Көмек көрсету, қолдау мақсатында жас маманның 11 сынып – тәлім алушымен жүргізілген жұмыстарының есебі. (2021-2022 оқу жылының ІІ ж/ж бойынша)
Тәлім алушы: Чанбаева Д.С.- 11 «Ә» сынып оқушысы
Тәлігер: Чанбаева Ж.С. – математика пәні мұғалімі, педагог-модератор.
11 сынып оқушы Чанбаева Динара Сакыевна ҰБТ-ға Химия-биология пәні бағытына дайындық жұмыстарын жасап жүр.
Көмек көрсету барысында Динара екеуміздің жасаған жұмыстарымыз
Қалған уақытты анықтап, бос уақыттар үшін тәлім алушымен тәлімгердің жұмыс жоспары жасалды.
Мақсаты:
Оқушының білімділік шеберлігін қалыптастыра отырып, ізденімпаздыққа,
іскерлікке дағдыландыру.
Міндеті:
Бірге онлайн сабаққа қатысу арқылы қадағалау және кері байланыс жасау.
Сауалнама жүргізу арқылы, жұмыс қарқықындылығының динамикасын анықтап отыру.
Үнемі әңгімелесу, пікір алмасу, талқылау.
Оқушымен жұмысты алдымен бетпе –бет отырып әңгімелесуден бастадым. Жақсылап танысып алдық. Өзара пікір алмаса отырып қай пәндерінен дайындықтың аздығын және сондай мәселелер бойынша тәлім алушымның нені білетінін, нелерді шала білетінін анықтап, « Тәлім алушы-тәлімгер» педагогикалық зерттеу күнделігіме жазып отырдым, оларды жоспар жасағанда есепке алдым.
Дайындықты барлық пәннен де жүргізу керектігін түсіндім.
Сынып жетекшісі: Узембай Салтанат.
11. 04-18.04 аралығында тәлім алушымен жүргізілген жұмыстар:
1) аптада жасалыну керек жұмыс жоспарын құрдық.
2) жоспар бойынша жасалыну керек жұмыстардың орындалуын тексеріп жүрдім. Соның бірі әрі ең маңыздысы химия пәнінен Құдайберген ағаймен дайындық жұмысы болды.
Ағайдың бос уақыттарын тізім жазып, Динараға дайындыққа шақыруын өтініп, жұмыс кестесін құрдық.
3) өзім математикалық сауаттылықтан тест сұрақтарын талдап көмектестім.
4) биологиядан және химиядан арнайы «GetCroupe» бағдарламасы арқылы ақылы онлайн сабаққа қатысты.
5) құлақ тыныштығы мен еркіндікті қамтамасыз ету үшін мектептен құлаққап алып бердім.
6) ата-анасымен байланысып, үй жұмыстарына араластырмауды өтіндім.
Тәлім алушы оқушының соңғы өтпелі ҰБТ қорытындысы Қазақстан тарихы – 12 Оқу сауаттылығы – 17 Математикалық сауаттылық – 9 Химия - 18 Биология – 31 Барлығы – 87 ұпай.
Динара 87 ұпайды жинау оңай екенін жай ғана дайындықты зейінді түрде, есепті түрде жоспарлап, бастау керек екенін түсінді. Тәлімгер: Чанбаева Ж.С.