Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам ҒҰмарбек дәукеев атындағЫ



бет3/4
Дата10.10.2022
өлшемі45,33 Kb.
#42239
1   2   3   4
Байланысты:
1семестрлік жұмыс

ҚОРЫТЫНДЫ
Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйедегі жаппай қуғын-сүргін кезеңіндегі негізсіз жазалау шаралары тек жекелеген адамдарға ғана емес, сондай-ақ жекелеген халықтарға да қарсы қолданылды. Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйедегі жаппай қуғын-сүргін кезеңіндегі негізсіз жазалау шаралары тек жекелеген адамдарға, дін иелеріне. әр түрлі әлеуметтік топтардың екілдеріне ғана емес, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік ұстанымы бойынша жекелеген халықтарға да қарсы қолданылды. Тоталитарлық жүйе жеке халықтарды саяси қуғындаудың депортациялау, яғни күштеп жер аудару әдісін қолданды. Жер аударылған халықтар репрессия зардаптарының барлық түрін бастан кешірді. Ол жөнінде 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңында көрсетілді. Жекелеген халықтарға мемлекет тарапынан әртүрлі қысымдар қолданылды: күштеп қоныс аудару; арнайы қоныстарға орналастыру; күштеп жұмыс істету арқылы құқықтарын шектеу; ұлттық ерекшеліктері жағынан мемлекетке өте қауіпті, сенімсіз халықтар деп тану.
Қазақстан Республикасында тың игеруге байланысты тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық және мал шаруашылығы құрылыстарын салу ұлғайтылды. Осындай игі істерге жергілікті халықтармен бірге ауыл-селолық жерлерге орналастырылған жер аударылғандар да белсене араласты. Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді табыспен орындау мемлекеттік саясатқа еңбек адамдарына, ауыл мен селоны қамтамасыз ететін өнеркәсіпке, бүкіл сондағы инфрақұрылымға байланысты еді. Соғыстан кейін мемлекет тұңғыш рет ауыл шаруашылығына басты назар аударып, халықты ынталандыруға, тұрмысына, рухани және мәдени сұраныстарын қамтамасыз етуге көңіл бөлді. Сөйтіп ауыл шаруашылығындағы еңбеккерлердің табыстары ескеріліп, тұрмыстары түзеле бастады, еңбекке деген ынталары өсті. Жергілікті кеңестердің ауыл және село тұрғындарымен бірге ұйымдастыру жұмыстарында халықтың білім алуы, денсаулық сақтау, сауда, мәдениет және тұрмыс, жол құрылысы оған ауыл тұрғындарының бірауыздан атсалысуы талап етілді. Сондай-ақ МТС жұмыстары жандандырылып, техникалық қажеттіктер, мал шаруашылығына, егін шаруашылығына машиналар бөлініп берілді. Сөйтіп ауыл шаруашылығын дамыту шаралары іске асырылды. Жұмысшылардың жалақылары өсіп қана қоймай, қосымша еңбек ақы енгізілуі ауыл шаруашылығындағы жетістіктердің көбеюіне септігін тигізді. Себебі жұмысшылардың еңбекақысының өсуі олардың ауыл шаруашылығындағы кіріс көлемінің мөлшеріне байланысты болды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасының нығаюы, ондағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің дамуы, өңдеуші өнеркәсіптің дамуына, олардың өзара байланысуына жағдай жасады. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісінің осындай байланысын орнықтыратын совхоз, колхоздар мен зауыттар, мал фермалары мен фабрикалардың әсері күшті болды. Совхоздар мен зауыттардың байланысы ауыл шаруашылығы өндірісімен, оның өнімдерін өнеркәсіптің өңдеуімен өздерінің тиімділігін арттырды. Жер аударылып келген халықтардың қоныстанған жерлерінде алғашында ауыл шаруашылығында еңбекке араласу төмен болды. Оған себеп өз атамекендерінде қызмет атқарған немесе ауыл шаруашылығына араласып көрмеген, басқа жұмыстарда істеген адамдар колхоз, совхоздардың ауыр жұмыстарына бой ұсына бермеді. Сондай-ақ, бірнеше адам істейтін жұмысты, жұмысшы күшінің жетіспеуінен бір адамның атқаруы, яғни ауыл шаруашылығына берілген техникалардың жеткіліксіздігінен ауыр жұмыстарды қол күшімен орындау да қиынға соқтырды. Мысалы, 1951 жылдың 1 қаңтарында Алматы ауданында құрамында 8332 шаруашылығы бар 14 ірі колхоз болды. Ондағы жұмыс істейтін 13 111 адам, ал ауданның жалпы егіс көлемі 157 332 гектарды құрады. Сонда 1 жұмысшыға шаққанда 12 гектар жерден келетін еді. Мұндағы жер аударылған халықтардың еңбектері көбінесе егістік жерлерде жүргендіктен орташа есеппен 1 жұмысшыға 2 гектар жерде жұмыс істеуі жүктелді [17]. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының әр саласына бұрынғы бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалмауындағы кемшіліктерге назар аударылып, болашақта жұмсалатын және жетпей жатқан қаржының орнын толтыру мәселелерін де қарастырылды. Мысалы, бұрындары 3-4 жылдың аралығында 500-600 мың шары метр жерге тұрғын үй салынып келсе, енді 3-4 жыл аралығында, 3 миллион 200 мың шаршы метрге тұрғын үйлер салынды. Бұл халықтың әл-ауқатының түзеле бастағанның да белгісі еді. Ауыл шаруашылығында жер аударылғандар арасында жұмыстар жандана түсті. Үй құрылыстары көбейіп, ауылдық жерлерге адамдар тұрақтай бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет