Компьютерлік графикадан тест сұрақтары Компьютерлік графика бұл



Дата22.05.2023
өлшемі15,95 Kb.
#96168
Байланысты:
Тест на казахском языке Компьютерлік графика


Компьютерлік графикадан тест сұрақтары
1. Компьютерлік графика – бұл
А) ақпаратты өңдейтін ғылым
Б) геометриялық кескіндер қасиеттерін зерттейтін
В) сурет салу барысында компьютер ресурстарын басқаратын ғылым
С) математикалық формулаларға негізделген ғылым
Д) суреттерді өңдеу, салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын ғылым

2. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары


А) іскерлік, ғылыми, көркемдік және жарнамалық, инженерлік, web
Б) ғылыми, инженерлік, web
В) ) іскерлік, ғылыми, тұрмыстық
С көркемдік және жарнамалық, инженерлік, нүктелік
Д) тұрмыстық, инженерлік, іскерлік

3. Компьютерлік графиканың бейнелеу тәсіліне байланысты бөлінуі


А) растрлық және фракталдық
Б) үш өлшемдік және векторлық
В) растрлық, фракталдық және векторлық
С) растрлық және үш өлшемді
Д) растрлық, векторлық, фракталдық және үш өлшемді

4. Растрлық графиканың негізгі элементі


А) сызық
Б) нүкте
В) Сызық, доға, шеңбер және төртбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер
С) математикалық формула
Д) символ

5. Фракталдық графиканың базалық элементі


А) Математикалық формула
Б) Нүкте
В) Сызық
С) Кесінді
Д) Қисық

6. Векторлық кескіндер


А) сурет, иллюстрациялық кескіндер
Б) Сызық, доға, шеңбер және төртбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер
В) Доға, ұзындық, фрагменттер
С) Кесінді, қисық, канал, штамп
Д) Кескін, графика, үшінші тәртіпті қисықтар

7. Векторлық кескіндермен жұмыс жасаудағы кемшілікті көрсетіңіз


А) Кескінді жай ғана өзгерте салуға болмайтындығы
Б) Берілгендер көлемінің аздығы
В) Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыны
С) Растрлеу әдістерін қолданбау
Д) Дұрыс жауап берілмеген

8. Растрлық кескіндеудің артықшылықтарын атаңыз


А) Геометриялық кескіндерді салуға арналған
Б) Векторлық кескіндерді бейнелеуге арналған
В) Растрлық кескіндерді масштабтауға арналған
С) Растрлеу әдістерін қолдану
Д) Растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, нүктелерді, қажет болмаса ішінара алып тастауға не қоюлатуға арналған

9. Растрлық кескіндеудің кемшілігін көрсетіңіз


А) Геометриялық кескіндерді өзгерте алмайтындығы
Б) Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыны
В) Растрлық бейнелердің өңделмеуі
Г) Объектілердің растрленбеуі
Д) Барлық жауап дұрыс

10. Графикалық ақпараттың нүктелер түрінде ұсынылуын көрсетіңіз


А) Векторлық түрде
Б) Фракталды түрде
В) Растрлық түрде
С) Сызық түрде
Д) Геометриялық кескіндер түрінде

11. Растрлық графикада қолданылытын қосымша программалар


А) Corel Photo, Adоbe РhotoShop, Photo Finish
Б) Corel Draw, Adobe Illustrator, FreeHand
В) Corel Draw
С) Adobe Illustrator
Д) Corel Photo

12. Компьютерлік графика кескіндерін құру әдісінің түрлерін көрсетіңіз


А) Стохастикалық, геометриялық
Б) Векторлық, итерациялық
В) Растрлық, векторлық және фракталдық
С) Растрлеу, масштабтау
Д) Амплитудалы модуляция және жиелік модуляциясы

13. Мүмкіндік дегеніміз


А) пиксельдердің орналасу тығыздығы
Б) түстердің қанықтылығы
В) сурет өлшемі
С) ұзындық
Д) тереңдік

14. Графикалық примитивтер


А) доға
Б) полигондар (тіктөртбұрыш)
В) нүкте
С) түзу, қисық сызық
Д) барлық жауап дұрыс

15. Графикалық примитивтер қолданылатын графика түрі


А) растрлық
Б) ғылыми
В) векторлық
С) инженерлік
Д) барлық жауап дұрыс

16. Қандай бағдарламалар графикалық редакторлар деп аталады?


А) мульфильмдер құруға арналған программалар
Б) суреттерді өңдеуге арналған программалар
В) драйверлер
С) ақпаратты өңдеу, тасымалдауды жүзеге асыратын программалар
Д) сурет салу кезінде компьютерді басқаратын программалар

17. Бейнеадаптер...


А) монитордың жұмысын басқарады
Б) дисплей тереңдігі
В) жедел есте сақтау құрылғысы
С) графикалық ақпаратты интернетке орналастырады
Д) графикалық ақпаратты бейнежадына сақтайды

18. Бейнеадаптердің негізгі бөліктеріне жатпайды


А) жедел бейнежады
Б) бейнечип
В) герцтегі қайталау жиілігі
С) базалық енгізу шығару жүйесі
Д) ЦАТ

19. Монитордың ажырату қабілеті мен қайталау жиілігі тәуелді


А) бейнеадаптер мүмкіндігіне
Б) жедел есте сақтау құрылғысына
В) дюймдегі диагональ өлшеміне
С) пиксельдер санына
Д) экранның ауысу жиілігіне
20. Ахроматикалық түстерді белгілеңіз
А) ақ, қара және қызыл
Б) ақ, қара
В) ақ, қара және сұр
С) ал қызыл, сары түстер
Д) сұр, қара, көк

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет