ҒЫЛЫМҒА ҚОЙЫЛАТЫН КРИТЕРИЙЛЕР
Ғылымилықтың ең басты критерийі - жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер. эксперименттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.
Ғылымға қойылатын тағы бір критерий онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды - адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.
Философияның негізгі мәселелері[өңдеу]
Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:
- Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?
- Бізді қоршаған дүние таныла ма?
Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?
Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай? Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және баска мәселелер.
Ғылымилықтың үшінші критерийі ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.
Тағы бір төртінші критерий рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын тандап алу.
Ғылымға қойылатын бесінші критерий зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және гылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.
Философиямен айналысудың қажеттігі[өңдеу]
Философия жастарға не береді? Ол практикалы ма? Келешек менеджерге, банкирге, бағдарламашыға, дәрігерге, заңгерге, инженерге, мұғалімге, философияны оку қажет пе? Олар оны өмірлік қызметіне пайдалана ма? Бұл сұрақтарға жауап ретінде ежелгі грек философы Эпикурдің біздің заманымызға дейінгі 341 -- 270 жастарға айтқан ғасырлар койнауынан келе жатқан үндеуін еске түсіруге әбден болады. Ол былай деген екен: "Кім болса да, әзірге жас кезінде, философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын". Философия адамға:
- өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз өмірінің мақсатын ажыратуға;
- дүние түзілімнің жалпылама заңдары мен ұстанымдарын тануға; -
- шынайы құндылықтар мен бағдарларды таңдап алуға, қалай болғанда да дұрыс (адаспай, елеске ермей, азапсыз) өмір сүруге;
- кез келген мәселені терең зерделеп, дұрыс шешу үшін оны тұтастай, жан-жақты көре білуге;
- философиялық даналықты өзін-өзі жетілдіру үшін пайдалануға;
- өзінің ішкі рухани арқауын шыңдау және өмірде кездесетін қиындықтарды мойымай жене білуге үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |