Коммерциялық емес



Pdf көрінісі
бет26/31
Дата26.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#32267
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Дәрістің мазмұны: Елбасының 1992 жылы жариялаған «Қазақстанның 

егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегі мен 

«Қазақстан жолы – 2050» стратегиялық бағдарламасының, сондай-ақ тұңғыш 

призидентінің  «Тәуелсіздік  дәуірі»  еңбегінің  негізгі  қағидалары  мен 

тұжырымдамаларының еліміздің даму болашағына әсері баяндалады. 

 

1.  Елбасының1992  жылы  жариялаған  «Қазақстанның  егемен  мемлекет 



ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясы»  еңбегінің  маңызын 

төмендегі 5 сала бойынша саралауға болады:  

1) Тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді. 

2) Ел дамуының түбегейлі концепциясы алғаш рет анықталды. 

3) Ішкі және сыртқы саясат саласындағы мәселелер анықталды. 

4) Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды. 

5)  Қазақ  халқының  тарихи  миссиясына  тоқталып,  жергілікті  ұлт 

мүддесінің ерекше ескерілу қажеттігі айтылды. 

Елбасы:  «Ұлт  өзінің  мемлекетінсіз  ұлт  болып  өмір  сүре  алмақ  емес... 

Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың – қазақтардың мүдделері жекелеген 




82 

мәселелерде  ерекше  атап  айтылатыны  әбден  орынды,  мұның  өзі 

мемлекеттердің бірқатарында тап осылай етіледі де». 

Тұңғыш  Президентің  әзірлеген  осы  стратегиясының  негізінде  қысқа 

уақыт ішінде мынандай ауқымды мәселелерге қо жеткіздік: 

- макроэкономикалық тұрақтылыққа,  

- теңдессіз инфляцияны тоқтатуға,  

- өндірісті жандандыруға,  

- жекешелендірудің негізгі кезеңдерінен өтуге,  

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасына кірісуге,  

- қол жетімді зейнеткерлікпен қамтамасыз етуге қол жеткізе алдық. 

Еңбектің  пайда  болуының  объективтілігін  екі  жағынан  көрсетуге 

болады: біріншіден, қоғамда бастау алған түбегейлі қайта өзгерту уақытының 

келуі  болса,  екіншіден,  қоғам  алдында  тұрған  айқын  мақсатты,  дәлірек 

айтқанда,  Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен 

дамуының стратегиясын анықтаудың қажеттігі шешілді. 

Басты  мақсат  ретінде  Елбасы,  Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде 

қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы 

сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастыра 

алды.: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне 

және  өз  жауапкершілігін  сезіне  отырып,  бейбітшілікті  сақтау  Қазақстанның 

мемлекеттік  саясатының  басымдықты  мақсаты  деп  танимыз;  саяси, 

экономикалық  және  басқа  да  мақсаттарға  қол  жеткізудің  құралы  ретінде 

соғысқа  немесе  әскери  күштер  қаупіне  жол  бермейміз;  ядросыз  мемлекет 

мәртебесін  алуға  және  ядролық  қаруды  таратпау  шартына  қосылуға 

ұмтыламыз;  жаппай  қырып-жоятын  қаруларды  бірінші  болып  қолданбау 

ұстанымын  қуаттаймыз  және  осы  міндеттемелерді  барлық  әлемдік 

қоғамдастық 

мемлекеттері 

қабылдауын 

жақтаймыз; 

белгіленген 

шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне 

араласпауды қолдаймыз». 

Тәуелсіздікке  қол  жетісімен  алғашқы  кезектегі  маңызды  мәселелерді 

шешу  талап  етілді.  1992  жылдың  басында  «Қазақстанның  егемен  мемлекет 

ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясы»  атты  мемлекет 

басшылығының  орташа  мерзімдегі  тұңғыш  жоспары  өмірге  келді.  Аталған 

тарихи 

маңызы 


бар 

құжатта 


оның 

мақсаты: 

«...Бүгінде 

біздің 


қозғалысымыздың  бағытын  көруге,  оқиғаны  болжап  білуге,  түпкі  мақсатқа 

қол жеткізуге әркімнің сенімді болуына мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы 

дамуының  айқын  да  нақты  тұжырымдамасы  сондықтан  да  қажет»  деген 

сөздермен  айшықталған.  Бірінші  кезекте  мемлекет  ретінде  қалыптасуымыз 

қажеттілігін  көрсетті.  Бұл  дегеніңіз  биліктің  мемлекеттік  институттарын 

құрудың,  жалпы  халықаралық  аренада  танылуға  жетудің,  әртүрлі 

дүниежүзілік ұйымдарға кірудің қажеттігі. Қазір, өткенге барлай отырып, бұл 

жоспар  көбіне-көп  тірі  қалудың  стратегиясы  ретінде  өз  мақсатын  орындап 

шықты деп нақты айта аламыз. Ол стратегияның түйінді идеялық мәні «жақсы 

тұрмыс – баршамыз үшін» деген ұғым болды. 




83 

2. Елбасының 2017 жығы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, 

бір  болашақ»  атты  Жолдауының  тарихи  маңызы  ерекше.  Елбасы  өз 

Жолдауында  «Мәңгілік  ел»  болып  қалу  үшін  бүгінгі  заманға  сай  болудың 

жолдарын  нақтылап  берді.  «Біз  үшін  болашағымызға  бағдар  беретін,  ұлтты 

ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  –  «Мәңгілік  ел» 

идеясы» деп Елбасымыз бұл идеяның қажеттілігін ерекше атап өтті. «Мәңгілік 

ел»  идеясының  негізгі  мақсаты  -  елімізді  қарышты  дамыған  мемлекетке 

айналдыруда  ұлттық  мүддені,  рухани  дүниені  жаңғыртуды  және  өзіміздің 

қазақ  ұлтының  мерейін  асыруға,  қалыптасқан  тарихи  үрдістерін  жаңғыртуға 

арналған құжат деп білуге болады. Ел басшысы өз сөзін ары қарай жалғастыра 

келе:  «Біз  бәріміз  бір  атаның  -  қазақ  халқының  ұлымыз.  Бәріміздің  де  туған 

жеріміз біреу - қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз 

бар,  ол  -  тәуелсіз  Қазақстан.  Біз  болашаққа  көз  тігіп,  тәуелсіз  елімізді 

«Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық». 

Елбасы  Жолдауында  білім  саласы  қызметкерлерінің  алдына  да  үлкен 

міндеттер  қойды.  «Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын 

жақсартуда  бізді  ауқымды  жұмыстар  күтіп  тұр.  2020  жылға  қарай 

Қазақстандағы  3-6  жас  аралығындағы  балаларды  мектепке  дейінгі  біліммен 

100  пайыз  қамту  жоспарлануда.  Сондықтан  оларға  заманауи  бағдарламалар 

мен  оқыту  әдістемелерін,  білікті  мамандар  ұсыну  маңызды.  Орта  білім 

жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді  Назарбаев  зияткерлік 

мектептеріндегі оқыту-деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс 

және, ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Ал мәселеге тереңірек 

үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында. Елбасы 

қазақ  тілі  ұлтымыздың  асыл  қазынасы,  басты  құндылығы  екендігін  «…әрі 

қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық 

қазақ  үшін  бұл  дүниеде  қымбат  не  бар  екен!»,  оның  тарихтағы  рөлін 

«…Ғасырлар  бойы  қазақтың  ұлт  ретіндегі  мәдени  тұтастығына  ең  негізгі 

ұйытқы болған - оның ғажайып тілі». Мемлекеттік-деңгейдегі маңыздылығын 

«мемлекеттік  тіл  -  бұл  Отан  бастау  алатын  Ту,  Елтаңба,  Әнұран  секілді  дәл 

сондай нышан», ел бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы  әлеуметтік мәртебесін 

«…Біз  барша  қазақстандықтарды  біріктірудің  аса  маңызды  факторы  ретінде 

мемлекеттік  тілді  одан  әрі  дамыту  үшін  барлық  күш-жігерімізді  жұмсауға 

тиіспіз», қоғамдағы қызметі мен баршаға міндеттелу негізін Елбасымыз Н.Ә. 

Назарбаев  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауында  «Өзді-өзімізді  және 

балаларымызды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуіміз керек. 

Қазақстандық  патриотизм  дегеніміз,  -  елімізбен  жеріміздіңің  тәуелсіздігі, 

білім  мен  ғылымда,  мәдениетте,  спортта  әлемдік  сатылардың  биік  шыңынан 

көріне білу.  

Қазақстанның  тағдыры  үшін,  өткен  ата-бабалар  мен  болашақ  ұрпақ 

алдында,  қазақ  халқы  -  басты  жауапкер.  Сондықтан  да  біз,  ілгері  өркендеп, 

дамыған елдердің қатарынан көрінеміз бе, әлде тарих қалтарысында қаламыз 

ба?  -  ол  Мәңгілік  Елдің  жасампаз  ұрпақтарына  байланысты  болмақ!  Сөйтіп 




84 

Елбасы Н.Ә. Назарбаев, өзінің осы Жолдауындағы мағыналы ойларын барша 

Қазақстандықтарғаарнап, орындалу жолдарын да міндеттеді. 

3.  2019  жылы  Тәуелсіздік  күні  қарсаңында  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  «Тәуелсіздік  дәуірі»  атты  жаңа  кітабының  тұсаукесер  рәсімі 

өтті.  Президенттің  бұл  еңбегінде  еліміздің  жаңа  тарихы  мен  оның  ертеңіне 

деген  автордың  көзқарасы  қамтылған.  Тарихи  публицистика  жанрында 

жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған кітап қалың оқырман қауымға 

жол тартты. Кітаптың мазмұны 4 бөлімнен тұрады. Олар: 

1) «Мемлекетіміздің дүниеге келуі» - 1991-1995 жылдар. 

2) «Ұлы бетбұрыс» 1996-1999 жылдар. 

3) «Қияға құлаш сермеу» 2000-2010 жылдар  

4) «Қалыптасқан мемлекет» 2010-шы жылдар деп аталған. 

Автордың  өзі  атап  көрсеткендей,  «Мемлекет  құру  –  аса  күрделі 

жасампаз  процесс».  Кітап  біздің  неден  бастап,  қай  жерге  келгеніміз,  қайда 

бағыт алып бара жатқанымыз жөнінде көптеген сұраққа жауап береді. 

Кітапта «Тәуелсіз Қазақстанның бастауында. Жаңа мемлекетке 20 сын-

қатер»  деп  аталатын  қызықты  графика  бар.  Қазір  бұл  сын-қатерлер  еңсеріл-

геннен кейін мұның өзі тарихқа айналды. Қазіргі кез дағдарыс, қақтығыс пен 

мемлекеттік апаттар қаупі еселеп артып отырған кез. Әрбір мемлекет ерте ме, 

кеш пе, әйтеуір «тарихи жол айырығына» тіреліп: азып-тозу, революция жасау 

не  эволюциялық  даму  жолын  таңдау  қажеттігіне  тап  болады.  Қазақстандық 

модель  немесе  Назарбаев  моделі  –  бұл  эволюциялық  даму  жолы,  яғни 

қоғамның  орнықтылығы  экономикалық,  саяси  және  гуманитарлық 

салалардағы озыңқы даму жобаларымен қамтамасыз етіледі. Бұл модель 2017 

жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назар-

баевтың  «Жаңғыру  –  3.0»:  саяси  (конституциялық  реформа),  экономикалық 

өзгерістер  мен  «Рухани  жаңғыру»  деп  аталатын  жобасы  шеңберінде  іске 

асырылып  жатыр.  Заманауи  теорияларда  мемлекет  дамуының  негізгі  үш 

шарты бөліп көрсетілген:  

1)  биік  мақсаттарды  алға  қойып,  іске  асыра  алатын  саяси  лидердің 

болуы; 


2) мемлекетте сындарлы стратегиялық даму жоспарының болуы; 

3)  адами  капитал,  қызығушылығы  зор  әрі  біліктілігі  жоғары  еңбек 

ресурстары  дамудың  басты  факторына  айналады.  Ал  «Үштік  шиыршық» 

теориясы бойынша: 1. Күшті мемлекет, 2. Дамыған бизнес, 3. Инновациялық 

ғалыми-білім  беру  жүйесі  оны  іске  асыру  тетігі  болып  табылады.  Яғни 

прогресс  нарықтық  әдістермен  ғана  жүзеге  асырылмай,  мұнда  Елбасының 

мемлекеттік  ерік-жігері  мен  ұлттың  жұмылуға  әзір  күйі  айқындаушы  күшке 

айналып,  инновациялық  ғылыми-білім  беру  жүйесінің  міндетті  түрде  болуы 

ел  табысының  маңызды  және  міндетті  шарты  болады.  Тарих  бізге  билікке 

құрмет  болмаған  жерде  сергелдең  жағдай  қалыптасатынын  көрсетіп  отыр. 

Қазақстанда  1991  жылғы  желтоқсанда  тәуелсіздік  алған  кезден  бастап  еліміз 

саяси транзит жолына түсті. Бұл ретте бізге жүрер жолымызды ешкім көрсетіп 

бере  алмады,  себебі  жетер  жерімізді  айқындау  қиынға  түсті.  Дегенмен 



85 

Қазақстан  осы  жылдар  ішінде,  осындай  жағдайлар  болса  да  демократия 

жолында  байыппен  жылжып  келе  жатыр.  Қазақстанда  құрылған  әлеуметтік-

саяси  модель  ТМД  кеңістігінде  жаңа  ғасырдың  сын-қатерлеріне  барынша 

барабар  модель  болып  шықты.  Ол  1995  жылғы  Конституцияда  жазылған. 

Қажетті  реформаларды  жүзеге  асыру  үшін  бір  адамның  –  Қазақстан 

Республикасының 

Тұңғыш 


Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

бүкіл 

жауапкершілік жүгін өз мойнына алуына тура келді. Біз, тіпті жақын жатқан 



елдердің қазіргі тарихи тәжірибесінің өзінен әрбір тұлғаның, ел басшысының 

өз жолында пайда болған сын-қатерлерді еңсере алмайтынын көріп отырмыз. 

Осы  жылдарда  Назарбаевтың  ядролық  қаруға  қарсы  бастамалары  әлемдік 

ауқымдағы негізгі жетістік болғаны анық. Оны жалпыжұрт танып, мойындап 

отыр.  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  әлемде  өзінің  көлемі  жөнінен 

төртінші орындағы ядролық әлеуетке ие болды. Алайда ол одан өз еркімен бас 

тартып,  ядролық  клуб  державаларынан  қауіпсіздік  кепілдігін  алды.  Бұл 

жағдай  Қазақстанның  әлемдік  кеңістікке  кіруіне,  сондай-ақ  инвестициялар 

тартуына кеңінен  жол  ашты.  Бүгінгі  таңда  Қазақстан  әлемде ядролық қаруға 

қарсы  қозғалыстың  көшбасшысы  болып  саналады.  Біріккен  Ұлттар  ұйымы 

Семей  ядролық  полигоны  жабылған  күн  –  29  тамызды  Ядролық  сынақтарға 

қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп таныды. Елімізде Атом энергиясы 

жөніндегі  халықаралық  агенттіктің  төмен  байытылған  уран  банкінің 

орналастырылуы  бізге  деген  жоғары  сенімнің  айғағы  болып  табылады. 

Қазақстан  Президенттің  орасан  зор  күш-жігер  салуы  арқасында  тарихи 

ауқымы  бар  басқа  миссияларды  да  іске  асырды.  Бұл,  әрине  Қазақстанның 

ЕҚЫҰ-да төрағалық ету жылы, 2010 жылы осы ұйымның Астанада өткізілген 

саммиті,  содан  соң  2011  жылы  республикамыздың  Ислам  Ынтымақтастығы 

Ұйымына  төрағалық  етуі.  Қазақстанда  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің  үш 

съезі,  Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңестің 

бірнеше  форумы  өткізілді.  Қазақстан  Түркиямен  бірге  Ислам  бітімгершілігі 

бастамасын іске  асырып  келеді.  ЭКСПО  өткізілгеннен кейін, 2017 жылғы 10 

қыркүйекте 

елімізде 

Ғылым 

және 


технология 

жөніндегі 

Ислам 

Ынтымақтастығы  Ұйымының  бірінші  форумы  өтті.  Бұл  ұйым  да  еліміздің 



2011  жылы  Ислам  конференциясы  ұйымы  елдері  Сыртқы  істер  министрлері 

кеңесінің  форумында  айтылған  бастамасы  бойынша  құрылды.  Шанхай 

ынтымақтастығы  ұйымын,  Еуразиялық  экономикалық  одақты,  Сирия 

жөніндегі  Астана  сұхбат  алаңын  құру  Қазақстанның  аса  маңызды  әлемдік 

бастамалары  болып  табылады.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Қауіпсіздік 

Кеңесіне  мүше  болу  –  елдің  ерекше  жетістігі.  Сонымен  қатар  қала 

құрылысының теңдесі жоқ ғажайып жобасы әрі әлемдік бастамалар орталығы 

– Астана қалыптасты. Президенттердің сіңірген еңбегін мойындау өркениетті 

қоғам  мәдениетінің  бір  бөлігі  болып,  өз  тарихыңа  деген  құрмет  белгісін 

білдіреді. Оны атап өтуге деген осындай тәсілдің үлгісі ретінде, ең алдымен, 

заманауи  мәдениет  пен  кемел  қоғамның  өнегесін  танытып  отырған  елдер 

АҚШ пен Францияны атап көрсетуге болады. Мәселен, АҚШ-та президенттер 

күні  тойланады.  Ал  Францияда  тұңғыш  президент  Шарль  де  Голльдің  туған 



86 

күні  арнайы  атап  өтіледі.  Сол  сияқты,  мысалы,  Сингапурда  елді  аяққа 

тұрғызып, еңселі ел еткен бірінші Премьер-министр Ли Куан Ю-дің өмірі мен 

қызметіне  байланысты  кезеңдер  атап  өтіледі.  Жалпы  алғанда,  мемлекет 

тарихының дамуындағы елеулі кезеңдерге байланысты айтулы күндерді атап 

өту  –  өркениетті  елдердің  дәстүрі.  Мұның  өзі  де  қалыпты  құбылыс,  өйткені 

тарихты біртуар тұлғалар жасайды. Тиісінше, тарихтың маңызды даталары да 

осындай адамдармен байланысты болады. 2017 жылғы 1 желтоқсанда Қазақ-

стан  Тұңғыш  Президент  күнін  алтыншы  рет  атап  өтті.  Қазақстан 

Республикасы  Тұңғыш  Президентінің  күні  Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсіздігіне  20  жыл  толған  2011  жылғы  желтоқсанда  Қазақстан 

Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  теңдессіз 

еңбегін  атап  өту  және  мойындау  мақсатында  бекітілген  болатын.  Бірінші 

жалпыхалықтық  сайлау  қорытындысы  бойынша  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев  Президент  лауазымына  сайланған  күн  –  1991  жылғы  1  желтоқсан 

осы  мереке  күнін  таңдауға  тарихи  алғышарт  әрі  негіз  болды.  Тарих  көрсет-

кендей, Мемлекет басшысының сіңірген еңбектерін мойындау заңды процесс 

болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан мен оның халқын жаңа 

жеңістерге  нық  сеніммен  бастап  келеді.  Сондықтан  Елбасы  «Тәуелсіздік 

дәуірі»  деп  аталатын  кітабы  адамдардың  жүрегіне  жол  тапты  және  ол  әрбір 

қазақстандық  оқырманның  кітапханасында  ең  маңызды  кітаптардың  бірі 

болары анық. 

 

Бақылау сұрақтары: 



1)  ҚР  тұңғыш  президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның  егемен 

мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясы»  еңбегінің  басты 

ерекшелігі неде? 

2)  Тәуелсіздік  негізі  –  «Қазақстан  жолы  –  2050»  стратегиялық 

бағдарламасының елімізді алға жетелеудегі ерекшелігін көрсетіңіз? 

3)  Елбасының  жоғарыдағы  еңбектерінің  жазылуының  объективтік 

себептерін қаай түсіндіруге болады? 

4)  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Тәуелсіздік  дәуірі»  атты  жаңа 

кітабындағы мемлекет дамуының негізгі үш шартын толық ашып беріңіз? 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет