Бір орталықтан басқарылатын жергілікті компьютер желісінен (шиналық топология) :
әрбір компьютердің (жұмыс станцияларының) тек сервер арқылы ортақ принтерді пайдаланып, ортақ дискідегі мәліметтерге қол жеткізіп, басқа желілермен байланыса алатынын көреміз.
Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері Желі құрамындағы негізгі элементтер:
Компьютерлер:(ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер).
Коммуникациялық жабдықтар:(коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары).
Желі қосымшалары:(желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы).
Желінің программалық-аппараттық құралдарын бірнеше сатыға бөлінген модельмен беруге болады, олар: А) Компьютердегі стандартты аппараттық жабдықтамалар – желі тұтынушысының шеткі жүйесі болып табылатын компьютер немесе терминалдық құрылғы (кез келген мәлімет енгізу-шығару немесе информация бейнелеу құрылғысы). Олар хост-машина-мен байланысады. Хост-машина деп желі тораптарында (түйіндерінде) орналасатын негізгі компьютерлерді айтады. Ә) Коммуникациялықжабдықтар. Желідегі мәлімет өңдейтін негізгі элемент компьютер мен оның программалары болғанмен, соңғы кездерде коммуникациялық құрылғылар да компьютер тәрізді маңызды рөл атқара бастады.
Оларға модемдер, кабель жүйелері, көпірлер (мосты), коммутаторлар, маршрутизаторлар, модульдік концентраторлар, т.б. жатады. Қазіргі кезде коммуникациялық құрылғылар арнайы күрделі мультипроцессор түрінде де кездеседі, сондықтан оларға конфигурациялау, оптимиза-циялау және администрациялау істерін жүргізу керек.
Б) Желінің программалық жабдықтамалары - бұлар операциялықжүйелер немесе системалар (ОС). Жергілікті немесе аймақтық желі ресурстарын басқару негізіне алынған ОС типіне қарай жалпы желінің жұмыс тиімділігі де өзгеріске ұшырайды Желіні жобалау кезінде таңдап алынған ОС-тің басқа ОС-термен қалай дұрыс байланыса алатындығы, оның мәліметтерді сақтау, қорғау мүмкіндігі, қай деңгейге дейін тұтынушылар санын көбейте алатындығы, ОС-тің басқа компьютерге жеңіл көшірілетіні және т.б. қасиеттері есепке алынады.