Компьютерлік желілердің түрлері



бет1/5
Дата25.11.2023
өлшемі27,94 Kb.
#128027
түріПрограмма
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Конспект Компьютерлік желілердің түрлері


Компьютерлік желілердің түрлері
Қазіргі уақытта компьютерді қолданудың ең маңызды аясы көптеген қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін желілерді құру болып табылады.
Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді, принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану болып табылады.
Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы. 
Компьютерлік желілер – деп әртүрлі қорларды мысалы программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.
Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыса, онда оныжергілікті желі деп атайды.
Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпоративтік деп. Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға таралған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтік те, жалпы да бола алады.
Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктірілді.
Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалық деп екіге бөлінеді.
Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді.
Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жазылғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады.
Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады.
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет