Коммерциялық емес акционерлік



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата10.05.2022
өлшемі0,93 Mb.
#33890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Провайдерлер және олардың желілері. 

Интернетке  қарап,  біз  интернет-провайдерлердің  қызметтерін 

пайдаланамыз  және  ISP(Internet  Service  Provider  –  Интернет  қызметін 

жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды 

деп  аталады),  оған  клиенттердің  көптеген  саны  қосылады.  Провайдердің 

желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер 

жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-

провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP  - 

Point  of  Presence)  бар  ірі  компаниялар,  бұл  нүктелерде  клиенттерінің 

Интернетке  қосылуын  қамтамасыз  етуге  арналған  провайдердің  аппаратты 

қамсыздығы.  Ірі  провайдердің  әртүрлі  қалаларда  өзінің  орналасу  нүктесі 

мен  мыңдаған  клиенттері  болады.  Бірнеше  қалаларда  орналасу  нүктелері 

бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді 

де атап көрсетуге болады. Телефон линиясы арқылы ISP мен байланысуды 

ұйымдастыру:  ДК  қолданушысы  драйверге  хабарласады  және  модем 

жинақтарының  ішіндегі  провайдер  модемдерінің  бірімен  байланыс 

орнатады  (модемді  пул  деп  атауға  болады).  Қолданушы  өзінің  ISP  не 

қосылғаннан  кейін,  ол  оның  желісінің  бір  бөлігі  болып  табылады. 

Провайдер  өзінің  серверінде  клиенттерге  әртүрлі  қызмет  көрсете  алады: 

электрондық  почта  (e-mail),  желілер  жаңалықтары  (Usenet)  және  т.  б. 

Провайдердің магистральды желісін көбіне тіректі желі немесе бэкбоун деп 

атайды  (ағыл.  Backbone-қырат).  Провайдер  желілері  көптеген  клиенттерге 

қызмет  көрсететіндіктен,  оның  жоғары  жылдамдықты  желісі  болуы  және 

жоғары трафикті қамтамасыз етуі керек (желі бойымен берілетін мәліметтер 

көлемі).  Өзінің  барлық  орналасу  нүктелерін  біріктіру  үшін,  провайдер  ірі 

коммуникациялық компаниялардан жоғары жылдамдықты арналарды жалға 

ала  алады,  сонымен  қатар,  өзінің  арналарын  тарта  алады.  Ірі 



12 

 

коммуникациялық  компаниялардың  өздерінің  жоғары  жылдамдықты 



каналдары бар. 

Провайдерлердің желілерін біріктіру. 

Кейбір  провайдерлердің  клиенттері,  мысалы,  ISP-A  бір  бірімен 

өздерінің  жеке  желілері  арқылы  өзара  байланысады,  ал  басқа  ISP-В 

компаниясының  клиенттері  өздерінің,  бірақ  егер  ISP-A  және  ISP-B 

желілерінің  арасында  байланыс  болмаса,  онда  А  компаниясының 

клиенттері  және  В  компаниясының  клиенттері  бір  бірімен  байланыса 

алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А және В 

әр  қалада  желілік  кіруді  (NAP  -  Network  Access  Points)  қамтамасыз  ететін 

нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, 

басқа  провайдерлердің  магистральды  желілеріне  қосылуы  құрылады, 

нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады. 

Интернетте  жүздеген  ірі  интернет-провайдерлер  орналасады  және 

олардың магистральды желілері NAP арқылы әртүрлі  қалаларда жасалады, 

және  мәліметтердің  үлкен  ағыны  NAP-түйіннің  әртүрлі  желілері  арқылы 

таралады. 

Үлкен  және  кіші  желілердің  бірігуі  (Интернетті  құрайтын)  негізінде 

шартты  келісімдер  жатады.  Әрбір  клиенттің  белгілі  бір  ISP  пен  өзінің 

компьютерін  немесе  жергілікті  желісін  провайдер  желісіне  қосу  туралы 

келісім  шарты  бар.  Кейбір  ISP-A  провайдерлердің  клиенттері  ISP-A 

желісіне  қосылу  туралы  келісім  құрайды,  өз  кезегінде  ISP-A  ISP-B  мен 

желілерін біріктіру туралы келіседі және солай жалғаса береді. 

Провайдерлер желілерінің иерархиясы. 

Әртүрлі  елдерде  халықаралық,  ұлттық  және  аймақтық  болып 

бөлінетін жүздеген провайдерлер бар. 

Аймақтық 

провайдерлердің 

желілері 

(екіншілік) 

ұлттық 


провайдерлердің  желілерімен  (біріншілік)  жоғары  жылдамдықты  каналдар 

арқылы  байланысады.  Мысалы,  АҚШ-та  Т1  стандартты  мәліметтерді  беру 

жылдамдығы 1,544 Мбит/с арна немесе жылдамдығы 44,74 Мбит/с жететін 

ТЗ арнасы. 

Осыдан  он  жылдай  уақыт  бұрын  Microsoft  корпорациясы  веб-

стандарттарды  құруды  қолға  алды.  Бұл  веб-стандарттар  қорыта  келе, 

барлық  веб-бағдарламалау  бойынша  берілетін  технологияларды  бір  бүтін 

етіп жинақтауға және көшірілетін веб-платформаны құруға бағытталған.   



 

Бақылау сұрақтары: 

1) 

Клиент-серверлік  архитектураны  құрайтын  негізгі  желілер 



қандай? 

2) 


Желіні  бағдарламалық  қамсыздандыру  қандай  принциппен 

жүргізіледі? 

3) 

Провайдердің магистральды желі термині нені білдіреді? 



4) 

Провайдерлер желілерінің бірігуі қалай орындалады? 

5) 

Интернетті түзетін желілер иерархиясы қалай аталады? 




13 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет