Хэш-функция түсініктемесі. Криптографияда еркін ұзындығы бар бастапқы биттар жолын белгілі ұзындығы бар биттар жолына түрлендіретін ақпаратты түрлендіру алгоритмін хэш-функция (Hash-function) деп атайды. Олар цифрлық қолтаңба механизмдерінде, парольдерді қорғауда, хабардың аутентификациялау кодын құрастыруға қолданатын хабардың қысылған бейнесін жасауға пайдалынады.
Хэш-функцияларға үш негізгі талап қойылады:
- h(m) функцияның белгілі мәні бойынша оның m аргументін табу мүмкін емес (өте күрделі). Осындай хэш-функция айналдыруға берік деп аталады;
- берілген m аргументі үшін h(m)=h(m’) болатындай басқа m’ аргументін табу мүмкін емес. Осындай хэш-функция коллизияларды есептеу мағынасында берік деп аталады;
- практикалық пайдалы болу үшін хэш-функцияларды есептеу алгоритмдер тез есептелетін, және де белгілі жабдықтық есептеу ортасы үшін оптималданған болуы керек.
Көптеген хэш-функциялар бір бағытталған f(.) функциялар негізінде құрастырылады. Осындай функциялардың кірістеріне ұзындығы n болатын екі мәнді берген кезде ұзындығы n болатын шығудағы мән тудырылады. Осындай кірістер ретінде бастапқы мәтін блогы Mi мен мәтіннің алдынғы блогының Hi-1 хэш-мәні қолданылады (13.1 суретті қараңыз):
Мәтіннің соңғы блогын еңгізгендегі хэш-мән барлық М хабардың хэш-мәні болып табылады. Нәтижесінде бір бағыттағы хэш-функция кірудегі мәтіннің ұзындығынан тәуелсіз белгілі ұзындығы бар шығудағы мәнді құрастырады.
Электронды цифрлық қолтаңбаны құрастырғанда жіберуші біріншіден қолтаңба қойылатын М мәтіннің h(М) хэш-функциясын есептейді. Есептелген хэш-функцияның h(М) мәні барлық М мәтінді тұтасымен сипаттайтын ақпараттың қысқа m блогы болып табылады. Содан кейін m саны жіберушінің жасырын кілтімен шифрленеді. Осы әрекеттерден алынған сандардың жұбы аталған М мәтіні үшін электронды цифрлық қолтаңба болып табылады.
Электронды цифрлық қолтаңбаны тексерген кезде хабарды алушы канал бойынша қабылданған М мәтіннің қайтадан m=h(M) хэш-функциясын есептейді, содан кейін жіберушінің ашық кілтімен алынған қолтаңбаның хэш-функциянын есептелген m мәнімен сәйкестігін тексереді. Пайдаланушының жасырынды кілтін білмей электронды цифрлық қолтаңбасын жалған жасау мүмкін еместігі электронды цифрлық қолтаңба жүйесінің приципиалды ерекшелігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |