Кашық кілті ақпаратты шифрлеу үшін қолданылып, k – құпиялы кілтінен ажыратылып есептеледі.
k - құпиялы кілті оның жұбы болып табылатын ашық К кілті көмегімен шифрленген ақпаратты кері шифрлеу үшін қолданылады.
Олардың бір бірінен айырмашылығы – k-құпиялы кілтін К-ашық кілтінен оңай есептеп шығуға болмайды. Сондықтан К-ашық кілті байланыс арналары арқылы еркін тасымалдана береді.
Асимметриялық жүйелерді, сондай-ақ, екі кілтті криптографиялық жүйелер немесе ашық кілтті криптожүйелер деп те атайды.
Сурет 3. Шифрлеудің асимметриялық криптожүйесінің жалпыланған тәсімі
Жөнелтілетін ақпаратты криптографиялық жабу үшін хабарламаны қабылдаушының (В) ашық және кейінгі кері шифрлеу үшін құпия кілті қолданылады. Құпия және ашық кілттер жұптап генерацияланады (қалыптастырылады). Құпия кілт оның иесінде қалуы тиіс және симметриялық алгоритмдердегі шифрлеу кілті сияқты рұқсат етілмеген қол жеткізулерден сенімді қорғалуы керек.
Ашық кілттің көшірмесі құпия кілттің иесі ақпарат алмасатын криптографиялық желінің кез келген абонентінде болуы мүмкін.
Асимметриялық криптожүйеде шифрленген ақпаратты жеткізу үдерісі былай іске асырылады:
Дайындық кезеңі:
В абонент құпиялы Кв және ашық Квкілттерін жұптап, гинерациялайды;
Ашық Кв кілті А – абонентке және басқа абоненттерге жөнелтіледі (немесе ортақ ресурстарға орналастырылады).
Қолданылуы: (А және В – абоненттері арасында ақпарат алмасу):
Абонент В өзінің Кв – құпия кілті көмегімен хабарламаны кері шифрлейді. Бұл хабарламаны ешкімде (абонент А-ны қоса есептегенде) кері шифрлей алмайды, себебі оларда абонент В-ның құпия кілті жоқ. Асимметриялық криптожүйеде ақпарат қорғау хабарламаны қабылдаушының Кв – кілтінің құпиялылығына негізделген.
Асимметриялық криптожүйелердің өзіндік ерекшеліктері: