«Компьютерлік желілер және желілік әкімшілеу» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы


Компьютерлік желілердегі адрестеу



бет38/51
Дата25.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#26399
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
СБОРНИК Ком.сети 2021-2022 год

5.2.Компьютерлік желілердегі адрестеу

Желілер адресациясы

Желілік операциялық жүйелер 

Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.

Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

- ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;

- желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;

- ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;

- ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;

- ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.

Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауға болады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық (региональный)  және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады.

 2. WINDOWS NT SERVER ортасын қондыруды үйрену

Желілік ОЖ бағдарламалық жабдығы екі негізгі компоненттен тұрады: клиенттің БЖ және сервер.

Сервер арқылы желі администраторы қолданушы мен желіні басқарады. Оның мүмкіндігі:



  • Желі қолданушы тізіміне жаңа қолданушыларды қосу;

  • Желінің жеке қолданушыларына мүмкіндіктер беру және оларды алып тастау;

  • Қолданушы тізімінен белгілі бір қолданушыларды өшіру.

3. WINDOWS NT SERVER ортасын қондыру кезінде параметрлерін анықтау және көрсетуді үйрену

WINDOWS NT SERVER – ді қондыру

Қондыру бағдарламасы – бұл желілік ОЖ қондыру жұмысын орындайтын қосымша. Қондыру кезінде ол келесі мәліметтерді сұратады:


  • Желі сегментінің атауы (мысалы, домен аты немесе жұмысшы топ атауы);

  • Сервер атауы

WINDOWS NT SERVER қондыру кезінде желілік адаптер платасын және протокол тізімінен протокол, мысалы TCP/IP протоклын таңдау қажет.

WINDOWS NT үшін TCP/IP протоколы стандартты болып келеді, оны қогдыру үшін үш параметрлер қажет:

IP – адрес – екі бөліктен тұратын: желі идентификаторы және ID хост 32-биттік логикалық адрес. TCP/IP протоколы қондырылған әрбір компьютер ерекше ІР-адрестен тұруы қажет.

Қосымша желі маскасы (subnet mask) ІР-адрестің бөлігін белгілеу үшін қолданылады.

Шлюз – ІРпакеттерді өшірілген желіге жіберу үшін қолданылады. Егер ол көрсетілмесе, онда жергілікті желімен байланысы шектеулі болаып табылады.

Виртуализация — локальді ресурстарды орындаушы қосымшалардың локальді орындалуын қамтамасыз ететін жұмысшы орта. Виртуализациялаушы қосымша оның жұмысы және жіберілуі үшін қажетті файлдар және басқа компоненттерді, реестрдың кілттерін қосатын виртуальды айналада жіберіледі.

Виртуалды машина ұғымы бірнеше ондаған жылдар бұрын, 60-жылдардың соңында пайда болды, бірақ виртуалды машиналар үлкен ЭЕМ-да ғана қолданылды, ал қазіргі уақытта олар екінші рет дүниеге келу кезеңінен өтіп жатыр деуге болады. Виртуальды машина — жалпы жағдайда бұл кейбір кодты орындаушы бағдарламалық және аппаратты орта;басқа есептеуіш ортада (бағдарламалық қамсыздандыру көмегімен) формаланатын жұмыс ережелері және ресурстар жиынтығы.

Виртуальды машиналарды қолданудың артықшылықтары: аппаратты қамсыздандыруға экономия; ескірген ОЖ мен ДЖ қолдау табуы; қауіпсіздіктің жоғарылауы; қажетті аппаратты конфигурациялардың құрылуы; қажетті құрылғылардың эмуляциясы; бір компьютерде виртуальды желілердің құрылуы; операциялық жүйелермен жұмысты оқып үйрену; мобильділіктің жоғарылауы; «қосымшалар пакетнің» ұйымдастырылуы; виртуальды машиналармен ыңғайлы басқару.



Виртуальды машиналар типтері.

  • Виртуальды машина — гипервизор. Виртуальды машиналар мониторы немесе гипервизоры деп аталатын аралық бағдарламалық деңгей ОЖ мен аппаратты қамсыздандырудың арасына орналасады. Бұл типке Xen, VMWare GSX Server деген виртуальды машиналар жатады.

  • Хостілік виртуальды машиналар. Виртуальды машиналар қосымшасы осы ОЖ – де жұмыс істейтін ОЖ және қосымша деп аталатын аралық бағдарламалық деңгейге бөлінеді. Мұндай виртуальды машиналарға VMWare WorkStation, VirtualBox, MS Virtual PC, Qemu жатады.

  • Қосымшалар деңгейіндегі виртуальды машиналар. Операциялық жүйелердің әдеттегі қосымшалары ретінде жұмыс істейді.Мұнда JAVA-машинасы кең түрде қолданылады.

  • Параллельді виртуальды машина. Компьютерлер желілерін параллельді процессорлармен бір компьютер ретінде көрсетуге қабілетті арнайы өңделген виртуальды машина.

Ереже бойынша, виртуалды машиналарды айтқан кезде – тек біреуін ғана айтады Java немесе VMWare. Ал қалғандары назардан тыс қалып қалады. Қазіргі кезде кең таралған виртуалды машиналар: Java Virtual Machine, VMWare Workstation, Microsoft VirtualPC, Xen, Qemu, DOSBox,PARALLELS workstation.

Кесте 1.Виртуалды машиналардың кейбір қосымшаларының қысқаша сипаттамасы

Виртуалды машинаны құрудың алгоритмі:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет