2. Желілік топологиялар.
Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.
Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.
Сақиналық желі – барлық ақпарат жабық орта бойымен таратылады. Әр абонент көрші екі компьютермен еріксіз байланыста болады, ал негізінде желідегі кез-келген абонентпен байланысуға мүмкіндігі бар (1-сурет).
1-сурет. Локальды желінің сақиналық типтегі байланысы.
Жұлдызша тәріздес (радиальды) желі – нақ ортада абонентпен және олардың өзара байланысын қамтамасыз ететін орталық компьютер орналасады (2-сурет).
2-сурет. Локальды желінің жұлдызша типтегі байланысы.
Шиналық конфигурацияда барлық компьютерлер ақпарат алуды қамтамасыз ететін орталық каналмен (шинамен) байланысқан (3-сурет).
3-сурет. Локальды желінің шиналық типтегі байланысы.
Ағаш бұтақтары тәріздес желіде – «бас компьютерге» бағынышты бірнеше компьютерлер болады (4-сурет).
БҰТАҚ - ағаш діңінің, өсімдік сабағының және тамырының тармағы.
4-сурет. Локальды желінің ағаш бұтақтары тәріздес байланысы.
Әр түрлі хаттамалармен байланысқан компьютерлік желілер үшін арнайы құрылғы – шлюздер қолданылады. Олар аппараттық (шлюздік сервер) және программалық (шлюздік қосымша) болып бөлінеді.
Желілік қорғаныс үшін локалды және бүкіләлемдік желілер мәліметтерді рұқсатсыз көшірмеу мақсатында арнайы компьютер немесе брандмауэр деп аталатын программа орнатылады.
Бүкіл әлемдік желі (Wide Area NetWorks, WAN) – бұл әр түрлі географиялық аймақтағы байланыстарды біріктіретін желі. Ең танымал бүкіләлемдік желі - Internet.
Бақылау сұрақтары:
Компьютерлік желі дегеніміз не?
Локальді желі дегеніміз не?
Интерфейс дегеніміз не?
Хаттама дегеніміз не?
Желі топологиясы дегеніміз не?
Желі топологиясы қаншаға бөлінеді?
Олардың бір-бірінен айырмашылықтарын атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |