Статистикалық және динамикалық беттер.
Статистикалық беттер Web сервер каталогында орналасқан
файлдардың нақ копиясы болып табылады және өңдеуші өзі онда бір
нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді. Дегенмен беттер динамикалық түрде
қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес, белгілі бір программада
сұраныстың өңделу уақытында. Осындай беттердің қалыптасуының
бірнеше әдістері бар.
Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру.
Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге
асыру үшін серверге мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар
«кәдімгі» болады, ал қандайы оның программалық өңделуіне нұсқаулары
болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі құрастырады (арнайы командалар
көмегімен
немесе
ішкі
бағдарлама).
Беттердің
динамикалық
қалыптастыратын командасы болатын программа мәтіні скрипт деп
аталады.
Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.
Бұл жағдайда программа мәтіні динамикалық web- парағын
қалыптастыру үшін алдымен тұтынушының локальдық компьютеріне
беріледі, бұнда браузер web- парағын алу және өңдеу үшін оған сәйкес
заттар шақыру керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін бірнеше
технологиялар бар.
CGI- технологиясы.
Біздің сұранысымызға сәйкес дайындалған динамикалық беттер
«жылдам қалыптасты». Мысалы кез-келген пікірлер кітабы сізге белгілі бір
форманы көрсетеді, мұнда сіз өз мәтініңізді қосасыз, келесіде осы бетті
ашсаңыз онда жаңа хабарлама тұрады. Web-парағына динамикалық
мазмұнды қосуға мүмкіндік жасайтын технологиялардың бірі CGI (Comman
Gateway Interface) болып табылады. Ол сол немесе басқа URL мен
статистикалық документі емес программаны түсінуге мүмкіндік жасайды
нәтижесінде нақты уақытта мәліметтер қалыптастырады. Мысалы егер сіз
белгілі бір аймақтағы ауа райынын сол кездегі мәліметін бергіңіз келсе,
онда сіз әр бір ретте жаңа бетті құруыңыз керек. Бұл CGI технологиясының
негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Серверде жұмыс істеу бастағанда CGI
программасы қосылады, ол цифрлы өлшеуіш құралына айналып
температура, қысым және т.б мәліметтер береді. Әр кезде осы адрестен
мәлімет алу үшін байланысқаныңызда сіз сол уақыттағы мәліметті аласыз.
Басқа мысал: егер сіз ізденіс жүйесінен белгілі мәлімет алғыңыз келсе онда
27
CGI программасы жұмысының нәтижесін ізделінді адрестер жиынтығы
түрінде аласыз.
CGI программасын нақты уақыттағы Web сервердің бір бөлігі ретінде
қарастыруға болады. Сервер тұтынушының сұрағын CGI программасына
береді, ол оларды өңдеп жұмыс нәтижесін тұтынушы экранына қайтарып
береді. Клиент үшін адресте URL статистикалық құжат па немесе CGI
программа ма еш қандай айырмашылығы жоқ. CGI программалары
жұмысының нәтижесі статистикалық құжат сияқты форматта болады. CGI
терминін тек қана программа емес протокол ретін де түсінуге болады. Бұл
жағдайда CGI Web сервер үшін стандартты тәсіл болып табылады–
тұтынушы сұранысын бағдарламаға беру және одан мәлімет алу. Сервер
мен оның қосымшасының арасындағы бір біріне мәлімет жіберу жөніндегі
CGI протоколы HTTP протоколының бір бөлігі болып табылады. CGI
программасының үлкен бөлігі CGI скрипталары болып табылады. Скрип
дегеніміз интерпритацияланатын немесе басқа программаларымен жұмыс
жасайтын ережелер жинағы. Perl, JavaScript тілдері тура осы скрипталық
тілдер түрінде ойлап табылған. Олар сценарийлер жазу тілдері деп те
аталады. Негізінен CGI программасы скрипттік тілде және де компилярлық
тілде жазылуы мүмкін. C,C++, Delphi.
CGI
альтернативті
технологиясы
Micrоsoft
компаниясының
технологиясы болып табылады. Ол былай аталады Active Server Page (ASP)
ол да сол принциппен құрылған: web-серверге қосылған скрипт, парақ
тұтынушыға жіберуден бұрын серверде орындалады. Осы принциппен
орындалатын басқа да бір қатар технологиялар бар. Динамикалық мазмұны
сервер жағындағы қалыптасатын схемадан өзгеше динамикалық мазмұны
тұтынушы жағында көрінеді. Соңғы жағдайда активті құжаттар web
серверде және локольдік компьютерде сақталады. Онда белгілі бір
есептеулер орындалады және осы есептеулер нәтижесі экранда көрсетіледі.
Активті құжаттарды дайындауда түрлі технологиялар пайдаланады: бұл
мәліметтер JavaScript те Java апплеттерде жазылған қосымша болуы мүмкін
және басқару элементі ActiveX болады.
Бақылау сұрақтары:
1)
Web-сервер жұмысының механизмі қандай?
2)
Ститистикалық және динамикалық беттердің айырмашылығы?
3)
CGI, ASP серверлерінің технологияларының айырмашылығы
неде?
4)
«Скрипт программа» ұғымы нені білдіреді?
Достарыңызбен бөлісу: |