Коммерциялық емес



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата26.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#32267
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Дәрістің  мазмұны:  «Қайта  құру»  кезеңіндегі  республикадағы 

өзгерістер,  реформаны  жүзеге  асырудағы  қателіктер  мен  сәтсіздіктер  және 

КСРО-ның ыдыруы мәселелері қарастырылады. 

 

1.  «Қайта  құру»  идеяның  бастамашысы  –  ЦК  КОКП  бас  хатшысы 



Михаил  Сергеевич  Горбачев  болып  табылды.  Қайта  құрудың  басы  деп  1987 

жылды  саналады,  себебі  1987  жылдың  қаңтар  айындағы  ЦК  КОКП 




41 

пленумында  «қайта  құру»  саясаты  мемлекеттің  дамуының  бастапқы  бағыты 

деп  жарияланған.  «Қайта  құру»  деген  термин  1986  жылы  мамыр  айындағы 

Горбачевтың  Ленинград  қаласына  іс-сапарында  қалалық  партия  комитетінің 

активімен  кездескенде  бірінші  рет  айтылған.  Осы  термин  ақпарат 

құралдарының тілшілерінің «арқасында» жаңа дәуірдің ұраны болып кетті.  

«Қайта құру» үш кезеңнен тұрады: 

Бірінші  кезеңі  (наурыз  1985  ж.  –  қаңтар  1987ж).  Қайта  құрудың 

бастапқы  кезеңі:  -  Кеңес  одағының  саясатының  және  экономикасының 

«кейбір»  кемістіктерін  мойындағаннан  басталды;  -Алкогольге  қарсы 

компания;  -  Халық  шаруашылығының  «жылдамдату»  (ускорение)  саясаты;  - 

Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу, т.б. қадамдарымен белгіленді.  

1985-1986  жылдары  Брежневтің  кезінен  келе  жатқан  ескі  кадрлердің 

үштен  екісін  ауыстырылды.  Дәл  сол  кезде  мемлекеттің  басқаруына 

А.Н.Яковлев,  Е.К.  Лигачев,  Н.И.Рыжков,  Б.Н.Ельцин,  А.И.Лукьянов  сияқты 

келешекте  орын  алатын  тарихи  оқиғалардың  белсенді  қатысушылары 

тағайындалды. 

Екінші кезең (қаңтар 1987 ж. – маусым 1989 ж). 1986 жылының соңында 

кеңес  одағының  экономикасына  екі  ауыр  жағдай  туындады:  біріншіден 

бүкіләлемдегі  мұнайдың  бағасының  төменге  күрт  түсуі,  екінші  фактор  – 

Чернобыль  апаты.  1987  жылы  қаңтар  айындағы  ЦК  КОКП  пленумда  «Жеке 

кәсіпкерлік  туралы заң»  қабылданды. Кооперативтер  ашылып,  шет  елдермен 

бірлескен  кәсіпорындар  жаңбырдан  кейінгі  саңырауқұлақтар  секілді  көбейді. 

Жалпы  әлемнің  Кеңес  Одағына  деген  көзқарасы  өзгеріп,  батыс-шығыс 

елдермен 

арадағы 


қарым-қатынасы 

жақсарды. 

Қоғамдық 

өмірде 


«жариялылық» саясаты орын алды. Сонымен бірге экономикалық жағдайдың 

төмендеуі, халықтың тұрмысы нашарлауы, ұлттық сепаратизмнің бас көтеруі, 

ұлтаралық  наразылық  пайда  болуы  (1986  жылғы  желтоқсан  айындағы 

Алматыдағы  жастар  көтерілісі,  армян  мен  әзірбайжан  арасындағы  Карабах 

шиеленісі,  Прибалтикадағы  1987  тамыз  айындағы  қақтығыстар,  т.б.)  сияқты 

елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады. 

Үшінші  кезең  (маусым  1989-1991  жж).Осы  кезеңде  елдегі  саяси 

жағдайы  қатты  тұрақсызданып,  елде  көптеген  демократиялық  саяси  топтар 

пайда  болды.  КСРО    держава  атағынан  айырылып,  «тәуелсіздіктер  парады» 

басталады.  Бұл  кезең  «қайта  құрудың»  ең  ауыр  уақыттардың  бірі  болған. 

КСРО-да    экономикалық  дағдарыстардың  тереңдей  түсу  нәтижесінде  үстіне, 

аяғына киетін киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік деңгейінен» 

төмен түсіп күн көре алмай жүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік 

дүкендерінде  ештеңе  жоқ,  ал  жеке  кооперативтік  дүкендерде  –  өте  қымбат 

бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздар саны көп 

болды. 


Осы соңғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып, КСРО-ның 

ыдырауы басталды. 

2.  1986 жылғы  желтоқсан  оқиғасына  жылдар  бойы  қордаланған  

себептер  түрткі  болды.  Орталықтың  өктемдік  әрекеттері  мен  демократиялық 




42 

принциптері  арасындағы  қайшылықтар,  шовинистік  саясат  т.  б.  қалыптасқан 

жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды. 

1986 жылы  16 желтоқсанда  Қазақстан  коммунистік  партиясының 

Орталық  Комитетінің  V  пленумы  болды.  Пленумда  Қазақстанды  көп  уақыт 

бойы  басқарған  Д.  Қонаевты  орнынан  босатып,  мемлекет  басшылығына 

республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші 

хатшысы  болған  Г.В.  Колбин  тағайындалды.  Ел  басшылығының 

ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың 

бұл  әрекеті  барып  тұрған  саяси  қателік  және  халық  мүддесін  мүлде 

елемеушілік болды. 

Республика  басшылығының  ауыстырылуына  қарсылық  ретінде 

1986 жылы  17 желтоқсанда  Алматы  қаласында  жастардың  толқуы  басталды.     

Мұндай  наразылықтар  басқа  қалаларда  да  өтті.  Наразылықтың  басты 

қозғаушы  күші  студенттер,  жастар  болды.  Жастар  толқуы  бейбіт  жағдайда 

Алматы көшелерінде басталды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық 

сипаттан алшақ еді. Тек лениндік ұлт саясатының бұрмаланбауы, әр ұлтқа өз 

басшысын  қою  керек  деген  сөз  жазылған  ұрандар  ұстап  жүрді. 

Бюрократиялық  жүйеге  үйренген  республика  басшылары  жастар  пікірін 

тыңдағылары  келмей,  олардың  тез  тарауын  талап  етті.  Шеруді  тарқату 

мақсатында  республика  басшылары  Алматы  горнизоны,  басқа  да  әскери 

күштер жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату 

мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді. 

Осыншама  ірі  күштер  сапер  күрегі,  үйретілген  иттер,  су  шашатын 

машиналар,  сойылдар  т.  б.  қарулар  көмегімен  демонстрацияны  тоқтатты. 

Қоғамдық  тәртіп  сақшылары  өрескел  қатыгездікке  барып,  көп  адамдардың 

қаза  табуына  жол  берілді.  Республика  басшылары  бұл  жағдайға  көз  жұма 

қарады. 


Шеруге  қатысқандарды  тергеу  ісі  өте  қатал,  заңсыз  жүргізілді.  Тергеу 

камераларына,  қаланың  сыртына  әкетілгендердің  саны  8,5 мың  болды.  Оқу 

орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды. 

Желтоқсан  оқиғасына  қатысқандардың  ішінен  Қайрат  Рысқұлбеков, 

Ербол  Сыпатаев,  Ләззат  Асанова,  Сәбира  Мұхаметжанова  сияқты  жастар 

жазықсыз  өктем  биліктің  құрбандары  болды.  Біраз  уақыттан  кейін  сол  кезде 

айыпталған 99 адамның 46-сы ақталды. 1987 жылғы КОКП Орталық Комитеті 

Алматыдағы  1986 жылғы  желтоқсан  оқиғасын  «қазақ  ұлтшылдығының 

көрінісі» деп бағалады. 

Желтоқсан  оқиғасы  КСРО-ның  ыдырауын  тездетті.  Кейіннен  КСРО 

басшылығы  желтоқсан  оқиғасында  жіберілген  қателерді  мойындады.  КОКП 

ОК-ның  желтоқсандағы  жастар  шеруін  қазақ  ұлтшылдығы  деп  кінәлау  қате 

деген  қаулы  шығарды.  КСРО  халық  депутаттарының  I  съезінде  ақын,  қоғам 

қайраткері  М.  Шаханов  желтоқсандағы  орталықтың  жүргізген  іс-әрекетін 

қатты  сынап,  тұңғыш  рет  мінбеде  сөз  сөйлеген  болатын.  Бұл  желтоқсан 

шындығын ашудағы алғашқы қадам болды. 

3.  Елдегі  мемлекеттік  өкімет  билігі  жүйесі  мен  экономиканың  шұғыл 



43 

күйреуі жағдайында 1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ 

КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. 

Декларацияның  қабылдануы  Қазақстанда  жалпы  демократиялық 

процестердің  барысын  шапшаңдатты,  мұның  өзі  елдегі  болып  жатқан 

оқиғалармен  тығыз  байланысты  еді.  1991  жылдың  ортасынан-ақ  Қазақстан 

басқа  республикалармен  бірге  іс  жүзінде  орталыққа  оппозицияда  болды.     

Қазақстанның  бастамасы  бойынша  Белоруссиямен,  Украинамен,  Ресеймен 

және  басқа  республикалармен  бір-бірінің  егемендігін,  қалыптасқан 

шекараларды, 

орнатылып 

жатқан 


өзара 

пайдалы 


экономикалық 

байланыстарды  мойындау  туралы  екіжақты  келісімдер  жасалды.  1990  жылы 

желтоқсанда төрт республика — Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан 

егеменді  мемлекеттер  одағын  құру  туралы  инициатива  көтерді,  Новоогарев 

келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыстар жүргізілді. 

1991 ж. 18 - 21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұмысты үзіп 

жіберді.  КСРО  вице-президенті  Г.И.  Янаев,  КСРО  премьер-министрі  В.С. 

Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, 

КСРО  Ішкі  істер  министрі  Б.К.  Пуго,  КСРО  Қорғаныс  министрі  Д.Т.  Язов, 

КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше 

жағдайлар  жөніндегі  Мемлекеттік  комитет  (ТЖМК)  құрып,  елдегі  барлық 

билік  осы  ұйымның  қолына  өтетіндігін  мәлімдеді.  Бұл  іс  жүзінде  Кеңес 

Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу 

мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс еді. 

Тамыздағы  мемлекеттік  төңкерістің  болуымен  және  орталықтың 

ешқандай  ымыраға  келмеуімен  байланысты  одақтас  республикалардың 

жетекшілері  бұған  дейін  жүргізіп  келген  келіссөз  талаптарынан  бас  тартты. 

Ол  КСРО-ның  күйреуін  және  бұрынғы  одақтас  республикалардың,  оның 

ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі 

Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті. 

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Қазақстан Президентін сайлау 

болып,  сайлауда  Н.Ә.  Назарбаев  жеңіске  жетті.  10  желтоқсанда  Президент 

Н.Ә.  Назарбаев  өз  қызметіне  кірісті.  Осы  күні  Қазақ  КСР-ын  Қазақстан  Рес- 

публикасы  деп  атау  туралы  шешім  қабылданды.  1991  жылы  16  желтоқсанда 

«Қазақстан 

Республикасының 

мемлекеттік 

тәуелсіздігі 

туралы» 

Конституциялық  заң  қабылданды,  бұл  күн  Тәуелсіздік  күні  болып 

жарияланды. 

1991  жылы  желтоқсанда  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығын  құру 

(ТМД) өте күрделі жағдайда өтті. 

8  желтоқсанда  Минскіде  (Беловежск)  Белорусь,  Ресей  және  Украин 

президенттері  «Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығын  құру  туралы»  Беловежск 

келісіміне  қол  қойды.  Онда  жоғарыда  аталған  мемлекеттер  1922  жылы      

Одақтық  келісімге  қол  қойып,  КСРО-ны  құраушылар  болғандықтан:  «КСРО 

халық-аралық  құқықтың  субъектісі  ретінде  өмір  сүруін  тоқтатады  және 

геосаяси  мәнін  жоғалтады»,  -  деп  мәлімдеді.  Одан  әрі:  «Біздің  халықтардың 

тарихи  бірлігіне,  қалыптасқан  қатынастарға  сүйене  және  екі  жақты 




44 

келісімдерді  ескере  отырып,  демократиялық  құқықтық  мемлекет  құру  үшін 

жоғарғы  келісім  жасаушы  тараптар  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығын 

құрады»,  -  деп  атап  көрсетілді.  Сөйтіп,  бұл  келісім  1922  жылы  Кеңес 

Одағының  құрылуы  туралы  шарттың  күшін  жойып,  Тәуелсіз  Мемлекеттер 

Достастығын құрды. 

Бұдан  кейін  Орта  Азия  және  Қазақстан  мемлекет  басшылары 

Ашхабадтағы  кездесуде  «Беловежск  келісімін»  талқылап,  тең  құқықтық 

дәрежеде жаңа мемлекеттер достастығын құруға әзір екендіктерін білдірді. 

Сөйтіп, 1991 жылы 21 желтоқсанда Апматы қаласында бұрынғы Кеңес 

Одағы  құрамындағы  11  тәуелсіз  мемлекет  арасында  Тәуелсіз  Мемлекеттер 

Достастығын құру туралы келісім хаттамасына қол қойылды. 

Сол күні ТМД-ның құрылуы жөніндегі «Апматы Декпарациясына» қол 

қойылды.  Онда  ТМД-ны  құрушы  мемлекеттер  демократиялық,  құқықтық 

мемлекет  құруға  ұмтыла  отырып:  «Олардың  арасындағы  қарым-қатынастар 

әрбір  елдің  мемлекеттігін  тану  және  құрметтеу,  өзін-өзі  билеу  құқығының 

бұлжымастығы,  тең  құқылық  және  ішкі  істеріне  қол  сұқпау  ұстанымы,  күш 

қолдану мен күшпен қоқан-лоқы жасаудан, экономикалық және қысым жасау 

әдістерінен  бас  тарту,  дауларды  шешу,  адам  құқы  мен  еркіндігін,  соның 

ішінде  аз  ұлттардың  да  құқығын  құрметтеу,  халықаралық  құқық  нормалары 

мен міндеттерді адал орындау негізінде дамиды», - деп мәлімдеді. 

ТМД  Жарғысы  бойынша  Достастыққа  қатысушылар  тепе-теңдік 

негіздегі  үйлестіруші  институттар  арқылы  жұмыс  істейді.  Ондай  ұйымдарға 

мемлекет  басшыларының  және  үкімет  басшыларьіньің  кеңесі  жатады.  Бұл 

ұйымдарда  әр  мемлекет  бір  дауысқа  ие,  ал  шешім  ортақ  келісім  жолымен 

қабылданады.  Мемлекет  басшыларының  Кеңесі  жылына  2  рет,  үкімет 

басшылары  жылына  4  рет  жиналады,  сонымен  қатар  кезектен  тыс  та 

өткізіледі.  Достастық  мемлекеттерінің  тұрақты  атқарушы  және  үйлестіруші 

органы  -  Кеңесші-  үйлестіруші  комитет  болды.  Комитет  үкімет 

төрағаларының 

орынбасарлары 

деңгейінде 

жасақталады. 

Достастық 

шеңберінде Парламентаралық ассамблея құрылып, жұмыс істейтін болады. 

 

 



Бақылау сұрақтары: 

1) КСРО тарауының негізгі себептері жайында баяндаңыз. 

2) КСРО-ның өмір сүруінің түпкілікті тоқтатылуы және ТМД – Тәуелсіз    

Мемлекеттер Достастығының құрылуы туралы Декларация қашан, қай жерде   

талқыланды? 

3) 1991 жылғы «Тамыз бүлігі» неге жүзеге аспады? 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет