Коммерциялық емес акционерлік


  Дәріс  №5.  Интернеттегі  web  серверлер.  Web  –  сервер



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата10.05.2022
өлшемі0,93 Mb.
#33890
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
веб3

5  Дәріс  №5.  Интернеттегі  web  серверлер.  Web  –  сервер 

жұмысының  механизмі.  Статистикалық  және  динамикалық  беттер. 

CGI технологиясы. Скриптер 

 

Дәрістің  мақсаты:  интернеттегі  web-серверлер  жұмысының 

механизмімен,  функцияларымен,  статистикалық  және  динамикалық  web-

беттермен, CGI технологиясымен танысу.  



Дәрістің  мазмұны:  статистикалық  және  динамикалық  беттер.  CGI- 

технологиясы. Скрипт программа. 

 

Web-сервердің функциялары. 

Web-сервердің  басты  тапсырмасы  қолданушылардан  HTTP-сұраныс 

қабылдау,  сұраныстарды  өңдеу  және  оларды  сандық  компьютерлік  кодқа 

айналдыру. Содан кейін, HTTP-жауапты миллиондаған нөлдер мен бірлерді 

кескінге, медиа-ағынға, әріптерге, HTML парақтарға айналдырады.

 

Кез келген веб сервер қолданушыға ыңғайлы болатындай веб браузері 



болғаны  дұрыс.  Ол  веб  серверге  интернет  ресурстардың  URL-адресқа 

өзгертілген сұраныстарды жібереді. 

Стандартты  функциялармен  қатар,  кейбір  веб  серверлердің 

қосымшалары  болады.  Мысалға  алатын  болсақ,  сәйкес  келетін 

программалық  қамтамалар

 

ресурсқа  қолданушының  қатынас  жасауын 



бақылап  отырып,  оларды  жеке  журналға  жазуы  мүмкін.

 

Көп  жағдайда  веб 



сервер  мэйл  сервермен  бірге  орнатылады.

 

Бұл  қолданушыларға  сайттың 



өзінен  тікелей,  бір  ғана  гиперсілтемені  баса  отырып  поштаның  бетіне  тез 

арада өтуге мүмкіндік береді.  




25 

 

Веб сервер не үшін қажет? 

Жоғарыда  атап  өткендей,  веб  сервер  ақпарат  алмасу  үшін  Интернет 

желісін  қолданатын  барлық  қолданушылар  үшін  қажет.

 

Дегенмен,  көп 



мөлшерде  оған  қатынас  жасайтын  адам  емес,  программалар  мен 

құрылғылар.  Мысалы,  антивирустық  программалар  серверден  желіден 

іздеуді  және  өзінің  мәліметтер  базасын  жаңартуды  сұрайды.

 

Веб 



серверлермен  белсенді  жұмыс  жасайтын  ұялы  телефондар,  теледидарлар, 

Интернетке  қатынас  жасай  алатын  басқа  да  құрылғылар.  Программаларды 

автоматты  жаңартуға  баптауға  болады.  Бұл  жағдайда  қолданушының 

қажеттілігі  болмайды.  Кейбір  жаңартылатын  мәліметтер  базасын  жеке 

түрде қадағалап отырғаны дұрыс. 

 

Ең танымал веб серверлер. 

Атақты  және  кең  таралған  веб  серверлар  болып  Microsoft  IIS  және 

Apache  табылады.  Осылардың  арасында  ең  танымалы  Apache.  Оның 

программалық  қамтамасы  барлық  бар  болатындардың  ішінен  60% 

қолданылады.  Көп  жағдайда  бұл  мүмкіндік  Apache  серверінің  тегін 

болуына  байланысты.  Өндірушілер  күнделікті  өздерінің  өніміндегі 

қателіктерін 

ретке 

келтіреді. 



Бұл 

программаның 

кемшілігі 

мамандандырылған  программистер  мен  қолданушыларға  арналған,  сол 

себептен де болар қызмет көрсету және баптау біршама күрделі.  

Microsoft  компаниясы,  керісінше,  өзінің  IIS  веб  серверін  түсінуге 

қолайлы болатындай етіп, ортастатистикалық қолданушыларға дайындауға 

тырысып  жатыр.

 

Олардың  баптауын  мамандардың  көмегінсіз  жүргізуге 



болады. 

 

Apache  де,  IIS  де  көптеген  операциялық  жүйелермен  жақсы  жұмыс 



жасайды.  Мысалы,  Mac  OS,  Linux,  Microsoft  Windows  түрлі 

модификациясымен  және  т.б.  көптеген  түрлерімен.  Бұл  екі  сервер  жұмыс 

жасағанда  ыңғайлы,  жылдамдығы  жақсы,  оларға  қосымша  модульдерді 

қосуға болады.  

Браузердің  адрестік  жолындағы  қажетті  URL-ді  теріп  болған  соң, 

браузер  пайдаланған  протокол  (HTTP)  жөнінде  мәлімет  және  сервер  атын 

алады.  Сервер  атын  IP-  адреске  ауыстыру  үшін  браузер  DNS  серверіне- 

жүгінеді.  Алынған  IP-  адрес  негізінде  браузер  ізделінді  Web-  сервермен 

байланыс  орнатады  және  HTTP  протоколын  пайдалана  отырып  ізделінді 

ресурсты  сұрайды.  Сервер  браузерге  серверде  сақталатын  HTML  бетін 

жібереді. Браузер HTML- тэгтерін оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің 

экранында  бет  ашалады,  одан  сіз  өз  сұранысыңыздың  нәтижесін  көре 

аласыз. Әдетте қарапайым Web беттерде тек текст қана емес  графиктерден 

де  тұрады,  яғни  әртүрлі  типтегі  бірнеше  файлдан  тұрады.  Браузер  ол 

файлдарды  тану  үшін,  сервер  қандай  файлды  (HTML  форматындағы  текст 

немесе JPG форматындағы графика және т.б) жіберу керек жөнінде мәлімет 

береді,  содан  соң  файл  мазмұны  жіберіледі.  Әдетте,  Web  беттер  көптеген 

файлдардан  тұрғанына  қарамастан  бір  рет  сұраныс  уақытысынды  Web 

сервер  тек  қана  бір  файлды  жібереді.  Яғни,  html  текст  алып  одан 



26 

 

графикалық  элементке  сілтеме  тауып,  браузер  серверге  жаңа  сұраныс 



жібереді ( html текст келген серверге ғана жіберу міндетті емес). Әрбір жаңа 

файлды  көшіріп  алу  үшін  браузер  жаңа  HTTP  сұранысын  жіберу  керек. 

Бұнда  қазіргі  серверлермен  браузерлер  көп  ағынды  режімде  жұмыс 

істейтіндіктен  бір  мезгілде  бірнеше  сұраныс  орындалуы  мүмкін.  Егер 

берілген  адресте  сұранып  отырған  ресурс  жоқ  болса  онда  Web  сервер 

мынандай мәлімет береді: 404/File not found ( файл табылмады). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет