Дәрістің жоспары
• Инсулин.
• Глюкагон.
• Қантты диабеттің биохимиясы.
Қандағы глюкозаның қалыпты
мөлшері: 3,4-6,1 ммоль/л.
Қанға инсулин секрецияланады, егер
глюкозаның қандағы мөлшері 20-
30 % -ға жоғарыласа (көмірсуларға
бай тағамды қабылдағаннан кейін,
немесе адреналин мен глюкагон
көп мөлшерде қанға бөлінгеннен
кейін).
Инсулиннің биосинтезі
• Алғашында препроинсулин түзіледі
• Кейін препроинсулиннен сигналды пептид
бөлініп 84 АҚ-нан тұратын проинсулин
түзіледі. Оның молекуласы бір полипептидтік
тізбектен тұрады.
• Арнайы пептидгидролазаның әсерінен
проинсулиннің орталық аймағынан 27-33 АҚ-
нан тұратын С-пептид бөлініп шығып, инсулин
түзіледі.
• Қандағы С-пептидтің деңгейі бойынша
инсулиннің мөлшері туралы білуге болады.