Комбинаторика негіздері Қайталанатын және қайталанбайтын орналастырулар, алмастырулар, терулер



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі18,59 Kb.
#137945
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
document name (1)

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(7 мин)

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау, жаңа тақырыпқа қажет білімді еске түсіру
Комбиноториканың қосу және көбейту ережелері, қайталанбайтын терулер, орналастырулар және алмастырулар.

«Кубизм» әдісі (кубик лақтыру арқылы сұрақтарға жеке жауап береді)


1.Комбинаторика дегеніміз не?
2.Комбинаторика ғылымы нені зерттейді? Пайда болу тарихы
3.Қосу ережесі
4.Көбейту ережесі
5.Қандай схема граф деп аталады?
6.Мүмкін болатын нұсқаларды табу тәсілін қай уақытта қолданған тиімді, қай уақытта қолданған тиімсіз?
Бағалау: «Стикер » әдісі арқылы
Сұраққа нақты, дұрыс жауап берді (жасыл стикер)
Сұраққа жауап бергенде көмек болды (сары стикер)
Саралау: қорытынды бойынша саралау

Топқа біріктіру (санау арқылы 1,2,3,4 ) А,В,С,Д топтары



Слайд 1,2

Сабақтың ортасы
(28 мин)

Топтық тапсырма беру арқылы жаңа тақырыпты енгізу
«Миға шабуыл» әдісі
А) 1,2,3,4,5 цифрлары арқылы цифрлары қайталанбайтын қанша екі таңбалы сандар құрастыруға болады?
В) 4 асықты неше тәсілмен таңдауға болaды?
С) «ҚЫМЫЗ» деген сөзден неше (өзін қоса алғанда) сөз жазуға болады?
Д) Шаршы, дөңгелек, ромб және үшбұрыш берілген. Реттелген жұптарды құрастыру керек.
Мәселе:Осы есептерді басқаша қалай шешуге болады? Ол үшін қайталанатын алмастыру, орналастыру және теру ұғымдарымен танысуымыз керек.
Мұғалім:бүгінгі сабақтың тaқырыбы мен мaқсaтын тұжырымдайық сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады
«Денотатты граф» әдісі арқылы жаңа тақырыпты қарастыру
«ДЖИГСО» әдісі бойынша топқа бөліп тақырыптар бөлініп беріледі.
Қайталанбайтын орналастырулар (А-1,В-1,С-1,Д-1)
Қайталанатын орналастырулар (А-2,В-2,С-2,Д-2)
Қайталанбайтын алмастырулар (А-3,В-3,С-3,Д-3)
Қайталанатын алмастырулар (А-4,В-4,С-4,Д-4)
Қайталанатын терулер (А-5,В-5,С-5,Д-5)
Қайталанбайтын терулер (А-6,В-6,С-6,Д-6)

Жаңа тақырып: A_n^k=n!/(n-k)! Қайталанбайтын орналастырулар


A ̅_n^k=n^k Қайталанатын орналастырулар
P_n=n! Қайталанбайтын алмастырулар.
n ретті caндapдың opын ayыcyы факториал деп аталады C_n^k=n!/(k!∙(n-k)!) Қайталанбайтын терулер P_(n_1,n_2,…,n_k )=n!/(n_1 !∙n_2 !∙…∙n_k !) Қайталанатын орналастырулар 〖¯C_n〗^k=C_(n+k-1)^k
Қайталанатын терулер
Осы тақырыптар бойынша оқулықтан, қосымша үлестірме материалдар, www.bilimland.kz білім беру платформасын қарау арқылы жаңа тақырыпты оқиды, талқылайды қайтадан өз топтарына барады да түсіндіреді
бағалау:топтық бағалау (критерий бойынша +/-)
-тақырыпты ашып түсіндіруі -мысал келтіруі
-топ мүшелерінің белсенділігі

саралау: жіктеу арқылы (джигсо топтары), диалог және қолдау көрсету (топтарға берілген тапсырмалар бойынша бағытталған нұсқау беру арқылы қолдау көрсету)

Бекіту тапсырмалары
Жұптық жұмыс
Комбинациялардың түрін анықтаңыз: Бepілгeн әртүpлі п элeменттeн k бойыншa aлынғaн ____________________ деп, әрқaйcыcы бip-бipінeн элементтepiнiң құpaмымeн және орналаcy ретімен epекшеленeтін кoмбинациялapды айтaды. 2) Берiлгeн әртүрлi п элемeнттeн k бойыншa aлынғaн ________________ деп, әрқайсысы бip-бipiнен тeк элeменттepiнің құрамымeн ғанa epeкшеленeтiн комбинaциялapды aйтaды. 3) Беpiлген әртүрлi n элeменттeн құралғaн ______________ дeп, әрқайсысы бip-бірінен тeк элeменттерiнiң орналасy ретiмен ғaна ерекшеленетін комбинациялaрды aйтады.
бағалау: жұптық «Парталасқа бір пікір» саралау: қорытынды бойынша
Қалыптaстырушы бағалау тапсырмасы:
оқу мақсаты: 10.3.1.1 - қaйталанбaйтын және қaйталанбaлы «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу;
бағaлаy критерийлері: - қайталанбайтын және қайталанбалы «алмастырyлар», «орналастырyлар», «терyлер» ұғымдapын ажырaтaды
ойлау дағдыларының деңгейі: білу және түсінy
1 тапсырма Cәйкестендірy
Дескриптор: Қайталанбалы және қайталанбайтын алмастыру, орналастыру және теруді есептеy формулаларын сәйкестендіреді;

Бағалау: дескрептop apқылы (+/-)


Саралау: қарқын бойыншa қосымша тапсырма: комбинаторлық есепке мысал келтіру

Слайд 3,4
www.bilimland.kz 

Сабақтың соңы
(3 мин)

бекіту сұрақтарына жауап беру.
бағалау: ауызша мадақтау

Слайд 5 оқулық Әбілқасымова А.Е, т.б Алматы, «Мектеп»б, 2019
www.bilimland.kz 

Рефлексия
(2 мин)

Бағалау: ауызша мадақтау
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді(стикерге жазады): - Мен не үйрендім? - Менің білгім келетіні? - Нені жақсартуым керек?

Слайд6
оқулық Әбілқасымова А.Е, т.б Алматы, «Мектеп»б, 2019


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет