Коммерциялық емес акционерлік қоғам



бет7/27
Дата06.01.2022
өлшемі244,16 Kb.
#16830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Дәріс мақсаты: криптографиялық әдістерге қазіргі кездегі қойылатын талаптарды оқу.

 

   Барлық құпия (жасырын) байланыс саласын белгілеу үшін  «криптология» термині қолданылады, бұл термин cryptos – жасырын, logos – хабар деген грек сөздерінен пайда болған:. Қазіргі кезде криптология қазірдегі ақпараттық технологияларында маңызды қолданбалы нәтижелері бар математиканың жаңа бөлігі болып табылады және екі бағытқа бөлінеді: криптография мен криптоанализ. Хабарлардың мазмұнын құпиялықта сақтау үшін не істеу керектігін үйрететін ғылым криптография болып табылады.  Криптографиямен байланысатын адамдар криптологтар болып табылады. Электронды ақпараттық технологияларының дамуы мен практикалық қажеттіліктеріне байланысты криптография ғылым пәнге айналады.



  Қаскүнемнің кез келген әрекеттеріне қарсы тұралатын криптожүйенің беріктігін қамтамасыздандыратын әдістерді өңдеу криптографияның спецификасы болып табылады. Сонымен бірге, әрине, криптожүйе өңделген кезде теория мен технологиялық процестердің жаңа жетістіктерінің негізінде жасалатын шабуылдардың барлық мүмкін болатын әдістерін есепке алу мүмкін емес. Пайда болатын криптографиялық мәселені шешудің сенімділігін анықтау ең маңызды сұрақ болып табылады. Бұл сұраққа жауап криптожүйеге жасалатын анықталған шабуылдардың әрқайсысының еңбек сыйымдылығын бағалаумен байланысты. Осы есепті шешу әдетте өте күрделі және криптоанализ деп аталатын зерттеулердің тақырыбы болып табылады.

Криптоанализ – шифрлерді ашу туралы ғылым. Криптоаналитиктер –криптоанализ саласындағы мамандар. Жіберілетін хабарлардың конфиденциалдығы (құпиялығы) мен түпнұсқалығын қамтамасыздандыру криптографтың есебі болып табылады Криптографтар өңдеген қорғау жүйесін бұзу криптоаналитиктің есебі болып табылады. Криптоаналитик шифрленген мәтінді ашуға немесе жасанды хабарды ақиқат хабар ретінде ұсынуға тырысады.

Хабар ашық мәтіннен тұрады. Оның мағынасын басқаларға түсініксіз қылу мақсатымен ашық мәтінді түрлендіру процесі шифрлеу деп аталады. Шифрлеу нәтижесінде шифрмәтін пайда болады. Шифрмәтінді ашық мәтінге кері түрлендіру процесі  шифрды ашу деп аталады. Сонымен, мүмкін болатын ашық мәтіндердің жиынын мүмкін болатын шифрленген мәліметтер жиынына түрлендіретін криптографиялық түрлендірудің алгоритмдерінің жиынтығы мен оларға кері түрлендірулер шифр деп аталады.



Криптографиялық түрлендіру  дегеніміз мәліметтерді криптографиялық алгоритмдері бойынша түрлендіру яғни бірсыпыра детальдары құпиялықта сақталатын және осы детальдары белгілі болмаса орындалмайтын түрлендіру болып табылады. Толығымен немесе жартылай құпия болатын немесе жұмыс кезінде жасырын параметрлер жиынын қолданатын мәліметтерді түрлендіру алгоритмі криптографиялық алгоритм деп аталады. Криптографиялық алгоритм, тағыда шифр немесе шифрлеу алгоритм деп аталатыншифрлеу мен шифрды ашуға қолданылатын математиқалық функция болып табылады. Дәлелдеп айтсақ, осындай функциялар екеу болуы керек: біреуі шифрлеуге, екіншісі шифрды ашуға қолданылады.

Ашық мәтінді P (plaintext) деп белгілейік. Бұл мәтіндік файл, биттар бейнесі, сандық дыбыс, т.б. болуы мүмкін. Компьютерлік криптография туралы әнгімелеп отырғандықтан, жалғыз шектеуді есепке аламыз – P деп екілік мәліметтерді түсінеміз.  Шифрмәтінді (ciphertext) әрпімен белгілейміз, олда  екілік мәліметтер болады. Алынған шифрмәтіннің көлемі кей-кезде сәйкес ашық мәтіннің көлемімен бірдей, кей-кезде одан артық болады. Шифрленгеннен кейін түрленген ашық мәтін компьютерлік желі каналдары бойынша тасымалданады немесе компьютер жадысында сақталады.

 Шифрлеу E (EnCrypt) функциясының кірісіне P-ны беріп, шығуынан C-ны аламыз. Осыны келесідей жазуға болады:

   Шифрмәтінді кері ашық мәтінге түрлендіргенде шифрын ашу D (DeCrypt) функциясын кірісіне C түсіп, шығуында P алынады:



   Ашық мәтіннің кез келген криптографиялық түрлендіруінің мағынасы соңынан осы ашық мәтінді өз қалпына келтіру мүмкіндігінің болуында, сондықтан келесі өрнекті жаза аламыз:



 Мәліметтерді криптографиялық түрлендіруде негізделген ақпараттық процестердің кәдімгідей жағдайлардағы жұмысын бұзу мақсатымен арнайы жасалатын әрекеттерден ақпараттық процестердің қорғалуы криптографиялық қорғау болып табылады. Криптографиялық алгоритмнің сенімділігі тек қана алгортимнің өзінің жасырын болуында негізделген болса, алгоритм шектелген деп аталады. Осындай алгоритмдер криптографияның тарихы жағынан қызықты, бірақ шифрлеуге қойылатын қазіргі кездегі талаптарға сәйкес емес. Себебі осындай жағдайда жасырын хабарлармен алмасатын пайдаланушылардың әр тобының өзінің оригиналды шифрлеу алгоритмі болуы керек. Дайын жабдықтар мен стандартты бағдарламаларды қолдану мүмкін болмайды. Қазіргі кездегі криптографияда бұл мәселе К (key) кілттерін қолдану көмегімен шешіледі. Кілт бір жиын мәндерінен таңдалынады, ол жиын кілттер кеңістігі деп аталады. Және де шифрлеу функциясыда, шифрды ашу функциясыда кілттерден тәуелді болады:



 

Бұрынғыдай келесі шарт орындалады:



Кейбір алгоритмдер шифрлеу мен шифрды ашуға әртүрлі кілттерді қолданады:



Кілттерді қолданатын криптографиялық алгоритмдердің сенімділігі кілттерді дұрыс таңдау мен оларды жасырын сақтауда негізделген. Осындай алгоритмнің өзін жасырын сақтау қажет емес. Жұмысы осы алгоритмге негізделген криптографиялық құралдардың массалық өндіруін ұйымдастыруға болады. Алгоритмді білгенімен шифрленген хабарды оқып алу мүмкін болмайды, себебі жасырын кілт белгісіз болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет