тіліндегі нәсілшілдіктің сарқыншағы» алаңдатады. Сөйлеуші
black
сөзін жағымсыз,
white сөзін жағымды коннотацияда қолдана тұрып,
«қараны жаманмен, ақты жаңсымен байланыстыратын нәсілшілдік
дәстүрдің келмеске кеткенін саналы түрде әлі де түсінбейді».27
Али Мазруи бұл дәстүрді Ібілісті қара, Періштені ақетіп суретте-
ген христиан дінінің таралуымен байланыстырады. Ол Библия мен
классикалык, ағылшын әдебиетінен қара нәсілділердің ар-ұжданы-
на тиетін көптеген мысалдар келтіреді. Ағылшын тіліндегі әдебиет-
терді Африка халықтарыныңтіліне аударуда бүл едәуір қиындықтар
туғызатынын айтады. «Венеция көпесіндегі» Порция өзіне көңілін
білдіруге келген ағылшын, неміс, француз ақсүйектерінен тұратын
күйеу жігіттерді талқылай келіп, солардың қатарындағы Морокко
ханзадасы туралы үзілді-кесілді былай дейді:
«If he have condition
of a saint and the complexion od a devil, I had rather he should shrive
me than wife me» / Жүрегі әулиедей таза, жүзі Ібілістей қара болса,
жарындай емес, қызындай қабылдасын/.
Зерттеу авторының пікірінше, қазіргі ағылшын тіліндегі түстерді
білдіретін метафорикаға қатысты тез арада бір шара қолдану ке-
рек. Таяу уақытта ағылшын тілінде сөйлейтін қара нәсілділер саны
жағынан ақ нәсілділерді басып озады. Әлбетте, бул
blackmail (қара
сөз) сөзін
whitemail (ақ пошта) деп,
black market (қара базар тіркесін
white (ақ) не
brown market (қоңыр базар) деп өзгерту керек деген
сөз емес. Алайда ағылшын тіліндегі нәсілшілдіктің сарқыншағына
саналы көзбен қарап, тым болмаса ағылшын тілінің африкалык,
вариантына жаңа альтернативті метафораларды енгізу - оның
позициясы мен танымалдылығын нығайта түсер еді. Али Мазруи
африкалыцтарға ағылшын тілін қабылдауда сыни көзбен қарап, бел-
сенді болу керектігін айтып, тілден нәсілшілдікті («Deracialization of
English») аластатуға шақырады.
Әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты, тілдік құбылыс-
тың әлеуметтік-мәдени шарттылығы өткір саяси мәселеге айналып
отыр. Бұл
«Political correctness» атты мықты мәдени, идеологиялық
қозғалыстың бас көтеруіне негіз болды.
Сөз тіркестерінің әлеуметтік-мәдени шарттылығына тағы бірне-
ше мысал келтіре кетейік:
He really loved to have white men staying
on the place... And she was fascinated by the
young gentlemen, mining engineers, who
were his guests at times.
He, too, was fascinated by a real gent
leman. But he was an old-time miner with a wife, and if a gentleman
looked at his wife, he felt as if his mine were being looted, the secrets of
it pryed out (D.H. Lawrence).
Достарыңызбен бөлісу: