Компьютерлендіру- компьютерлерді жасап шығару және оларды әлеуметтік, экономикалық және рухани өмірдің барлық саласында қолдану процесі



Дата06.01.2022
өлшемі12,92 Kb.
#12330
Байланысты:
география


Компьютерлендіру- компьютерлерді жасап шығару және оларды әлеуметтік, экономикалық және рухани өмірдің барлық саласында қолдану процесі. Компьютерлендіру өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы, басқару және телекоммуникация жүйелеріндегі, көліктегі, әскери істердегі, тұрмыстағы және т.б. процестерді толық немесе жартылай автоматтандыруға және жаңа технологиялық процестер мен материалдарды жасауға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде адамзат жинақтаған барлық ақпарларды іс жүзінде компьютерлердің есіне сақтауға және оларды экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және мәдени мақсаттарға қолдануға техникалық мүмкіндік бар. Қазіргі компьютерлендіру радиоэлектрониканьң тууына орай XX ғасырдың 40 — 50 жылдары басталды. Бүгінгі таңда ілезде бірнеше миллион амалдарды орындайтын, орасан көп нәрсені есте сақтайтын, әлденеше мәлімет толқынын бір мезгілде өңдеп, кейбір логикалық ойларды іске асыратын, кәдімгі тіркестерді окитын, күрделі бейнелерді танитын, үш өлшемдік түсті көретін жөне т.б. микрокомпьютерлер мен микропроцессорлар жасалуда. Адамның ойлауына тән бірқатар тиімді танымдық рәсімдерді (диагноз қою, талдаудың кейбір формаларын лезде бағалау, т.е.с.) іске асыратын, "жасанды адам" бағдарламасын құруға әкелетін бағдарлаудың принципті жаңа тілі жасалуда. Кәдімгі тілде және арнайы математикалық дайындықсыз адам мен компьютердің сөйлесу мүмкіндігі де іске асырылмақ. Осы мақсаттарға жету— ой еңбегін автоматтандыруды жеңілдететін қазіргі "компьютерлік төңкерістің" маңызды міндеті. Ол өндірісті жеделдетуге, басқаруды жетілдіруге, қоғамның материалдық жағдайы мен мәдени дәрежесін көтеруге және адам беделін бағалауға ықпал етеді.[

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет