Коллоидты жүйелердің электрлік қасиетері қос электрлік қабаттың түзілуі



бет1/2
Дата03.12.2023
өлшемі28,66 Kb.
#133666
  1   2



КОЛЛОИДТЫ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРЛІК ҚАСИЕТЕРІ
Қос электрлік қабаттың түзілуі
Қос электрлік қабат (ҚЭҚ) қатты зат – ерітінді (электролит) фазалар бөлімі шегінде пайда болады:
ерітіндідегі электролит иондарының біреуінің қатты зат бетіне таңдамалы адсорбция нәтижесінен. Мұнда қатты фаза бетінде қарама-қарсы иондары бар белгісімен қиын еритін қосылыстар түзетін иондар абсорбцияланады;
қатты фаза затының басқа фазаға ауысуымен беттік молекулаларының диссоциациясы нәтижесінде. Мұнда бөлшектерімен әлсіз байланысқан ион дисперсті ортаға ауысады, бөлшек бетінде онымен берік байланысқан ион қалады.
ҚЭҚ:
- потенциал анықтайтын иондардан;
- қарама-қарсы иондардың адсорбциялық қабатынан;
- қарама-қарсы индардың диффузиялық қабатынан тұрады.
Қатты фазамен берік байланысқан иондар –потенциал анықтайтын иондар. Сұйық фазаның қарама-қарсы зарядталған иондарының эквиваленттік мөлшері қарама-қарсы иондар деп аталады.
Қатты фаза мен сұйық фаза арасындағы потенциалдар айырымы беттік потенциал деп аталады ( - потенциал). мәні –бөлшек бетіндегі осы иондардың заряд санына тура пропорционал.
Бөлшектер қозғалған кезінде қос электрлік қабат жарылады (бөлінеді). Қатты және сұйық фаза ауысқандағы бөлінген жері бір-біріне салыстырмалы сырғанау жазықтығы деп аталады.
Қарама-қарсы иондардың диффузиялық тепе-тең таралуы:
- жылу қозғалысының;
-электростатикалық тартылу күшінің нәтижесінде тұрақталады.
Қарама-қарсы иондардың адсорбциялық қабаты:
- өзара әрекет электростатикалық күшінің;
-адсорбциялық күштің нәтижесінде тұрақталады.

Электр өрісін қойғандағы фазалардың ауысу жылдамдығын анықтайтын сырғанау жазықтығында пайда болатын потенциал электрокинетикалық потенциалξ (дзета потенциал) деп аталады. ξ мәні – диффузиялық қабаттағы қарама-қарсы иондардың санымен анықталады.
ξ = φ – ε
ε - адсорбциялық потенциал

Диффузиялық қабаттың қалыңдығы аз болған сайын, ξ аз болады, φ өзгермейді.
ξ = 0 болғандағы коллоидты жағыдайдың изоэлектрлік жағыдай деп аталады.


Мицелла құрылысы
Коллоидты ерітінділердіңмицелла теориясы бойынша зольдер екі бөлімнен: мицелладан,мицела аралық сұйықтан тұрады.
Мицелла – бұл молекулалар мен иондар санының үлкен агрегаттарын көрсететінколлоидты ерітінділерінің құрылымдық бірліктері. Мицела аралық сұйықтар дегеніміз коллоидты жүйенің стабилизаторлары болып табылатын электролиттер, электролит еместер және БАЗ еріген мицелланы бөліп тұратын дисперсті орта. Күміс иодидінің золі AgNO3 және KI арасындағы химиялық реакция барысында пайда болады. Коллоидты бөлшектердің негізін иодтың m молекуласын қамтитын қиын еритін күміс иодидінің микрокристаллдары құрайды. Мұндай монокристалдарды агрегаттар деп атайды. Егер реакция калий иодидінің артық мөлшерінде жүрсе, агреагат үстінде I- тың n ионының таңдамалы адсорбциясы нәтижесінде теріс зарядталған қабат пайда болады. Иодид ионы потенциал түзетін ион болып табылады.
AgNO3 + KI = AgI + КN03 (бір реагент артық мөлшерде)
Золь




  1. - агрегат –кристалл құрылымы бар атомдар, молекулалар, иондардан тұрады;

  2. - потенциал түзетін ион;

  3. - ядроны айнала қарама-қарсы иондар– адсорбциялық қабат;

  4. – диффузиялық қабат;

  5. – агрегат үстінде беттік потенциал – ядроның белгісі мен өлшемін анықтайтын иондар бекітіледі;

  6. - ядро адсорбциялық қабатпен бірге– коллоидтық бөлшек;

  7. - мицелла;

m - AgI молекула саны; n– потенциаланықтайтын иондардың саны;
х –диффузиялық қабат түзетін қарама-қарсы иондардың бөлшегі;
Егер KIартық мөлшерде болғанда мицелла келесі түрде болады(рис.5.9):
{(m AgI) nI- (n-х) К+}- х К+
ξ потенциалдың белгісі мен өлшемін анықтайтын адсорбциялық қабаттың құрамы мен саны өзгеруі мүмкін, зольдің агрегаттық тұрақтылығымен бірге жүреді.Егер ξ = 0 (изоэлектрлік жағыдай) –агрегаттық тұрақтылықтың жоғалуы.

Фаянс– Панет ережесі:
Кристаллдардың үстінде ерітіндіден қиын еритін қосылыстардың кристалдық торына кіретін қарама-қарсы иондармен түзіле алатын иондар адсорбцияланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет