Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш») — есептеулерді жүргізуге, ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығаруға арналған құрылғы.
Ақпарат дегеніміз не?
Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. "Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан.
Компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін атаңыз?
- Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
- Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
- Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. -
- Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
- Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
- Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
4. Ақпараттың өлшем бірліктері.
Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады.Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедия деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиялық деп аталады. Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады.Жәнеде компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит болып табылады.
5.Компьютердің негізгі және қосалқы құрылғыларын атаңыз,анықтама беріңіз.
Компьютердің негізгі құрылғыларына;монитор,жүйелік блок,пернетақта,тінтіуір.
Қосалқы құрылғылары; сканер,принтер,модем,колонка жатады.
6. Вирустың түрлері.
Вирустар 4 түрге жіктеледі:
Макровирустар,
Полиморфты,
Құрт секілді вирустар (червь),
Трояндық вирустар.
7.Вирусқа қарсы бағдарламалар.
Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирус) — компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай - ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама.Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr. Web, Касперский Антивирусы, Eset NOD32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т. б.
8.Интерфейс дегеніміз не?
Интерфейс - бұл өзара әрекеттесетін жеке жүйелер арасындағы «жалпы шекара»; жеке жүйелердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін құралдар мен ережелер жиынтығы (мысалы, адам, бағдарламалық жасақтама, аппараттық құралдар және т.б.).
9. Компьютерді медицинаның қандай салаларында қолдануға болады?
Компьютерді медицинада қолдану науқастарды тіркеуге, сырқат барысын бақылауға мүмкіндік беріп, алдын ала қарауды жүзеге асырып, нақты диагноз қоюға көмектеседі. Intenet желілері дәрігерлерді соңғы ғылыми және тәжірибелік жетістіктерден хабардар етіп, науқастарға қажетті донорлық мүшелер жөнінде хабарламалар алмасу үшін қолданылады.
10. WindowsАЖ дегеніміз не?
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа.
11. Терезе батырмалары.
Windows ортасының негізгі ұғымдарының бірі – терезе.
Терезе дегеніміз – жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.Терезе батырмаларын:, Жүйелік меню белгішесі,тақырып жолы,Жабу батырмасы,жималау батырмасы,меню жолы,құрал саймандар тақталары т.б.
12. Стандартты бағдарламалар.