Комплексті қосылыстар


-тәжірибе. Комплексті косылыстардың түзілуі және бүлінуі



бет3/3
Дата02.04.2023
өлшемі20,93 Kb.
#78545
1   2   3
Байланысты:
7-зертхана

4-тәжірибе. Комплексті косылыстардың түзілуі және бүлінуі
Цилиндрлі сынауыққа СаСI2*6Н20 тұзының бірнеше кристалдарын салып, сақтықпен қыздырыңыздар. Түсінің өзгерісін байқаңыздар. Түсінің өзгеруі мынадай процестермен түсіндіріледі: [Со(Н20)6]2- - комплекс ионы алқызыл түсті;
[СоСI4]2- - комплекс ионы көк түсті.
Сынауықты салқындатып, бірнеше тамшы су қосыңыздар. Қандай заттар түзіледі? Реакция теңдеуін жазыныздар.
5- тәжірибе. Гидроксотүздардын түзілуі
Конус тәрізді сынауықтарға 2-3 тамшыдан мынадай тұздардың ерітінділерін тамызыңдар: 1 сынауыққа - АІ+3; 2-сынауыққа - Zn2+; 3-сынауыққа – Сr 3+. Иондар түздары ерітінділеріне 2-3 тамшыдан сілті ерітіндісін қосыңыздар. Түзілген тұнбаларды сілті ерітіндісінің артық мөлшерінде ерітініздер. Сонда құрамында: [АI(ОН)42O)2]-, [Zn(ОН)4]2-, [Сr(ОН)6]3- иондары бар комплексті гидроксо тұздар түзіледі. Реакция теңдеулерін иондық түрде жазыңыздар.
6- тәжірибе. Чугаев реакциясы
1-2 тамшы никель сульфатының ерітіндісіне осындай мөлшерде диметилглиоксим және сұйылтылған аммиак ерітіндісімен әсер етіңіздер. Никельдің диметилглиоксимат комплексті тұзының тұнба түрінде түсуін бақылап, түзілген тұнбаның түсін анықтаңыздар.
7-тәжірибе. Гидратты изомерия
Конус тәрізді сынауыққа СаСІ2*6Н20 тұзының бірнеше кристалдарын салып, ерітіңіздер. Ерітіндінің түсіне зер салыңыздар. Осы сынауықты сулы моншада түсі өзгергенше қыздырыныздар. Түсінің өзгеру себебін түсіндіріңіздер. Хром (III) хлориді кристаллогидратының күлгін және жасыл түсті модификацияларының координациялық формулаларын жазыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет