Ынталандырушылық-білімдік
диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті және жеткілікті кәсіби білімдерді меңгеру дәрежесі
(когнитивті құзыреттілік: білімі мен түсінуі), міндеттер қою, диагностикалық әдістемелермен жұмыс жасай алу дағдылары,
|
білімі, диагностикалық іс-әрекетті орындауға ынтасының жоғарылығы, ұмтылысы, болашақ кәсіби іс-әрекетке
құндылықтық қатынас
|
Функционалды
-аналитикалық
|
Іс-әрекеттік
диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті (функционалды құзыреттілік: қолдану және талдау) диагностикалық біліктер мен дағдылар жүйесі, диагностикалық құралдарды қолдана алу, диагностика
нәтижелерін талдау, психодиагностикалық ақпараттарды талдай алу.
|
Рефлексивті- бағалаушылық
|
Рефлексивті
сыни талдау, диагностикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша (жүйелі құзыреттілік: бағалау мен сараптау) бағалау, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау, психологиялық-педагогикалық диагностика мәселелерін белгілі бір деңгейде бағалау және т.с.с. қабілеттілік, өзін-өзі
кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде бағалау.
|
Қалыптастырушы зерттеулерді құру логикасы диагностикалық құзыреттіліктің әрбір компонентін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік қызметті ұйымдастыруды қамтиды. Ол мына кезеңдерге сәйкес жүреді: дайындық, негізгі және қорытынды.
Осыған сәйкес, болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінің әдістемесінің астарында белгілі бір стратегиялар мен ережелердің теориялық көрінісінің жатқанын түсінеміз.
Оған жататындар:
болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін бірте-бірте қалыптастырудың логикасын көрсететін тәжірибелік-экперименттік жұмыстардың кезеңдері;
тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың әр кезеңінде шешілетін нақты мақсатты орындау;
қазіргі заманғы мектеп жағдайында педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің түрлі аспектілерімен диагностикалық іс-әрекетті, педагог-психологтың диагностикалық іс- әрекеті туралы негізгі білімдерді сипаттайтын «Психологиялық-педагогикалық диагностика» пәнінің таңдамалы, жаңартылған пәндік мазмұны;
әр кезеңде диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру деңгейін объективті және мағыналы түрде өлшеуге мүмкіндік беретін психолог-педагог-диагносттың жұмыс дәптері түрінде жасалған, студенттерге арналған тәжірибелік тапсырмалар жүйесі;
болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша тренингтік сабақ түріндегі семинар сабақтары.
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістемесін іріктеу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысын болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға тиісті деңгейін көрсететін нақты мақсаттар, нақты тақырыптық мазмұн, нақты дидактикалық-әдістемелік қамтамасыз етуге тиіс оқу үдерісінің логикалық аяқталған бөлігі деп түсінеміз.
Біз келесі кезеңдерді анықтадық:
Дайындық кезеңі – диагностикалық іс-әрекетке оңтайлы ынталандыру, кәсіби іс- әрекетке құндылықты қатынас жасау диагностикасы, диагностикалық білімді қалыптастыруды анықтауға арналған тестілеу.
Негізгі кезеңде – диагностикалық құзыреттіліктерге («Психологиялық-педагогикалық диагностика» курсы, педагог-психолог-диагност жұмыс дәптері бойынша өзіндік жұмысты орындау) өздігінен әрекеттену үдерісіне бағытталған диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік біліктердің жүйесін меңгеру.
Сонымен қатар, алынған теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды құрылымдауға бағытталған диагностикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруға, диагностикалық іс- әрекеттегі болашақ педагог-психологтың біртұтас сипатына үлес қосатын тренинг түрінде жүргізілген семинар сабақтарын жүргіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |