Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата09.05.2022
өлшемі0,87 Mb.
#33494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресте  ең  бірінші  кезектегі  шаралар 

ретінде ел басшылығы мыналарды айқындады:  

– қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы құру

–  сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    күрес    жөніндегі    арнайы    барынша 

дербес    мемлекеттік    орган    (сыбайлас    жемқорлық    жағдайларын    тергеу 

бюросы) құру; 

–  сыбайлас  жемқорлық  жaсағаны  үшін  қылмыстық  жауапкершілікті 

қатаңдату; 

–  мемлекеттік  және  муниципалдық  қызметшілерге  жоғары  әлеуметтік 

кепілдіктер белгілеу; 

–  басқарушылық  кaдрларының  тұрақты  және  жоспaрлы  ротациясының 

практикасы; 

–  сыбайлас  жемқорлық  фактілері  бойынша  айғақтар  берген  адамның 

және  оның  отбасы  мүшелерінің  қауіпсіздігіне  заңнамалық  кепілдеме беру



22 

 

–    сыбайлас    жемқорлыққа    қaрсы    қызметті    БАҚ-та    кеңінен    ашып 



көрсету; 

–  заңдар  мен  нормативтік  актілерге  сыбайлас  жемқорлық  салдары 

бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу. 

Сингапурда  сыбaйлac  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  негізгі 

құрамдас бөліктері 

Бүкіл ел ішінде 

Мемлекеттік қызметте 

1)  Басқарушы  элитаның  саяси  күш 

жігері адал болу. 

2)  Заң үстемдігі. 

3)  Қару  мен  есірткіге  қарсы  қатал 

заңдар 


халықаралық 

құқық 


нормaлaрын имплементациялау. 

4)  Барлық  деңгейде  экономикалық 

өсу, = әл-ауқаттың артуы. 

5)  Қылмыстылық 

көбейген 

қалалық 


оқшауланған 

шетін 


дамытпау. 

6)  Төмен жұмыссыздық. 

7)  Жоғары білім деңгейі.  

1)  Мемлекеттік қызметшілердің 

 біліктілігі, олардың «сапасы». 

2)  Меритократия: HAIR. 

3)  Current Estimated Potential (CEP)  

қағидаттарында іріктеу, мемлекеттік  

қызметшілерді бағалау (әлеует пен  

қызметтің тиімділігі). 

4)  Сыбайлас 

жемқорлық 

құқық 

бұзушылықтaр  үшін  қатаң  заңнамалық 



жазалар.  

5)  Барабар  еңбекақы  –жеке  сектормен 

бенчмаркинг. 

 

3. Швецияда  жұртшылықтың  ақпаратқа  қолжетімділігі.  Ашықтық    пен  

айқындық  –  швед  демократиясының  негізі.  Швеция  – еркін  және  ашық  

қоғам,    онда    aзaматтарға    демонстрациялaрға    қатысу,  өз-өзін    айқындау  

еркіндігі,    баспасөз    бостандығы,    табиғи    жер-суға  кедергісіз    қол    жеткізу  

құқығы,  биліктің  іс-әрекетін  бақылау  құқығы  сияқты  құқықтар  мен 

бостандықтарға  кепілдік  берілген.  Ашықтық  тепе-теңдікті  қамтамасыз  ету 

және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру 

үшін алғышарт болып табылады.  

Швецияның  конституциялық  құрылысын  төрт  негізгі  заң  айқындайды: 

басқару  нысаны  туралы  акті,  баспасөз  бостандығы  туралы  акті,  өз ойын  

білдіру  бостандығы  туралы  акті  және  тақ  мұрагері  туралы  акті. Оларға  

мемлекеттің  барлық  басқа  да  заңдары  бағынады.  Конституция азаматтарға  

ақпарат    алудың    еркіндігін,    демонстрациялар    еркіндігін,  саяси    партиялар  

құру    құқығын    және    өз    дінін    насихаттауға    кепілдік  береді.  1991    жылы  

қабылданған  өз-өзін  aйқындау  бостaндығы  туралы  акті басқа да бұқаралық 

ақпарат  құралдарына  –  теледидар,  кино,  радио  және  электрондық  БАҚ 

баспасөз бостандығы туралы акті ережелерін таратты.  

Қоғамдық    бақылау.    Ақпарат    бостaндығы    қағидатының    мәні    – 

жұртшылық,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  да  ресми  құжаттарға  ашық  қол  

жеткізеді.  Бұл  швед  азаматтарына  мемлекеттік  органдар  және жергілікті  

биліктің    іс-әрекетіне    кедергісіз    бaқылау    жасауға    мүмкіндік  береді.  

Бақылаудың  мүмкіндігі  демократияның  нығаюына,  ал  билік қызметіндегі  

ашықтық  билікті  асыра  пайдалануға  жол  бермейді. 




23 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет