2.1.3. IP-адресіндегі белгілік адрестердің суреттелуі:DNS қызметі
DNS (Domain Name System) – бұл Internet желісіндегі түйнектерді идентификациялау үшін иерархиялық жүйені қолдайтын бөлінген мәліметтер базасы. DNS қызметі ІР – адресін түйнектің белгілі белгілік атауы бойынша автоматты іздеу үшін арналған. DNS спецификациясы RFC 1034 және 1035. стандарттарымен анықталады. DNS өзінің ІР адресіндегі компьютерлердің атауларын көрсететін өзінің сұлбаларының статистикалық конфигурацияларын талап етеді.
DNS хаттамасы қолданбалы деңгейдің қызметтік хаттамасы болып келеді. Бұл хаттама симметриялық емес – онда DNS серверлері және DNS клиенттері анықталады. DNS серверлері белгілік атаулар және ІР адрестерінің сәйкестігі туралы мәліметтер базасының бөлінген бөлігін сақтайды. Бұл мәліметтер базасы Internet желісінің әкімшілік домендері бойынша бөлінген. DNS серверінің клиенттері өзінің әкімшіілк домені DNS серверінің ІР адресін біледі және ІР хаттамасы бойынша тапсырыс береді, онда белгілі белгілік атауларды хабарлап, және оған сәйкес ІР адресін қайтаруды сұрайды.
Егер сұралған сәйкестік туралы мәліметтер берілген DNS сервер базасында сақталса, онда ол дереу клиентке жауап жібереді, егер жоқ болса, онда ол басқа доменнің DNS серверіне тапсырыс жібереді. Ол өзі тапсырысты өңдейді немесе оны басқа DNS серверге бере алады. Барлық DNS серверлер иерархиялық түрде қосылған, Internet желісінің домендер иерархиясына сәйкес. Клиент осы серверлер атауын керекті суреттеулерді тапппайынша сұрауын тоқтатпайды. Бұл үрдіс атау серверлерінің тапсырыстың ұсынған ақпараттарын кэшерлеу арқылы жылдамдатылады. Клиенттік компьютерлер өзінің жұмыстарының сенімділігін жоғарылату үшін ІР адрестерінің бірнеше DNS серверлерін пайдалана алады.
DNS мәліметтер базасының құрылымы ағаш сияқты, онда әрбір доменнің (ағаш түйнегі) өзінің атауы және доменшелері болады, оны домендік атаулар кеңістігі деп атайды. Доменнің атауы оның осы мәліметтер базасында ата – аналық доменге қатыстының жағдайынт иденфикациялайды, және атаулардағы нүктелер доменнің түйнектеріне сай келетін бөліктерді бөледі.
DNS мәліметтер базасының түбірі Internet Network Information Center орталығымен басқарылады. Жоғары деңгейдің домендері әрбір ел үшін, сонымен қатар ұйымдастырушылық негізде тағайындалады. Бұл домендердің атаулары ISO 3166 халықаралық стандартты ұстану керек. Елдерді белгілеу үшін үшәріптік және екіәріптік аббревиатуралар пайдаланылады, ал әртүрлі ұйымдар үшін келесі аббревиатуралар пайдаланылады:
com – коммерциялық ұйымдар (мысалы, microsoft.com);
edu – білім беру (мысалы, mit.edu);
gov – үкімет ұйымдары (мысалы, nsf.gov);
org – коммерциялық емес ұйымдар (мысалы, fidonet.org);
net – желілерді қолдайтын ұйымдар (например, nsf.net).
Әрбір DNS домендер жеке ұйыммен әкімшілік етіледі, олар әдетте өздерінің домендерін доменшелерге бөледі және бұл доменшелерді әкімшілік ету қызметін басқа ұйымдарға береді. Әрбір доменнің өзіндік ерекше атауы болады, ал әрбір доменшелер өздерінің домендерінің ішінде ерекше аталады. Доменнің атауы 63 белгіге дейін жетуі мүмкін. Internet желісіндегі әрбір хост өзінің толық домендік атауымен анықталады, (fully qualified domain name, FQDN), онда барлық домендердің атауы хостан түбірге дейінгі бағыт бойынша енеді. DNS – атауының толық үлгісі: