ел басшысы химия 

алыптарының      ырғақты  жұмыс  істеуін  үнемі 

бақылауда  ұстап,  түйінді  мəселелердің  тез 

арада  шешілуін  қамтамасыз  етті.  Ол  өндірістік 

мəселелердің  шешілуімен  бірге  мəдени-

тұрмыстық  нысандарының  салынуына  ерекше 

назар аударды. 

1976 жылдың 12 ақпанында КПСС Орталық 

комитеті  мен  СССР  Министрлер  Советі 

минералды 

тыңайтқыштарды 

шығаратын 

өндіріс  орындарын  дамыту  жөнінде  қаулы 

қабылдады.  Осы  қаулыда  Жаңа  Жамбыл 

фосфор зауытының бірінші кезеңін 1977 жылы 

іске қосу жоспарланған. Осы мақсатқа мемлекет 

87,5  миллион  сом  қаржы  бөлді.  Мұның  өзі 

жабдықтармен  қамтамасыз  етуді  жəне  металл 

жабдықтарын жедел монтаждауды талап етіпті. 

Соған  қарамастан 60,1 мың  тонна  металл 

жабдықтарын  берудің  орнына  оның  үштен  бірі 

ғана  жеткізілді.  Жеткізілген  жабдықтардың 

жартысы ғана құрастырылды. Сондықтан, облыс 

басшылары  жоғарыға  хат  жазып,  тапсырманы 

мерзімінде  орындауды  қамтамасыз  етуді 

сұрады. 

Химия 


өндірісінің 

дамуына 


жеке 

тұлғалардың    ықпалы  шешуші  рөл  атқарды. 

Олар жоғарыға  қалыптасқан жағдайды түсіндіре 

білді,  қаймықпай  айтты,  істің    шешілуін  талап 

етті.  Осы  істің  алғы  шебінде    облыста  химия 

өндірісінің  дамуын  үйлестіруге  елеулі  үлес 

қосқан  Тұйғынбек  Темірбеков,  Александр 

Недогон,  Михайл  Фрид,  Анатолий  Шеин, 

Сүйінбек Түйтебаев, Жапар Шарипов, Төлеухан 

Оспанбеков,  Петр  Качесов,  Мұқан  Атабаев, 

Тілеуқабыл Төребеков, Еркебұлан Мырзағалиев  

сынды  азаматтардың  есімі  құрметпен  аталса, 

Социалистік  Еңбек  Ері  Сартай  Есімханов 

бастаған майталман еңбек адамдары əрқашанда 

ел  жадында.  Олар  Жамбыл,  Қаратау  жəне 

Жаңатас қалаларының  кең қанат жаюына қажыр-

қайратын, ақылы мен білімін жұмсады.

Өңірде  химия  өндірісінің  дамуы  экология 

проблемаларын  туындатты.  КПСС  Орталық 

Комитетінің 1985 жылғы  сəуір  пленумынан 

кейін  экология  мəселесі  алдыңғы  қатарға 

шығарылды. Осы жылдары Жамбыл қаласының 

экологиялық тепе-теңдігі бұзылып, адам өміріне 

зиянын тигізетін улы шаң-тозаң газ атмосфераға 

шығарылып жатты. Тек 1989 жылы атмосфераға 

432,7  мың  тонна  улы  зат  шығарылды.  Осы 

жылдары  экология  қайраткерлері  көптеген 

мəселелер көтеріп, қайта құрудың қағидаларына 

сүйеніп, пикеттер өткізіп, наразылық жиындарын 

жалғастырды.  Соның  нəтижесінде,  ауаға  улы 

зат  шығару  азайды.  Мəселен, 1987 жылмен 

салыстырғанда 1988 жылы  Химпром  ауаға 

907  тонна  улы  затты  аз  шығарды.  НДФЗ – 

219,  Жамбыл  суперфосфат  зауыты – 497, 

ГРЭС – 983, ТЭЦ – 13,5 мың  тонна  улы  затты 

аз  шығарғаны  белгілі  болды.  Дегенмен,  осы 

жылдары    «жасылдардың»  облыста  қозғалысы 

өрістеп,  шаң-тозаңды    ұстайтын  қондырғылар 

орнатуды  талап  етумен  болды.  Сонымен  бірге, 

осы  жылдары  кəсіби  ауруға  ұшырағандардың  

наразылығы 

өрістеді. 

Бұл 

наразылық  



тоқсаныншы жылдардың  соңына дейін жалғасты.   

Облыста  химия  өндірісінің  дамуы  ауыл 

шаруашылығын  жаңа  сатыға  көтерді.  Ауыл 

ажарланып, 

ауыл 

шаруашылығы 



облыс  

экономикасында  жетекші  саласына  айналды.  

Облыс  құрылғанда 366 колхоз, 12 совхоз, 

14  машина-трактор  стансасы  (МТС)  қызмет 

көрсетті. 169 910 гектарға масақты дақыл егілсе, 

мақта 11123, қант  қызылшасы  8354 гектар 

алқапқа  орналастырылды.  Қызылша  өсіруге 

қолайлы  жағдай  болғанымен  мақтадан  мол 

өнім  алу  қиындығы  көп  еді.  Сондықтан,  мақта 

егісінің  көлемі  жыл  сайын  қысқарды.  Ақыры, 

1956  жылдан  бастап  облыста  мақта  егілмейтін 

болды.  Сонымен  бірге,  облыста  темекі,  кенеп 

те өсірілетін. Колхоздарда барлық түрі бойынша 

338  мың  шартты  мал  бағылды.  Мүйізді  ірі 

қараның  Əулиеата,  ал,  қой  шаруашылығында 

оңтүстік-қазақ  биязы жүнді қойын өсіру негізі осы 

жылдары  қаланды.  Химия  кəсіпорындарының 

күш  алуы  облыста  құс  шаруашылығын 

дамытты.  Олар    химия  кəсіпорындарында 

еңбек  ететін  жұмысшыларға  құнарлығы  жоғары 

құс  өнімдерін  жеткілікті  түрде  берді.  Өткен 

ғасырдың  сексенінші  жылдарында  химия 

өндірісінің бəсеңдеуі облыста басқа салалардың 

тоқырауына əкеліп соқты. Социалистік лагерьдің  

бірлігі  мен  ынтымағының    нашарлана  бастауы, 

батыстың  экономикалық  қысымының  күшеюі,  

өнімдерін 

негізінен 

шетелге 

шығаратын  

кəсіпорындардың  тоқырауына  əкеліп  соқты. 

Соның  салдарынан  облыста  бірте-бірте  химия 

өндірісінің  өнім  шығару  көлемі  азайды.  Ал 

СССР-дың  ыдырауы    химия  саласын    біржола 

тоқыратты.  Инвесторларға  иек  артқанымен 

оларда бірнеше жыл бойы химия өндірісін қайта 

көтере  алмады.  Тек  отандық  инвесторлардың 

облыстағы  химия  өндірісін  басқаруға  алуы 

жағдайды бірте-бірте түзеді.

Тəуелсіздіктің 

алғашқы 

он 


жылында 

химия  өндірісінде  бұрыннан  қордаланған 

түйінді  мəселелер  шешімін  таппай,  химия 

өндірісі  бірнеше  инвесторлардың  қолына  өтіп, 

нəтижелі  іс  болмады.  Н.Назарбаевтың  тікелей 

араласуының  нəтижесінде    өндіріске  отандық 

инвесторлардың келуі нəтижесін бере бастады. 

Қазір  химия  өндірісі  жылдан-жылға    ырғақты 

жұмыс  істеуіне  негіз  қаланды.  Сонымен  бірге, 

бұрынғыдай  көп  өнім  өндірудің  қажеттілігі  жоқ 

екені де белгілі болды.  Соңғы жылдары  Жамбыл 

жерінде  химия  өндірісін  дамытуға  келген,  мол 

қаржы  құя  бастаған  Ресей  инвесторлары  жаңа 

екпін беруде. Бұл саланы дамытуға Елбасының 

өзі  тікелей  араласуда.  Жамбыл  жерінде  ғана 

емес,  бүкіл  елімізде  химия  өндірісін  дамыту 

туралы  екі  рет  Таразда  жиын  өткізуі  осыны 

дəлелдесе  керек.  Ендігі  жерде  өңірде  химия 

өндірісі  жаңаша  дамитыны  анық.  Оған    Шу 

өңірінде  салынып  жатқан  «Тараз  химиялық 

паркі» арнайы экономикалық аймақ екені дəлел. 

Мұнда химия өнімдерінің ең өтімдісін, қажеттісін 

өндіретін 16 кəсіпорын шоғырланады. Олардың 

жобалық құны 2 миллиард  725 миллион доллар. 

Бұл  шын  мəнінде  облыста  химия  өндірісінің 

дамуын жаңа биікке көтеретіні анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет