Компанияның тәуекелді басқару жүйесін дамыту



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата25.11.2023
өлшемі0,76 Mb.
#127861
1   2   3   4   5   6
1-кесте 
– Тәуекелдерді басқару әдістері [4]
Тәуекелдерді өтеу әдістері тобы
– ұйым қызметінің стратегиялық жоспарлануы;
– белсенді маркетинг;
– сыртқы ортаны болжау;
– әлеуметтік-экономикалық және құқықтық орта мониторингі;
– компания жүйесін құру
Тәуекелдерді бөлу әдістерінің тобы
– қызмет түрлерін әртараптандыру;
– өткізу және жабдықтауды әртараптандыру;
– кредиторлық міндеттемелерді әртараптандыру;
– инвестицияларды әртараптандыру;
– қатысушылар арасында жауапкершілікті бөлу;
– тәуекелдерді уақыт бойынша бөлу
Тәуекелдерді оқшаулау әдістерінің тобы – тәуекелді жобаларды орындайтын арнайы бөлімдер құру
Тәуекелдерден кету әдістерінің тобы
– сенімсіз серіктестерден бас тарту;
– тәуекелді жобалардан бас тарту;
– түрлі тәуекел түрлерін сақтандыру;
– кепілдемелер іздестіру
Тәуекелді қабылдау (Acceptance) – мұн-
дай әдіс кезінде тәуекел ескерілмейді, ал жо-
ғалтулар болған жағдайда оны жабуға қорлар 
қалыптастырылады. Мысалы, венчурлық жоба
-
лар [5]. 
Тәуекелдерді минимизациялау әдістерін 
жүзеге асыру белгілі бір шығындарға алып 
келеді, сондықтан әдістердің бірін таңдау 
кезінде шығындар тиімділігін бағалау қажет. 
Кері жағдайда тәуекелдерді минимизациялауға 
кеткен ақталмаған шығындар тәуекел шығын-
дарынан асып кетуі мүмкін.
Тәуекелдерді басқару процесінің стра-
тегиялық жоспарлау процесімен өзара бай
-
ланысы мыналарды қамтиды (бірақ төменде 
аталғандармен шектеле алмайды): 
– стратегиялық жоспарларды әзірлеу про-
цесі қойылған стратегиялық мақсаттарға қол 
жеткізуге әсер етуге қабілетті тәуекелдерді 
анықтау мен талдауды көздейді; 
– стратегиялық жоспарларда жоспарланған 
стратегиялық бастамаларды іске асыруымен 
байланысты негізгі тәуекелдердің ықтимал 
қолайсыз әсерін мейлінше азайтуға бағытталған 
шаралар кешені көзделуі тиіс. 
Тәуекелдерді бағалау. Тәуекелдерді сәйкес-
тендіру мен бағалау неғұрлым «әлсіз» тұстарды 
айқындау үшін базалық бөлу арқылы қазіргі 
бар тәуекелдер мен олардың мөлшері жөнінде 
жалпы көрініс беруге бағытталған. Бұл процесс 
негізгі тәуекелдерді басқарудың қолданылатын 
әдістері мен рәсімдерін бағалауға мүмкіндік 
береді. 
Тәуекелдерді іске асыру және олардың 
ықтимал ықпалын бағалау тәуекелдер туралы 
түсінікті дамытуға мүмкіндік береді, белгілі 
бір тәуекелді басқару қажеттігі туралы, сондай-
ақ оны қысқарту жөнінде неғұрлым қолайлы 
және экономикалық тиімді стратегиялар туралы 
шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттық база 
береді [4].
Тәуекелдерді іске асыру және олардың ық-
тимал ықпалын бағалау тәуекелдер туралы тү-
сінікті дамытуға мүмкіндік береді, белгілі бір 
тәуекелді басқару қажеттігі туралы, сондай-ақ 
оны қысқарту жөнінде неғұрлым қолайлы және 
экономикалық тиімді стратегиялар туралы ше-
шім қабылдау үшін қажетті ақпараттық база береді. 
Тәуекелдерді қаржыландыру (көшіру) мына
-
дай құралдарды қамтиды: 


ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №5 (117). 2016
196
Компанияның тәуекелді басқару жүйесін дамыту
– сақтандыру («таза» тәуекелдер үшін – бас-
талуы тек шығындар әкелетін және табыс алуға 
әкелуі мүмкін емес тәуекелдер); 
– хеджирлеу («спекулятивтік» тәуекелдер 
үшін – іске асуы шығындар да, табыстар да 
әкелуі мүмкін тәуекелдер); 
– келісімшарт бойынша тәуекелді көшіру 
(тәуекел үшін жауапкершілікті қосымша 
сыйақы үшін контрагентке көшіру немесе 
келісімшарттың құнын тиісінше көбейту); 
– шартты түрдегі кредиттік желі – белгілі 
бір оқиғалар басталғанда келісілген шарттармен 
банктік қаржыландыруға қол жеткізу; 
– тәуекелдерді қаржыландырудың басқа да 
балама әдістері. 
Бұл құралдардың басты ерекше белгісі – тәуе-
кел үшін «ақы» болуы, бұл, тиісінше, Қордың 
шығыстарын азайту мақсатында осы құралды 
оңтайлы қолдануды талап етеді [6].
Кәсіпорынның тиімді дамуы үшін тәуекел-
дерді басқарудың барлық қағидасы сақталған. 
Кәсіпорындағы тәуекелді басқару бойынша 
кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менеджментінің 
талаптарына сәйкес келуі, мақсатты шара-
лардың кез келген арнайы бағдарламасын 
жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік 
жағдайларында сәтті қызмет етуді қамтамасыз 
ету болып табылады. «Самрұқ-Қазына» жылжы
-
майтын мүлік қоры» АҚ тәуекелдерді басқару 
әдістерін қолдану арқылы өз шығындарын 
төмендете алады [7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет