Коллоидты системалар, оларды алу және мицеллалардың құрылысы


Колллоидты ерітінділерді тазалау



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата31.12.2021
өлшемі80,43 Kb.
#22030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Колллоидты ерітінділерді тазалау

Коллоидты ерітінділерді (зольдері) дайындағанда қоспада көптеген артық заттар болады.

Мысалы,   күміс   иодидінің   золінде   едәуір   мөлшерде   дисперсиондық   орта   су   К

+

және   N



-

    -


иондары, ал темір гидроксиді золінде дисепрсиондық орта молекулаларымен қатар Н

+

 және СI



-

иондары   болады.   Коллоидты   ерітінділерді   ертікіштің   және   бос   жүрген   иондардың

концентрацияларының   арасында   тепе-   теңдік   орнайды.   Ал,   колллоидты   бөлшектер

молекулалармен   иондарға   қарағанда,   мөлшері   үлкен   болғандықтан,   жартылай   өткізгіш

мебрана   арқылы   өтпейді.   Еріткішті   үнемі   жаңалап   ауыстыру   арқылы   коллоидты   ерітіндіні

бөгде қоспалардан тазартуға болады. Егер диализ процесі электр тоғы әсерімен іске асатын

болса,   оңда   электрдиализ-   деп     аталады,   ал   ультрафильтр   пайдаланып,   қысымды   реттеу

арқылы диализдейтін болса, ультрадиализ немесе ультрафильтрлеу деп атайды.

1-суретте   коллоидтарды   тазалауға   арналған   қарапайым   диализатор   көрсетілген.   Ол  төменгі

жағы жартылай өткізгішпен (2) қапталған воронкадан (1), дистелденген су құйылған ыдыстан

(4)   құрылған.   Ыдыстағы   су   ағынды.   Оның   деңгейін   реттеп   отыру   үшін   сифон   (6)

пайдаланылған. (5) - коллоидты (3)- шыны.

Коллодий   мембранын   даярлау.   Диализдеуде   жартылай   өткізгіш   мембрана   ретінде

коллодийден   немесе   целлофаннан   жасалған   мембраналарды   пайдаланады.   Коллодийден

(нитроклетчатканың  спирт  пен эфирдегі  ерітіндісі)  мембрана  төмендегі  жолмен даярлайды.

Таза жуылған, құрғақ конусты колбаға толғанша коллодидің ерітіндісін құйып қайтадан басқа

ыдысқа кері ауыстырады  да, колба түбінде калған коллодийді, колбаны айналдыра отырып,

ыдыс   қабырғасына   біркелкі   етіп   жағады.   Коллодий   ерітіндісі   колба   қабырғасына   бірыңғай

жағылып   қатайған   соң,   сумен   бірнеше   рет   шайып   тастайды.   Эфир   ұшып,   ал   спирт   сумен

жуылып кетеді. Колба қабырғасындағы коллодий пленкасын алу үшін пленканың бір шетін

колба   қабырғасына   ажыратып   су   құяды.   Суды   құя     түсіп,   пленканы   жартылай   колба

қабырғасынан  брсатып алады. Пленка қалың болу үшін колбаның ішке қабатына  коллодий

ерітіндісін екі рет жағады. Даяр  болған коллодий пленкасын  диаметрі 2-3см ұзындығы 5-10см

шыны түтіктің бір ұшына кигізіп штативке бекітеді.

Диализатор   жұмысқа   даяр.   Ультрадиализдеуге   және   электродиализдеуге   коллодий

пленкасын фильтр қағаз бетіне қондырады. Ол үшін фильтр қағазын түді тегіс   және тесікті

болып   келетін   фарфор   воронкасына   төсеп,   ыстық   сумен   ылғалдайды.   Онан     сон     су

моншасында    қыздырылған коллодий  ертіндісінен  құйып фильтрдің  бетіне  біркелкі  жаяды.

коллодийдің  артық мөлшерін құйып алады. Тығыз пленка алу үшін 2-10 мин. соң екінші рет

коллодий   ерітіндісін   воронкаға   құйып,   тағы   да   біркелкі   етіп   жағады.   Коллодийдің   артық

мөлшерін   құйып   алады.   15-20   минуттан   соң   кепкен   коллодий   пленкасы   жағылған   фильтр

қағазын воронкадан алып сумен жуады. Даяр болған пленканы жұмысқа пайдалауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет