15.1 Симметриялық криптожүйелер үшін уақыт белгілерін қолданатын хаттама
Сеансқа А мен В қатысушылардың әрқайсысының тек қана оларға және КТО-ға белгілі Kti (i = А,В) мастер-кілттері бар болады. Бұл мастер-кілттер КТО-да генерацияланып, жеке контакт кезінде әр объектіге беріледі. Мастер-кілт сеанстық кілтті желі бойынша тасымалдағанда оны шифрлеуге қолданылады Сеанстық KS кілті КТО-да генерацияланып, А мен В сеансқа қатысушылармен байланыс каналы бойынша хабарларды жібергенде оларды қорғауға қолданылады. Кілттерді тарату қадамында фальсификацияланған қайта шақырулардан қорғалу үшін бұл хаттамада Т уақытты белгілеу қолданылады.
А пайдаланушы кілттерді тарату қадамын бастау үшін, желі бойынша КТО-ға IDA және IDB идентификаторларды жібереді:
(15.1)
IDA идентификаторы анық жіберіледі, сондықтан хабардың шифрленген бөлігінің шифрын ашу үшін кімнің мастер-кілті керек болатынын КТО біледі. Ол үшін КТО-да идентификаторлар мен оларға сәйкес мастер-кілттердің кестелері бар. Қаскүнемнің IDA идентификаторды өзгертуге қолданған кез келген амалы шифрды ашудың дұрыс емес кілтін алуға келтіреді, сондықтан КТО қызметтері бұзушыны анықтайды.
Егер де хабар дұрыс болса, КТО менеджері KtВ мастер-кілтін тауып, сеанстық KS кілтті есептейді. Содан кейін А пайдаланушыға жауап хабары жіберіледі:
(15.2)
Бұл хабардың шифрын тек қана А аша алады, себебі ол KtА кілтте шифрленген. Бұл хабар алдыңғы кілттерді тарату процедурасының қайталануы емес екеніне көзі жету үшін А пайдаланушы Т уақыт белгісін тексереді. (15.1) хабарда шынында да қажетті адресат көрсетілгенін IDB идентификатор дәлелдейді. А пайдаланушы өзінде сеанстық KS кілтін сақтап, В-ға оның мастер-кілтімен шифрленген хабардың бөлігін, сонымен бірге KS сеанстық кілтімен шифрленген кездейсоқ r1 санын жібереді
(15.3)
Бұл кезде тек қана В пайдаланушы (15.3) хабардың шифрын аша алады. В пайдаланушы Т уақыт белгісін, KS сенастық кілтін, IDА идентификаторын қабылдайды. Егер де Т уақыт белгісі дұрыс болса, онда шақыратын объект ретінде тек қана А болатынына В сенеді. Уақыттың дұрыс белгісі, KtВ кілті мен шифрленген А сеансқа қатысушының уникалды идентификаторы В үшін А-ның ақиқаттығын дәлелдеуін қамтамасыздандырады. Содан кейін В сеанстық KS кілтімен хабарадың шифрын ашып, кездейсоқ r1 мәнін алады. Ақиқаттықты өзара дәлелдеу үшін В қатысушысы А –ға KS кілтімен шифрленген және құрамында кездейсоқ санның (f( r1) функциясы бар хабарды жібереді:
(15.4)
Егер де (15.4) хабардың шифрын ашқаннан кейін А қатысушы дұрыс нәтижені алса, байланыс желісінің бөтен жағындағы объект шынында да В болатына сенеді.
Барлық қадамдар дұрыс орындалған болса, KS сеанстық кілтімен өтетін байланысты орнатуға осы өзара ақиқаттықты дәлелдеу жеткілікті. А қатысушысы В–мен байланыс орнатқысы келген сайын сеанстық кілтті алу үшін бұл хаттамада КТО-мен алмасу қажет болады. КТО-ғы қорғалған және бір де кілттің беделі түсірілмеген болса осы хаттама А мен В объектілерге сенімді байланысты қамтамасыздандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |