Коммерциялық емес акционерлік


  Дәріс  №8.  Интернет  сервистері.  Электрондық  пошта.  E-mail



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата10.05.2022
өлшемі0,93 Mb.
#33890
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
веб3

8  Дәріс  №8.  Интернет  сервистері.  Электрондық  пошта.  E-mail 

сервисінің  жұмыс  істеу  механизмі.  E-mail-дің  екі  протоколы. 

Электрондық поштаның адресі 

 

Дәрістің 



мақсаты

интернет 

сервистерінің 

жұмыс 


жасау 

механизмімен танысу.  



Дәрістің  мазмұны:  екі  сервис  –  екі  протокол.  Пошталық  клиенттің 

негізгі  функциялары.  Хатты  жіберу  және  жеткізу.  Арнаулы  таңбаларды 

және толтырма хабарламаларды жөнелту. 

 

Электрондық  почта  кез  келген  құжатты  –  ол  мейлі  қызмет  жайлы 



жалпы мәлімет бола ма немесе жай хабар түріндегі мәтін бола ма – бәрі бір 

олардың ақпараттық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде 

жеткізе алады. 

Электрондық  поштаны  пайдалану  кезінде  компьютерде  әртүрлі 

арнаулы  программалар  қолданылады  және  олардың  қажеттілігіне  қарай 

бірінен  біріне  жеңіл  ауысып  отыруға  болады.  Мұндай  программалар 

мынадай жұмыс атқарады: 

алынған мәліметтерді талдау және жаңа мәліметер дайындау; 



байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу. 

Кәдімгі  почта  тәрізді  электрондық  почта  да  бір  абонент  пен  екінші 

абонент  арасында  мәлімет  алмасу  үшін  қолданылады.  Жіберілетін 

мәліметте  екі  адрес  көрсетілуі  тиіс:  хатты  жіберуші  және  оны  алушының 

аты-жөні мен  оның компьютерінің желідегі адресі көрсетіледі. Хат иесінің 

адресін компьютер автоматты түрде өзі толтырады. Бұған қоса электрондық 

почта адрестерінде мынадай мәліметтер жазуға болады: 

- мәлімет тақырыбының қысқаша сипаттамасы; 

- хаттың көшірмесі тағы қандай адрестерге жіберілуі тиіс. 

Электрондық  почта  жұмысы  барысында  хаттың  тақырыбына  қоса 

оның жіберілген мерзімі, уақыты т.с.с. керекті мәліметтер тіркеліп қалады. 

Көптеген  желілер  алғашқы  ретте  ғылыми,  конструкторлық  және  оқу 

орындарын  байланыстыратын  жүйе  ретінде  жасалған  болатын.  Сондықтан 

ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция 

деп  аталып,  ол  белгілі  бір  салада  ғана  қолдануға  негізделген  еді.  Бірақ 

кейінен  желілер  практикада  кең  пайдаланылып,  оның  алғашқы  ғылыми 

семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте қала бастады. 

Телеконференция  ұйымдастыру  кәдімгі  кітапхана  немесе  архив 

жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы  тақырыптық каталогтар 

мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады. 

Бірсыпыра  байланыс  тораптарының  файлдық  серверлері  өз 

абоненттеріне  өздерінде  жинақталған  ақпараттық  материалдарды,  яғни 



37 

 

файлдар  архивін  пайдалануды  ұйымдастырып  жүр.  Ол  материалдар 



мәтіндік құжаттардан, кітаптардан, сызбалардан, компьютерлерге арналған 

программалардан  т.б.  тұрады.  Бұл  мәліметтер  ұзақ  уақыт  сақталады  және 

олардың көлемі де үлкен болады. 

Интернетке  кіру  рұқсат  етуді  регистрациядан  өткізу  уақытында  ISP 

қолданушыға  пошталық  жәшікке  дискінің  белгілі-бір  көлемін,  пошталық 

жәшіктің  адресін  (E-mail  Account  Address),  қолданушының  атын  (E-mail 

Account Login Name) және поштаға заңсыз кірудің рұқсатынан арылу үшін 

парольді  (E-mail  Account  Password)  бөліп  береді.  Электрондық  пошта 

адресі:  қолданушының_аты@домен_аты  форматында  болады,  мысалы, 

auesis@aipet.kz.

 

«@»  таңбасының  сол  жағындағы  бөлік  –  бұл  сервердегі 

пошталық жәшіктің аты (Account Namе), мұнан бұл адрестің иесі хаттардың 

алады  (берілген  мысалда  Auesis).  Ережедегідей,  қолданушының  аты 

пошталық жәшіктің атымен сәйкес келеді. «@» таңбасының оң жағындағы 

бөлік  домен  деп  аталады  және  осы  пошталық  жәшіктің орналасқан  жеріне 

көрсетеді. Электрондық поштаның адресін пайдаланушы жеткізудің ақырғы 

бекеті,  яғни  поштаны  көріп  жатқан  компьютер  болып  саналмайтынын 

ескере  кету  жөн.  Әр  қолданушы  бірнеше  адрестерді  әртүрлі  пошталық 

серверлерде  регистрациядан  өткізе  алады.  Бүгінгі  таңда  электрондық 

поштаның қызметін ақысыз көрсететін  жүздеген серверлер бар, сондықтан 

да  кез  келген  Интернет  қолданушы  әлемнің  әр  бөліктерінде  пошталық 

жәшіктерін  емін-еркін  регистрациялауы  мүмкін.  Сондықтан  электрондық 

пошта адресін сіздің үйіңіздегі компьютердің адресі айқындамайды, ал Сіз 

пошта алатын сервердің адресі беріледі. 

Белгілі  бір  қолданушыда  екі  адрес  регистрацияланған  деп  ойлайық: 

sasha@ny-server.com және sasha@almaty-server.ru. 

Ол  әр  жәшігінен  өзінің  компьютеріне  хаттар  алады,  бірақ  біреуін  ол 

Нью-Йорктегі  серверден,  ал  екіншісін  –  Алматыдағы  серверден  көшіреді. 

Осыған  байланысты  электрондық  поштаның  көрсеткіштік  адресациясы 

жеткізу маршрутын адрес анықтайтыны туралы айтады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет