Көкшетау. 2023 мазмұНЫ


Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту



бет10/12
Дата13.03.2023
өлшемі91,76 Kb.
#73876
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
АРУНА ПЕДАГОГИКА

3.2.Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту

Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге үмтылдыратын. —: оның қажеттері.


Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор^ Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шещуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Меселен, «Сырдария Арал теңізіне құяды» деген сөйлемде ой естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты түспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің иебір керіністерін байқауға  өркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюыі мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан «ауытқитын кездері де болады». Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымыньщ тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.



Ой тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау — түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой аркылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез — бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі — бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл — анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен қүрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т. б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилы көрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді. Анализ бен синтездің негізівде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады Салыстыруда:загтардың ұқсартық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясынын, күрделі түрі — абстракцы мен жалпылау.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сездерді «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде «ақшыл» деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Астракцяға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау абстракциялық ұгамды соған сөйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды қүлын, тай, қүнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мүндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекті қүрал — нақтылаудың түрлі формалары.
Жалпылау дегеніміз бір текті затгардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, өрік, мейіз, алмүрт т. б. үқсас белгілері жиналып келіп,. «жеміс» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белфіерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені » қарапайым, қорытынды жасалуы, ұғымдардың (пікірлердің, қорытындылардың ) бастапқы және ең қарапайым пайда болуы — дүниенің барған сайын неғүрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деген сөз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет