Байланысты: Оқушылардың өзіндік қызметін ұйымдастыру
1-кезеңде оқушылардың икемділігін пән бойынша оқулықпен жұмыс істеу, атап айтқанда тақырыпты түсініп оқи білу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауаптарын табу. Мәтіндегі кейіпкерлер, оқиға немесе автор жөніндегі мәліметтерді ала білу. Осы материалдарды меңгеру сапасын тексеруге арналған бақылау сұрақтары беріледі. Бақылау сұрақтары оқулыкпен өзіндік жұмысты жүргізудің алдында ұсынылады.
2-кезеңде күрделірек міндет қойылады. Оқушыларды өз бетінше ұсынған тақырыптан ең бастыларын жалпылама жоспар бойынша бірнеше текстен бөліп алуын үйрету. Белгілі бір жүйемен орналасқан және берілген текстегі негізгісі не екенін көрсететін жалпылама сипаттағы жоспарлар, сұрақтар жиынтығы болып табылады. Бұл жоспар бойынша оқушы оқылған материал жайында өз әңгімесін құруына болады.
3-кезеңде оқушылардан мәтіннің түрін, ондағы негізгі мәселелердің ауқымын және мәтінге сәйкес жауап құру жоспарын өздері анықтай білуін іске асырады. Бұл кезеңнің аяғында оқушыларды өз ойлары мен ұсыныстарын іркілмей анық айтуға машықтанады. Олардың жауаптары, білімдерін ауызша тексеру формасына жұмсалатын уақытты едәуір азайтады.
4-кезеңде бір тақырып емес, бір немесе бірнеше тараудағы мәселелерді қамтитын тақырыптармен жұмыс істеуді қалыгтастарады.
5-кезеңде оқушылар баяндамалар мен рефераттар жазуға, конференциялар мен семинарларға қатысуға, әдебиеттермен жұмыс істеуге үйренеді.
6-кезеңде оқушылардың шығармашылық жұмысы, өз білімдерін тереңдетіп олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысу үшін ғылыми журналдармен, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады.
Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады: Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздылығы.
Оқуға деген қабілетінің артуы.
Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуге үйренеді.
Рухани байлығы молаяды.
Басқа оқушының түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
Өз ойының дербестігі.
Қорыта келгенде, өзіндік жұмыстар оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады.