Комплексті қосылыстар жұмыстың мақсаты



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі41,97 Kb.
#14036
1   2   3   4   5

Координациялық сан


Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Координациялық сан – кристалдық тордағы әрбір атомның (ионның) айналасында бірдей қашықтықта орналасқан ең жақын атомдардың (иондардың) саны. Кристалдық тордағы металдар үшін Координациялық сан 8 және 12, ал кешенді қосылыстардағы Координациялық сан 1-ден 12-ге дейін болады. Егер іргелес орналасқан атомдардың (иондардың) арасын өзара түзумен қосса, онда координациялық көпжақ деп аталатын фигура шығады. Мысалы, хлорлы натрийдің кристалдық торында натрийдің әрбір ионын [[октаэдр/октаэдрдыңъъ бұрыштарында орналасқан хлордың 6 ионы қоршап тұрады. Осы иондар саны натрийдің немесе хлордың Координациялық саны деп аталады. Анион мен катион радиустарының айырмашылығы азайған сайын Координациялық сан артады. Керісінше, иондардың радиустарының айырмасы артқан сайын Координациялық сан азаяды. 2-ге тең Координациялық сан бір валентті күміс, алтын, мыс, т.б. кешенді қосылыстарда кездеседі. Мысалы, [CuCl2]–, [Ag(NH3)2]+, [AgCl2]–. Мұндай кешендерде орталық атом мен екі лиганд бір түзудің бойына орналасады, демек құрылысы түзу сызықты болады. Координациялық саны 3 болатын қосылыстар сирек кездеседі. Олардың құрылысы тең қабырғалы үшбұрыш болады. Кешен түзушінің Координациялық саны 4 болғанда кешенді ионның құрылысы тетраэдр немесе квадратты болып келеді. Координациялық саны 5-ке тең кешендер онша көп емес. Мұндай кешендердің құрылысы үшбұрышты бипирамида немесе квадратты пирамида пішінді болады. Ең жиі кездесетін Координациялық сан– 6. Мұндай кешендердің құрылысы октаэдр пішінді. Алтыдан үлкен Координациялық сан сирек кездеседі. Ондай кешендерді 5-және 6-периодтағы d-металдар, лантаноидтар мен актиноидтар түзеді.
Коваленттік не иондық байланыс арқылы атомдардан молекулалық қосылыс түзілсе, олар бірінші ретті деп аталады. Бірінші ретті қосылыстардың электронейтрал молекулаларының өзара әрекеттесуінен түзілген көптеген қосылыстар болады. Оларды жоғары ретті молекулалар немесе комплексті қосылыстар деп атайды: NH3 + HCl → NH3•HCl → NH4Cl

Комплекс қосылыстағы химиялық байланыстың түзілу механизмін қарастырып, комплекс қосылысқа анықтама беруге болады. Мысалы: NH4Cl молекуласы қалай түзіледі

Барлық комплекс қосылыстарда донорлы-акцепторлы (д.-а.) байланыс болады. Комплексті қосылыстар дегеніміз донорлы-акцепторлы байланыс арқылы түзілетін жоғарғы ретті қосылыстар.

Комплексті қосылыстарда:

1.Комплекс түзуші, олар көбінесе оң зарядталған металл иондары болады, көбінесе d-элементтері жатады.

2.Комплекс түзушінің маңайында лигандтар орналасады, олар теріс зарядталған аниондар немесе электронейтрал молекулалар.

3.Лигандтар саны координациялық сан деп аталады.

4.Комплекс түзуші мен лигандтар комплексті қосылыстарының ішкі сферасын түзеді, ол квадрат жақшаға алынады.

5.Ішкі сфераға кірмеген иондар сыртқы сфераны құрайды.

2. Катионды комплексті қосылысты атағанда, алдымен катионның, одан соң анионның атын атайды. Ішкі сферада лигандалар түрінде электронейтрал молекулалар болса, олардың аттарын өзгеріссіз атайды. Мысалы: С6Н6– бензол, С2Н4– этилен, N2Н4– гидразин, Н2О- аква, NН3-аммин.

Саны бірнешеу болса, олардың санын грек тілінде көрсетеді: 2-ди, 3-три, 4-тетра, 5-пента,

6-гекса,7-гепта, 8-окта. Ішкі сфераға кіретін анион- лигандтарының аттарын атау үшін олардың әрқайсысының аттарына «О» жұрнағы қосылып айтылады. Мысалы, бромо-Br, О2—оксо,

N3—нитридо, ОНгидроксо, СNциано, СО32—карбонато, РО43—фосфато, S2O32--тиосульфато,

С2О42- оксалато т.б.

Осыдан кейін комплекс түзушінің атын ілік септігінде атап, оның атынан кейін рим сандарымен жақша ішінде комплекс түзушінің зарядын көрсетеді. Ең соңында сыртқы сфераның анионның атына «ы» деген жалғау қосып айтылады.

[Ag(NH3)2]Cl- диаммин күміс (І) хлориді;

[Cu(H2O)4]SO4∙H2O- тетрааква мыс (ІІ) сульфат гидраты;

[Pt(H2O)(NH3)2OH]NO3– гидроксодиамминаква платина (ІҮ) нитраты;

[Ru(SO2)(NH3)4Cl]Cl- хлоротетраммин күкірт диоксид рутений (ІІ) хлориді.

Құрамында комплексті анионы болатын қосылысты былай атайды: алдымен сыртқы сферасының катионының атын ілік септікте айтады. Бұдан соң жоғарғы айтылған ретімен лигандтардың атын атайды. Комплекс түзушінің латын атына «аты» деген жұрнақ қосады.

K[Ag(CN)2]- калий дицианоаргентаты (ІІ);

Na3[Co(NO2)6]- натрий гексанитрокобальтаты (ІІ);

K3[Ni(NO)2(S2O3)2]- калий дитиосульфатодинитрозилникеляты (ІІ).

Сыртқы сферасы жоқ нейтрал комплекстерінің аттарын атау үшін алдымен лигандтардың аты, онан кейін атау септігіндегі комплекс түзушінің қазақша аты келтіріледі де, оның тотығу дәрежесі көрсетілмейді.



[Co(NH3)3Cl]- трихлоротриаммин кобальт;

[Ru(H2O)(NH3)4SO3]- сульфиттетраамминаква рутений.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет