Коммуналдық мемлекеттік мекеме «Байет жалпы орта білім беретін мектебі»



бет1/3
Дата28.12.2022
өлшемі23,61 Kb.
#60093
  1   2   3
Байланысты:
7 сынып уйде оқыту


Коммуналдық мемлекеттік мекеме «Байет жалпы орта білім беретін мектебі»
Қаралды: Келісемін : Бекітемін:
Математика-жаратылыстану Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директорының м/а
ә/б жетекшісі
_________ Р. Нуртай _____________Н. Рашат _____________ Г.Б.Ахметова

-------------------- ----- ---------------- ----- -----------------


Математика (Санау)


Үйден оқыту
7- сынып

2015-2016 оқу жылы

Пән мұғалімі: Нуртай Р.

Түсінік хат


Математика 7- сынып үйден оқыту бойынша ҚР –ның Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 8 шілде №333 бұйрығымен бекітілген А80 Арнайы білім беру бағдарламасы «Көмекші мектептерге арналған типтік оқу» бағдарламасына сүйене отырып құрылды.
Аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат.
Оқушының денсаулығы мен жас ерекшелігін ескере отырып, бесінші модуль бойынша алынды.
Бесінші модулде- сынып және жеке сандар кассалары , шоттар, арифметикалық жәшік, 100- ге дейінгі сандар кестесі, бірінші ондық және толық ондық сандарының кестесі қолданылады.

Бесінші модуль: Бірінші жүздік сандары . (4 бөлім бойынша)


Бөлімдері:

  • 1-100 сандарының нумерациясы – 9 сағат

1-20 сандарының нумерациясын қайталау,
Толық ондықтарды құру және жазу. Толық ондықтардың сан қатарындағы дәйектілігі. Бірінші ондық және толық ондықтарды салыстыру. 21- 99 ға дейінгі толық сандардың үш тәсілі арқылы құрылуы: бірнеше ондықтарға, бірнеше бірліктерді қосу; алдағы санға 1 санын қосу, берілген санның келесісінен 1 санын азайту. 21-ден 99-ға дейінгі әрбір санды жазу, сандағы цифрлардың орнының маңызы. Сандар разрядтары: бірліктер, ондықтар .Олардық разрядтық тордағы орны. 21- 100 сандарының ондық құрамы. Сан қатарындағы басты қасиетті. Жұп және тақ сандар

  • 100 саны көлеміндегі арифметикалық амалдар

(Қосу және азайту) - 7 сағат
10 саны көлеміндегі қосу және азайту жағдайларын қайталау . 100 саны көлемінде ондықтан аттамай ауызша есептеу тәсілдерімен қосу және азайту толық ондықтарды қосу және азайту. Жақшалар. Жақша кездесетін есептердегі амалдардың орындалу тәртібі. Толық ондықтар мен бірліктерді қосу және азайту. Екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қосу және екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Қосу мен азайту өзара кері амалдар. Қосуды азайтумен және керісінше тексеру. Қосудың орын ауыстырғыш қасиетін түсіндіру.
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет